4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет14/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


  1. Жұмыс уақыты дегеніміз не? Оның ұзақтығы қандай?

  2. Жұмыс күнінің қысқартылған ұзақтығы қандай жұмыскерлерге белгіленген?

  3. Қалыпты емес жұмыс күні дегеніміз не жəне ол кімдерге белгіленеді?

  4. Жұмыс ауысымы барысында жұмыскерлерге қандай үзілістер берілуі қажет?

  5. Апта сайынғы үзіліссіз демалыс берудің қандай ережесі бар?

  6. Жұмыскерлерге жыл сайынғы демалыс берудің қандай ережесі бар?

  7. Автомобиль көлігі жұмыскерлерінің жұмыс жағдайы мен режимінің ерекшеліктері неде?

  8. Жүргізушінің жұмыс уақытын құрайтын жəйттерді атап өтіңіз.

  9. Жүк көлігінде жүргізушінің жұмыс уақытын есептеудің қандай ерекшеліктері қарастырылған?

  10. Жүргізушілердің демалыс уақытын ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?

4-бӛлім


ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМҒА
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӚРСЕТУ
ЖӘНЕ ОНЫ ЖӚНДЕУ БАРЫСЫНДА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Қауіпсіздік техникасы дегеніміз жұмыс атқарушыларға əсер ететін қауіпті өндірістік факторлардың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық жəне техникалық іс-шаралардың жəне амалдардың жүйесін білдіреді.
Қауіпсіздік техникасының негізгі мақсаты жазатайым жағдайлардыңтікелей немесе жанама түрде туындауынаəкелетін өндірістік факторларды зерттеу жолдары арқылыоларды болдырмау шараларын жасау, сондай-ақ жазатайым жағдайлардың ары қарай да туындауының алдын алатын ұйымдастырушылық жəне техникалық шешімдерді табу.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу үшін көптеген əдістер жəне амалдар қолданылады:
■ белсенді қорғану құралдары, олар жұмыс атқарушылардың үйрену, зейін қою жəне тəртіп деңгейіне тəуелсіз түрде құрал жабдықтардың қауіпті жерлерімен түйісуді толық жəне толық емес түрде тоқтатады;
■ енжар қорғану құралдары қауіпсіздік шараларын сақтау үшін дабыл беріп тұрады немесе қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады;
■ жеке қорғану құралдары; ■ ескертуші техникалық құралдар жүйесі.
Белсенді қорғану құралдарына кедергі қоршау қою, алдын-ала қорғаушы, қашықтатушы, блок қоюшы құралдар, жерге қосу қорғанысы жəне өшіру, өндірісті автоматтандыру сияқты амалдар кіреді.
Кедергі қоюдегеніміз құрал-жабдықтармен арада болатын қауіпті, технологиялық тұрғыдан қарастырылмаған түйісулерге мүмкіндік бермейтін жəне жұмыс істеушілерді құлаудан, соққылардан, аяқ-қолдарын ілініп қалудан, кесуден жəне т. б. сақтайтын бөгеуші құралдар.
Кедергі қоршаулар машиналардың, станоктардың, механизмдердің қозғалыстағы бөліктеріне жəне сынақ орындарына (стендтер), өңделетін материалдардағы жəне жұмыс құралдарындағы бөлшектердің бөліну тұстарына, электр жабдықтарының қауіпті ағын өткізетін бөлшектеріне жəне электр сымдарына, жоғары температуралар жəне зиянды сəулелер аумағына, технологиялық процестердің сақталмау нəтижесінде жарылыс болуы ықтимал жерлерге, жоғарыда орналасқан жұмыс алаңдарына, люктерге, шұңқырларға, ашық ойықтарға жəне т.б. қойылады.
Алдынала қорғағыш құрылғылар жұмыс істеушілердің жарақаттануына əкелуі мүмкін апаттар жəне жабдықтардың бұзылуы туралы автоматты түрде ескерту үшін қызмет етеді.
Механизмдерді жəне қажетті элементтерді шамадан тыс механикалық салмақтан сақтау үшін біріктіруші муфталарда қиыстырушы сұққыштар, түйреуіштер, сыналар жəне үйкелмелі (фрикционные) муфталар жəне автоматты түрде сөндіретін муфталар қолданылады. Бу, газ жəне сұйықтың 70 кПа жоғары қысымымен жұмыс істейтін түтіктер жəне аппараттар алдынала сақтаушы, редукциялық жəне басқа да клапандармен жабдықталады. Жабдықтардағы машиналардың жəне механизмдердің бөлшектерінің қозғалысыншектен шықпауын реттеу үшін біржақты немесе екіжақты жүріс шектеушілері қолданылады. Крандарды, арбашаларды, жүк көтергіштерді жəне басқа да жүк артушы-түсіруші құралдарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың жолдарының соңына механикалық тіреуіштер жəне ұстағыштар орнатылады. Электрлік ағынның шамадан тыс артуын болдырмау үшін балқығыш, жылытқыш жəне электромагниттік алдын-ала қорғағыштар қойылады.
Арнайы алдын-ала қорғағыш құрылғылар жарылуы мүмкін қауіпті құрылымдарда қолданылады, мысалы, газбен дəнекерлеу жұмыстарында газ жанарғысында (горелка) кері соққы болуы мүмкін, жанарғыдағы жалын құбырішекпен барып ацетилендік генераторға енеді, нəтижесінде генератордың жарылысы орын алады. Жарылыстың алдын алу үшін генератор су бекітпесімен жабдықталады, ол кері соққының кезінде жалынды генератордың ішіне өткізбейді.
Электр ағынынының зақымынан сақтану электрлік машиналардың тұрқын жерге қосу (нөлдендіру) жəне қорғағыш сөндіру автоматтарын орнату жолдары арқылы жүзеге асырылады. Оқшауланудың жəне түйіспелік жалғаулардың жағдайы дұрыс болса машиналардың жəне агрегаттардың тұрқына адамның жанасуы қауіпті емес. Бірақ оқшаулану жəне жалғаулар дұрыс болмаған жағдайдамашинаның тұрқы кернеуде болуы мүмкін. Бұл кернеуді қауіпсіз мөлшерге дейін төмендету үшін немесе апаттық тұрқыныэлектрлік ағыннан ажырату үшін жерге қосу (нөлдендіру) жəне қорғағыш сөндіру автоматтары орнатылады.
Механизмдерді жəне агрегаттарды қашықтықтан басқару да адамның машинадағы, жабдықтардағы жəне т. б. қауіпті аумақтармен түйісу мүмкіндіктерін болдырмайды, демек оны денсаулық жəне өмір үшін қауіпті факторлардан қорғайды.
Қауіпсіздікті қаматамасыз етудің сенімді құралдары – бұл блок қоюшы құрылғылар.
Өндірістік (жұмыстық) үдерістерді автоматтандыру жұмысты адамның қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндік береді, бұл жағдайда адам жабдықтардың қозғалушы бөліктерінен жəне зиянды бөліністерден жарақат немесе зақым алудан қорғалады.
Енжар қорғану құралдары – бұл жұмыс атқарушылардың тез бағдар алуына жəне қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануға көмектесетін əр түрлі дабыл құралдары, тану бояулары, ескертуші белгілер жəне жазулар. Бұл құралдардың тиімділігі жұмыс істеушілердің зейін қоюына, жаттыққандығына жəне тəртіптілігіне байланысты.
■ Тану бояуларына кіретіндер:
■ өртке қарсы жабдықтардың қызыл түске боялуы;
■ баллондардың, цистерналардың жəне газға арналған басқа да ыдыстардың сыртындағы жазулар жəне əртүрлі бояулар;
■ жабдықтардағы, станоктардағы жəне т. б. іске қосу тұтқаларының жəне электрлік іске қосу түймешіктерінің əртүрлі түстерде болуы;
■ жаяуға жəне көлікке арналған өту жолдарының ақ түспен белгіленуі;
■ жаяу өткелдерді, көлік өтетін дарбазаларды (аркалар), крандарды жəне басқа да нысандарды жалпақ жолақтармен («зебра») бояу.
Қауіп туралы жұмыс атқарушыларды ескерту үшін белгілер жəне жазулар қолданылады, мысалы жоғары кернеулік электрлік шкафтарда, қауіпті жүктерде, өзі аударғыш-автомобильдердің борттарында, крандарда жəне т. б. жапсырылған қағаздар.
Жеке қорғану құралдары жалпы техникалық іс-шараларды : желдету, жылулық сəулелердің көзін экрандау жəне т.б. өткізу арқылы жұмыс атқарушыларға зиянды факторларды жою мүмкін емес кезде қолданылады.
Бұл құралдар апаттарды жою кезінде, күшті шаң жəне газ бөлінуде, қышқылдар жəне сілтілер төгігенде үлкен маңызға ие болады.
Адам денесін қорғау үшін арнайы киім, арнайы аяқ киім, баскиімдер жəне қолғаптар қолданады. Брезенттен, зығырдан, жүннен жəне синтетикадан жасалғанматалар металлдың ұшқындарынан, қышқылдар мен сілтілерден резеңке жəне перхлорвинил маталар сақтайды. Көздерді жылулық жəне ультракүлгін сəулелерден жəне механикалық зақымданудан көзілдіріктер, қорғаныс шынылары жəне жарықсүзгіштері (күңгірт шынылар)бар маскалар, қалқаншалар арқылы қорғайды. Қышқылдармен, сілтілермен жəне шаңданушы заттармен жұмыс барысында резеңкелік жартылай маскасы бар ПО-3 герметикалық көзілдіріктер қолданылады.Тыныс алу органдарын сүзуші жəне оқшауландырушы противогаз жəне респираторлар арқылы қорғайды.
Ескертуші техникалық құралдар жүйесі – өндірістік жарақаттануды азайту күресіндегі аса күшті құрал. Әдістердің жəне іс-шаралардың бұл тобына əртүрлі бақылаулар, техникалық куəландірулер (сырттай қарау жəне сынақтар) жəне жабдықтарды жөндеу жəне оларға қызмет көрсету жүйесінде қарастырылған жоспарлы-ескертулік іс-шаралар кіреді. Апаттардың алдын алу үшін уақытына қарай жабдықтардың механикалық (диэлектрикалық) мықтылығын, коррозияға шыдамдылығын жəне жұмыс қабілетін тексеру үшін сынақтар өткізіліп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет