4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет42/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы

6.8. ӚРТТІ ӚШІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Басталған өртті өрттік ұңғының көмегімен сөндіруде бірінші кезекте оттың таралып кету қаупіне мүмкіндік бермеу шараларын қабылдау қажет. Суды жанудың шетінен ортасына қарай бағыттайды, осылайша өрт алып тұрған алаңның мөлшерін біртіндеп азайтады. Бұл жағдайда назар аударатын нəрсе, жанушы зат немесе сынық су ағынының екпінімен жанғыш материалдарға түсіп кетпеу керек.
Өрт сөндіргіштік қасиеті судыңкі сияқты көбіктік жəне сұйықтық өртсөндіргіштердің де ағынын өрттің шетінен ортасына қарай, жалын тілі шығып тұрған негізге бағыттайды.
Көмірқышқылды өрт сөндіргішпен жанудың ошағын жою үшін, оның кеңауызын жану орынына барынша жақындату керек жəне шұраның сермерін соңына дейін бұрап көміртегі диоксидін жалын беруші негіздің астына бағыттайды. Егер ағынды жоғарыдан төмен жіберетін болсақ, онда керекті отсөндіруші тиімділік болмайды, себебі көміртегі диоксидінің ағыны ыстық ауаның көтеріліп жатқан ағымының кері əсерімен басқа шетке ауып кетеді.
Ұнтақты өртсөндіргіштердің ұнтағын біріншіден жану ошағының айналасына от таралып кетпеу үшін сеуіп шығады, сонан соң жалынды көмеді. Тура осылай отты құммен, топырақпен жəне басқа да қол астындағы отты сөндіре алатын құралдармен өшіреді.
Қатты нысандарды көбіктік өрт сөндіргіштердің көмегімен өшіруде ағынды жалын шығушы негіздің астына бағыттайды.Кішігірім ыдыстағы (резервуар) сұйықты өшіруде ағынды оның қабырғасына бағыттайды, себебі төмен қарай аға отырып көбік сұйықтың жанушыжағын басады.
Горизонталды бетке төгілген сұйықты өшіру барысында отты шетінен бастап ортасына қарай өшіреді, осылайша жанушы сұйықты көбікпен жауып шығады.
Егер адамның үстіндегі киім жанса, онда оған жанбайтын немесе əлсіз жанатын материал: киіз, шұға жапқыш, брезент төсеніш, пальто, күпəйке тастап, қатты басып, отты өшіреді. 1 – 2 минуттан соң отты сөндіруші құралды жай көтеріп оттың сөнгеніне көз жеткізу керек. Сонан соң зақымданушының жанған киімін шешіп алғашқы көмек көрсетіледі.
Киізді, асбест төсенішті үлкен емес өрт ошақтарын сөндіруге қолданады. Ол үшін оларды оттың бетіне тастайды жəне отқа ауа жетпейтіндей етіп нығыз қысады, осылайша жануды тоқтатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет