Алғашқы нұсқама беруді жұмыс орнында ӛндіріс шебері немесе басқа жауапты адам әрбір жұмысқа қабылданған адаммен жеке ӛткізеді. Сонымен бірге олар Еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің (СБЖЖ) талаптарын ескере отырып, белгілі бір мамандықтар мен жұмыс түрлеріне арнап əзірленген еңбекті қорғау туралы нұсқамаларға сəйкес қауіпсіз еңбек əдістері мен тəсілдерін іс жүзінде көрсетеді.
Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқамада мыналар таныстырылады:
■ осы телімдегі технологиялық үрдіс, жабдықтардың, көмекші құралдардың, қоршаулар мен қорғау құрылғыларының конструкциялары;
■ жұмысқа дайындық тəртібі (жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін, іске қосу құрылғыларының, жерге тұйықтау құрылғыларының, аспаптар мен құралдардың ақаусыздығын
тексеру);
■ жұмыс орнын тиісті дəрежеде ұстау талаптары;
■ жеке немесе басқа жұмысшылармен бірлескен жұмыс жасаудың негізгі қауіпсіздік ережелері.
Кəсіптік даярлықтан өткен əрбір жұмыскер жұмыс орнында алғашқы нұсқама алғаннан кейін қауіпсіз жұмыс əдістерін меңгеру үшін 2-5 ауысымға бригадир-тəлімгерге немесе басқа да тəжірибелі жұмыскерге олардың басшылығымен жұмыстарды орындау үшін бекітіледі. Осыдан кейін, осы телімнің басшысы жұмысқа қабылданған еңбеккердің қауіпсіз жұмыс əдістерін меңгергеніне көз жеткізіп, оның өз жұмысын дербес орындауға кірісуін ресімдейді. Жұмысқа рұқсат қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаманың бақылау парағына жазылады, оны кадрлар бөлімі береді жəне оны жұмысқа қабылдауды ресімдеу жəне бір бөлімнен екіншісіне ауыстыру кезінде толтырылады.
Автомобиль көлігіндегі еңбек жағдайларының арнайы ерекшеліктерін ескере отырып, кəсіпорын басшысы əрбір жұмыскер үшін жеке оқыту картасын енгізе алады, онда кіріспе жəне басқа да нұсқамалар, оқыту жəне білім тексеру нəтижелері көрсетіледі. Жеке карта жұмыскердің жеке ісінде кадрлар бөлімінде сақталады.
Жұмысы жылжымалы құрам мен жабдықтарға қызмет көрсету, сынау, реттеу, жөндеумен, құралдарды, шикізат пен материалдарды пайдалануға қатысы жоқ адамдар үшін алғашқы нұсқама беру жүргізілмейді.
Жұмыс аймағындағы метеорологиялық жағдайлар жəне өндірістік жайлардағы микроклимат ауа температурасымен жəне ауа қозғалысының жылдамдығымен, салыстырмалы ылғалдылық жəне атмосфералық қысыммен анықталады.
Адам ағзасындағы физиологиялық үрдістердің қалыпты дамуы үшін оның денесі шығаратын жылу қоршаған ортаға түсірілуі керек. Салқындату қабілеті адам ағзасының шығаратын жылуына сəйкес келетін орта жайлы болып табылады. Ыңғайлы ортада адамда жылуды сезінуге қатысты тоңу немесе ыстықтау сияқты мазасыздық болмайды. Адам ағзасының қоршаған ортамен жылу алмасуы ауа температурасына жəне қозғалыс жылдамдығына байланысты.
Жайлардағы ауа температурасы айналадағы жабдық пен техника шығаратын жылу шамасымен анықталады. Автомобиль көлігі кəсіпорындарында жылу көздері ұста көріктері, термикалық жəне құрыштыру ванналары, жылытылған металдар жəне тағы басқалар болып табылады. Жайдың 1 м3 үшін жылу мөлшері килокалория (ккал / сағ) арқылы көрсетіледі.
Жылу бөлінуіне қарай, цех суық жəне ыстық болып бөлінеді. Суық цехтарға бөлінетін жылу мөлшері 20 ккал / (сағ м3 ) аспайтындар, ыстыққа 20 ккал / (сағ. М3) артық жылу бөлінетін цехтар жатады.
Жоғары температура адамның тіршілігіне жағымсыз əсер етеді, бұл жүректамыр жəне жүйке жүйесінің, ас қорыту органдарының жəне т.б. қалыпты жұмыс істеуін бұзады; ол назар салу қабілетін əлсіретеді жəне төмендетеді, бұл өз кезегінде кəсіби жарақатқа əкелуі мүмкін.
Жұмыскерлер ағзасының тоңуы қысқы мерзімде жəне өтпелі кезеңдерде кəсіпорын аумағында жайлардан тыс жерде техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстары жүргізілген уақытта орын алуы мүмкін. Ауа ылғалдылығы мен қозғалысы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тоңу тез болады. Ағзаның тоңуының негізгі белгілері (симптомдары) - суықты сезіну, терінің сұрлануы, жүрек соғысының баяулауы жəне тыныс алудың жылдамдығы, қан қысымының жоғарылауы
Өндірістік орындарда ауа температурасы термометрлермен өлшенеді. Динамикадағы температура өзгерістерін жазу үшін термографтар пайдаланылады.Термографтың жұмыс элементі жылуылық кеңею коэффициенті əр түрлі дəнекерленген биметалды пластиналар болып табылады. Пластиналардың бір шеті қозғалмайтын күйде бекітілген, екіншісі - иінтіректер жүйесі арқылы жазу құрылғысымен қосылған.
Достарыңызбен бөлісу: |