4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ



бет3/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
Еңбекті қорғау қызметінің жұмыскерлеріне келесі функционалдық міндеттер жүктеледі:
■ жұмыс орындарында зиянды жəне қауіпті өндірістік факторларды анықтау;
■ өндірістік жарақаттанушылық жəне кəсіби аурушаңдықтың жағдайы мен себептеріне талдау жүргізу;
■ тиісті бөлімшелердің өкілдерімен бірге жəне кəсіподақ немесе еңбек ұжымдарымен еңбекті қорғау бойынша өкілетті (сенімді) тұлғалардың қатысуымен еңбекті қорғау, желдеткіш жүйелердің, санитарлық-техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық ғимараттардың жұмысының тиімділігі, жұмысшылардың ұжымдық жəне жеке қорғау құралдары бойынша ғимараттар, құрылғылар, жабдықтар, машиналар мен механизмдердің олардың нормативтік актілерге сəйкестігіне тексерулер, зерттеулер жүргізу (немесе тексерулер,
зерттеулерде қатысу);
■ ұйымдардағы кəсіпорынның бөлімшелеріне көмек көрсету жəне зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерінің өлшемін, еңбекті қорғау талаптарына сəйкестікке жұмыс орындары мен өндірістік құрылғыларды аттестаттау жəне сертификаттауды жүргізу;
■ жұмыскерлер алдын-ала (жұмысқа кіру барысында) жəне кезеңімен (еңбек қызметі ішінде) міндетті медициналық қараудан өтуге тиісті болатын мамандықтар мен лауазымдардың тізімін жасауда кəсіпорынның бөлімшелерінің басшыларына көмек көрсету, қолданыстағы заңнама негізінде мамандықтар мен лауазымдардың тізіміне сəйкес жұмыскерлерге еңбектің ауыр, зиянды жəне қауіпті жағдайларына өтемақылар мен жеңілдіктерді ұсынылады;
■ еңбекті қорғау, кəсіпорынның стандарттары, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі бойынша нұсқауларды əзірлеу жəне қайта қарау барысында кəсіпорынның бөлімшелердің
басшыларына əдістемелік көмек көрсету;
■ жұмыс беруші тұлғадан жұмысшыларды жұмыс орнындағы еңбек шарттарының жағдайы, кəсіби аурушаңдықтың болу себептері мен мүмкін мерзімдері, сонымен бірге зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардан қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттандыру;
■ өндірістегі жазатайым оқиға немесе кəсіби аурушаңдық нəтижесінде жұмысшылардың денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге құжаттарды əзірлеуге қатысу;
■ ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөлімін немесе кəсіпорынның еңбекті қорғау туралы келісімін құруға қатысу;
■ өндірістік тағайындалған нысандарды пайдалануға қабылдау бойынша комиссияның жұмысына, сонымен бірге еңбекті қорғау бойынша нормативтік құқықтық актілердің таалаптарын сақтау бөлігінде жөндеуден құрылғылар, агрегаттар, білдектер жəне басқа да құрылғыларды қабылдау бойынша комиссия жұмысына қатысу;
■ кəсіпорын жұмысшыларынан еңбекті қорғау туралы білімін тексеру бойынша комиссия жұмысына қатысу;
■ бөлімшелердің жəне кəсіпорынның тиісті қызметкерлерінің басшыларының қатысуы барысында еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар əзірленуге тиіс мамандықтар мен жұмыс түрлерінің тізімін жасау;
■ белгіленген формаларға жəне тиісті мерзімдерде еңбекті қорғау бойынша есеп жасау;
■ кəсіпорында əзірленетін құжаттарды еңбекті қорғау бойынша талаптардың сақталуы тұрғысынан келісу;
■ жұмыскерлерге арналған еңбекті қорғау бойынша нұқсаулықтар жобаларын; жұмыс орнында кіріспе нұсқамалықтан, жұмыс орнындағы бастапқы нұсқаулықтардан босатылған жұмыскерлердің мамандықтары мен лауазымдарының тізімін; жұмыс орнындағы бастапқы
нұсқаулықтарды келісу;
■ кəсіпорынның бөлімшелерін еңбекті қорғау бойынша ережелермен, нормалармен, плакаттармен жəне басқа да көрнекті құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оларға тиісті стендерді жабдықтауда əдістемелік көмек көрсету;
■ нормативтік жəне құқықтық актілермен белгіленген мерзімдерге сəйкес құжаттарды (Н-1 актілері жəне өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеу бойынша басқа да құжаттарды, зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерінің өлшем хаттамалары, жұмыс орындарын аттестаттау жəне сертификаттау жəне т.б.) сақтауды ұйымдастыру.
Еңбекті қорғау қызметі жұмысшыларына келесіні бақылауды іске асыру жүктеледі:
■ еңбекті қорғау бойынша заңнамалық жəне басқа да нормативтік актілер талаптарының сақталуына;
■ жеке қорғау құралдарын дұрыс пайдалану;
■ өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеу жəне есепке алу туралы ереженің сақталуы;
■ жазатайым оқиға туындаған себептерді жою бойынша еңбекті қорғау бойынша ұжымдық шарт немесе келісімнің «Еңбекті қорғау» бөлімінің шараларын, мемлекеттік қадағалау жəне бақылау органдарының ұйғарымдарын, салауатты жəне қауіпсіз еңбек шарттарын құру бойынша басқа да шараларды орындау;
■ еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар əзірленуі тиіс мамандықтар жəне жұмыс түрлеріне сəйкес бөлімшелерде жұмыскерлерге арналған еңбекті қорғау бойынша нұсқаулардың болуы жəне дер кезінде оларды қайта қарау;
■ зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардың көрсеткіштерін өлшеу кестелерін сақтау;
■ тиісті қызметтер арқылы жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді қажетті техникалық куəландырулардың
уақытылы өткізу;
■ еңбекті қорғау бойынша оқытуды уақытылы жəне сапалы жүргізілуі, білімін жəне нұсқамалықтардың барлық түрлерін тексеру;
■ кəсіпорынның бөлімшелерінде еңбекті қорғау бойынша шараларды орындауға бөлінген қаражаттарды дұрыс шығындау.
Еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлері еңбекті қорғау бойынша кабинет жұмысына басшылықты іске асырады.
Еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлері еңбекті қорғау мəселелерін шешуде тиісті өкілеттіктері жəне келесі құқықтары бар:
■ тəуліктің кез келген уақытында кəсіпорынның өндірістік, қызметтік, тұрмыстық бөлмелерін кедергісіз қарауға жəне еңбекті қорғау мəселелері бойынша құжаттармен танысуға;
■ кəсіпорынның бөлімшелерінде еңбекті қорғау жəне шарттарының жағдайын тексеру, лауазымды тұлғаларға жəне басқа да жауапты жұмысшыларға орындалуы міндетті еңбекті қорғау бойынша заңнамалық жəне басқа да нормативтік құқықтық актілерді жою туралы ұйғарымдарды ұсыну;
■ еңбекті қорғау бойынша заңнамалық жəне басқа да нормативтік жəне құқықтық актілердің бұзылуы анықталған жағдайда цехтарда (учаскелерде), жұмыс орындарында жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жəне апаттарға алып келуі мүмкін машиналар, жабдықтар мен жұмыстардың жүргізілуіне тыйым салу; жұмыс берушіге бұл туралы хабарлама беру;
■ кəсіпорын бөлімшелерінің басшыларынан еңбекті қорғау бойынша материалдарды сұрау жəне алу, еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерді бұзуға жол берген тұлғалардан жазбаша түсініктемелер талап ету;
■ кəсіпорын бөлімшелерінің басшыларынан еңбекті қорғау бойынша белгіленген тəртіп бойынша нұсқамалықтан, еңбекті қорғау бойынша оқыту жəне білімін тексеруден өтпеген немесе еңбекті қорғау бойынша ережелерді, нормаларды жəне нұсқамалықты өрескел бұзатын тұлғаларды жұмыстан шеттетуді талап ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет