4.4.1 Антибиотиктердің ашылу тарихы мен маңызы
Антибиозис деген терминді алғаш рет 1889 Луи Пастердің шәкірті Поль Вайлемин үсынған болатын.Оның жасаған тұжырынша антибиозис-бір өмірдің екінші өмірді жою үшін қолданылуы.
1928 жылы ағылшын ғалымы Александр Флемминг терезе жақтауында қалған ауру қоздырушы стафилококк сынамаларын , Penicillium notatum саңырауқұлақтарының бүлдіргенін байқаған. Флемминг сынамаларда микроскоппен қарап , зең саңырауқұлақтарының бактерияларды жойып жібергенін көрді. Бұл жаңалық антибиотиктер ғасырының бастамасы болды.
Антибиотик терминінің өзін ғылымға американдық микробиолог Сельман Ваксман 1941 жылы енгізді. Осы ғалымның зерханасында туберкулез емдеуге жақсы нәтиже көрсеткен ең алғашқы стрептомицин дәрісі жасалынды . Антибиотиктер микроағзаллардың саңырауқұлақтар ірі вирустар , қарапайымдылар мен жекелеген гильминттердің тіршілігін басу және өлтіру қасиеті бар саңырауқұлақтардың,бактериялардың, жануарлардың және өсімдіктердің тіршілік ету барысында түзілетін не болмаса синтетикалық жолмен жасап алынатын биологиялық белсенді заттар.
Бастапқыда АКШ та тиротрицинт деген антибиотик шығарылы бастады.1940 жылы ағылшындық Lancet медициналық журналы Оксфорт университетінің биохимик ғалымдары Эрнст Чэйн мен Говард Флори таза күйінде бөліп алған пеницилинді қолдану нәтижелерін жазған болатын.Бұл ғалымдар зертханалық тышқандарға өлтіретін мөлшерде стрококты егіп,кейінен пеницилинмен емдеу арқылы аурудан жазып алады. 1941ж .Пеницелинді адамдарды емдеу мақсатында қолддану сынақтары жүргізіле бастады.
Алайда ағылшындардың пенцилинді жаппай шығаруға мүмкіндіктері болмады(Соғыстың басталуы).Сол себепті Англия мен АКШ мемлекеттері бұл салада ынтымақтаса жұмыс жүргізуге уағдаласып,Аменрика жағынан бұл іске жақсы жабдықталған знртханалары бар ауыл шаруашылық министірлігі араласады.1943 жылдың соңына таман АКШ мемлекетінде қазіргі күнге дейін өз қызметін атқарып жатқан формацефтік компания Pfizer fnd Merck пеницилинді өндірістік көлемде өндіре бастады.
Ауыл щаруащылығындағы өзгеістер нәтижелі дамыды. 1943 ж. пенициллиннің аз мөлшерін жануарлар мен құстардың өсу қарқындылығын арттыру мақсатында қолданылуы жөнінде алғашқы сынақтар өткізілді.
New England Journal of Medicine журналының мәліметі бойынша 1940-1970 ж.ж. аралығында дүние жүзінде тиімді әсерлері бар түрлі антибиотиктердің он класы бқлініп алынған делінеді.
1950 ж. Бұл мәселе бойынша алғашқы тоқырау белгілері яғни антибиотиктерге төзімділіктің бірінші көріністері байқала бастады.Атап айтқанда барлық дерлік мемлекеттердегі ауруханалар мен перзентханаларда қолданыстағы антибиотикте төзімді стифилокк кеселі белең алды.
Медицина саласында қолданылмайтын тек ауыл шаруашылығында қолданысқа ие антибиотиктерді алуда да қатаң стерильді тәртіп сақталғаны мен дайын өнім продуценттердің не болмаса культуральдық ортаның кептірілген биомассасы да болуы мүмкін. Мал азығы ретінде қолданылатын антибиотиктердің ішіндегі ең белгілілері – хлортетрациклиндік негіздегі дәрімектер болып табылатын бифид пен биомицин және глизин, бацитрацин, гигромицин және т.б.
Антибиотиктер ауру тудырғыш микроағзалардың көеюін басу арқылы жануарлардағы аурулар мен өлім жітімді кемітеді.Және жануарлар мен құстардың қсіп дамуы қарқындылығын арттырады.Мысалы алғанда антибиотиктерді шошқа шаруашылығында қоолдану әр мың басқа есептелгенде қосымша 120 ц . салмақ береді 5-10 % азық шығыны да азаяды.
Антибиотиктерді ауыл шарушылығында оның ішінде мал шаруашылығында кеңінен қолдану мен адамдар арасындағы дәрілерге төзімділіктердің пайда болуы арасындағы байланыстылық дәлелденген. Сонымен бірге Америка медициналық қауымдастығы мәліметі бойынша ауыл шаруашылық антибиотиткері топырақ пен суларды да ластаушы болып табылады.
Қазіргі кезде АҚШ халқы құрамында антибиотикке төзімді ауру қоздырғыштары бар өнімдерді тағам ретінде көбірек қолдана бастады. Мысалы алғанда 2001 жылғы медициналық журнал АҚШ тың астанасы Вашингтон қаласы супермаркеттерде сатылымға қойылған еттерді тексерген. Нәтижесінде еттердің 20% сальмонелламен зарарлынғанын көрсеткен.
Антибиотиктердің жаңа продуценттерін іздестіру жқмыстары өз жалғасын табуда. Жасушалық және гендік инженерияның жаңа әдістері белгілі болғаннан кейін , жоғары әсерлі штамдарды алудың үлкен болашағы бар екенін айқындала бастады. Бастапқы дәрмектер салыстырғанда күштірек және жаңа әсерлі антибиотиктер алу үшін антибиотикалық заттардың продуценттері болып табылатын микроағзалардың табиғатын өзгертіп жетілдіру. Микробиологиялық жолмен алынған антибиотиктер химиялық модификацияға ұшырауы нәтижесінде физиологиялық әсері күштірек болып келетін дәрмектер шығаруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |