4 Медициналық және ветеринарлық биотехнология



бет6/9
Дата02.01.2022
өлшемі61.7 Kb.
#453183
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
IV-тарау Мет Вет

4.3.3 Антисарысу және нанодене алудың маңызы

Антисарысу (ор. сыворотка) - бөтен агенттерге қарсы антиденесі бар иммунизацияланған жануар мен адамнын сарысуы.Иммундық сарысудың немесе басқаша айтқанда антисарысудың)антисыворотка)-малдарға немесе адамдарға қандай да бір жаттегілерді егу жолымен дайындалады. Егер,адамды жылан шағып алса,дәл сол уға қарсы ұолданылатын антисарысу егіледі.Бұл иммундық сарысуын малдарға,көбінесе жылқыларға жылан уын өміріне қауіпсіз мөлшерде егу жолымен дайындайды.Нәтижесінде жылқы ағзасында жылан уына қарсы антиденелер пайда болады.Осы антиденерді бөліп алып жинақтаған соі,дәрмек ретінде дайындап,жылан шаққан адамдарға удың әсерін бейтараптандыру үшін қолданады.Өз кезінде адам ағзасы да жылқы қанында кездесетін антиденелерге қарсы иммундық жауап реакциясын тудырады.

Иммундық сары су құрамында, кейбіреулері басқаларына қарағанда жаттегілерді белсендірек тұту қабілетіне ие антиденелердің түрлері кездеседі.Олардың поликлональды,яғни көптеген ламфоциттер клондарынан шыққандағы жөнінде алдыңғы тақырып материалдарынан бізге белгілі. Иммунитет тудыру мақсатында жасалынатын жұмыстарда бұлардың маңызы бір клонды лимфоциттерінен алынатын (моноклональды)

Антиденелеріне қарағанда бағалырақ есептеледі.

Көптеген антиденелердің жаттегілермен тоғысуы,жаттегіні толығынан қамтитын түрі агрегатты иммунокешендерінің пайда болуына алып келеді.Бұл кешендер салыстырмалы түрде ерімейді және кейбір in vitro (тірі ағза) жағдайында қан ағысында тұндырылады.Иммунокешендер жиынтығын антисарысу құрамындағы антиденелерін анықтау мақсатында қолданады.Мысалы, уға қарсы дәрмек алу үшін егіліп,дайындалған жылқыдан алынған қан сарысуы құрамындағы жаттегі|антидене қатынасы, оған жаттегі қосу арқылы өзгертіледі.Осындай жолмен қалыптастырылған иммунокешендері,ерітіндіде тұндырылады.Жұмыс соңында антиденелерді бөліп алады.

Наноденелер-антиденелердің кішкене бөлшектеріне ұқсайды.Бұлардың кейбір пішіндері құрамында жеңіл ұзіктілері(цепи) жоқ,тек аур үзіктерден тұрады.басқа жағынан қарағанда,кейбір пішінділері тек қана жеңіл үзіктерден тұрғанымен,ауыр үзіктілерге тиесілі қызметін атқарады екен.Егер,антидене жүйесін «гуманизация» бағытында құрастыру мүмкін болса(көптеген ақуыздарды иммундық жүйені алдап қабылдауға мәжбүрлеу), моноклональды антиденені терапиялық мақсатта қолдануда кездесетін кейбір кедергілерді жоюға мүмкіндік туылады.

4.3.4 Антидене кітапханасын жасақтау

Әртүрлі антиденелерді коделейтін гендердің құрылымын анықтау нәтижелері,моноклональды антиденелердің көптеген түрлерін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Генетикалық мәліметтердің осындай көп түрлерін жасақтап,бір жерде сақтау өте қолайлы болар еді.Осы мақсатта бірталай моноклональды антиденелердің жеңіл үзігін(легкая цепь)коделейтін гендері бактериофагьарға ендірілетін болатын.

Теориялық тұрғыдан сіз антидене кітапханасына барып,белгілі бір антиденеге тапсырыс беруіңіз мүмкін. Сонда сізге қажетті антидененің генетикалық мәліметі сақталған ерекше бактериофаг беріледі.Сіз фагтфң бактерияны инфекцияландыруына жол беру арқылы, бактерия құрамына қажетті гендік мәліметті ендіре аласыз. Егер сіз барлығын дұрыс жасаған болсаңыз,инфекцияланған бактерия қажетті антидененің жеңіл үзіктерін өндіре алады.Кейіннен,жеңіл үзігін ауыр үзігіне «асып қою»нәтижесәнде, біздерді қызықтыратын Fab-компоненті түзіледі.

Мысалы,қазіргі кезде АҚШ және Түркия мемлекеттерінің ғалымдарынан құралған профессор Петер Палесе бастаған интернационалды топ, құс тұмауы кеселімен ауырып жазылған адамдардың қан сарысуын пайдалана отырып, әлемде алғаш рет осы ауруға қарсы моноклональды антидене мәліметтердіңтолық қорын(базасын) жасақтағаг.Антидененің осы кітапханасын пайдалану арқылы қайтадан эпидемия туындаған кезде оны тоқтауға не болмаса профилактикалық алдын алу шараларына қажетті вакциналар жасауға болады.

Соңғы жүз жылда көрініс берген тұмауыдың үш үлкен эпидемиясы белгілі. Кітапханада жинақталған мәліметтер тек бір ғана кеселге қарсы емес,барлығына ,не болмаса вирус штамдарының басым бөлігіне қарсы әмбебап вакциналар жасап шығаруға жәрдемесуі мүмкін.

4.4 Ветеринарлық дәрі-дәрмектер,иммуногендер мен вакциналар өндірісінің биотехнологиясы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет