4 Медициналық және ветеринарлық биотехнология



бет4/9
Дата02.01.2022
өлшемі61.7 Kb.
#453183
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
IV-тарау Мет Вет

4.3.1 Антигендер мен антиденелер

Антигендер ( жаттегілер) деп ағзада иммундық қарсылық ( жауап) шақыруға қабілетті қандай да болмасын кез келген бір затты айтуға болады. Мұндай заттардың молекуласын антигенді деп атайды. Жаттегілер ретінде,мысалы, ақуыздар,липидтер немесе көміртекті алады. Атап кетер бір жәйт , жаттегілерде иммундық жүйемен жекелей танылатын эпитома деп аталатын бірнеше үлескілері болады. Бұл иммундық жүйенің қарапайым (элементарлы) бірлігі болып есептеледі.

Жасушаның бетіне шығып тұратын көптеген дененің рецепторлар болатыны белгілі. Жасуша бетіндегі көптеген молекулалары жаттегілі (антигенді) болуы мүмкін. Бөгде жасушалардың біткі қабатында кездесетін кқптеген молекулаларды, біздің иммундық жаттекті деп қабылдайды. Ал біздің өз жасушаларымыздың беткі қабатында да , жаттегілер болғанымен , ағззамыз оларды көрмей қалу қабілетін танытады. Ағзамызға қан құю немесе қандай да бір мүше тасымалдау арқылы кірген жасушалардың жаттегісіне имммундық жүйе дереу жауап қайтарады, яғни ол донорда бар болғанымен рецепиентте (бізде) жоқ болғандықтан, оны бөлек зат , яғни жаттегі деп қабылдайды.

Иммундық жүйе осында жаңа ұлпаны қабыдлдамай қоюға әрекет жасайды. Дереу бөгде ұлпаның жаттегілермен байланысқа түсе алатын жаңа жаттегілер түзе бастайды. Сөйтіп туындаған ағзаның жауап ревкциясы нәтижесінде жаңа ұлпа қабылданбай қалады. Иммундық ағза дамуының өте ерте кездерінен бастап өз жаттегілерін сырттай енген бөгде жаттегілерінен ажыратуды үйрене бастайды. Егер иммундық жүйе өз жаттегілеріне шабуылдай бастаса аутоиммунды аурудың дами бастағаны. Бұл шабуыл жаттегілерге қарсы антиденелдің пайда болғанын көрсетеді.

Антиденелер синтездейтін молекулалар болып табылады,олардың жалғыз мақсаты-ағзаға енген бөгде затпен байланысу. Әрбір антидене өте спецификалық конфигурияция түзіп , жекелеген немесе бір топ молекулаларға ұқсас болып келеді. Осы қасиетімен антиденел антибиотиктен ерекшеленіп тұрады. Антибиотиктер көптеген тірі ағзаларға улы болып келеді, мысалы , пеницилин барлық грамм теріс бактерияларына улы әсер етеді,антиденелер болса қайсыбір бактериялар бетіндегі немесе теліміндегі жаттегілерге ғана әсерленеді .

Ең алғаш антиденені бөліп алғанда , оны глобулиндер деп атаған,кейінірек олардың иммундық жүйеге қатысты мәлім болғаннан кейін , иммуноглобулиндер деп атай бастаған. Одан кейінгі зерттеулер қан құрамындағы иммуноглобулиндердің көбісі гамма конфигурациялы екендігін көрсеткен . Сондықтан антиденелер гамма-глобулиндер деген атқа ие болды. Дегенмен, бұл атау дәл емес өйткені барлық гамма –глобулиндер антидене болып табылмайды.

Әрбір лимфоциттері тек қана бір спецификалық антидене синтездейді. Қашан лимфоциті өінің жаттегісін кездестіргенше ол басқа да антиденелермен бірге лимфоциттерінің беткі жағында тыныш күйде болады. Қалай ғана жаттегі беткі қабатында тиісті антиденесі бар лимфоцитпен кездессе оның антиденесімен байланысқа түседі. Антиденелер мен жаттегілер арасындағы бұл байланысты салыстырмалы түрде кілттің құлыпқа немесе қолғаптың қолға дәл келуімен байланысытыруға болады. Сөйтіп қалай жаттегі антидене кешені пайда болысымен ылауларына белсенді қызметке түседі. лимфоцитін синтездейтін натиденелер тек қана жасуша бетінде көрініс бермей мұнымен қоса лимфа мен қан жүйелерінің саңылауларына өтетіндей майысып модификацияланады. лимфоциті белсенді түрде бқлініп көбеюі арқылы дәл қажетті типті антиденелер түзетіндей клондар деп аталатын біртекті жасушалар колоноиясын түзеді. Бөгде жаттегі жойылған соң лимфоциттер колониясы өзінің белсенділігін төмендеткені мен ағзадағы оның мөлшері бәрібір салысытрмалы түрде жоғары қалпында сақталады. Ағза сол бір жаттегі мен қайтадан кездескен жағдайда бірнеше есе көбейтілген иммундық жүйе пайда болады. Екінші жауап жаттегі жөнінде спецификалық иммундық мәліметтің сақталғандығын білдіреді. Яғни иммунитеттің немесе дертке төзімділіктің негізінде ағзаның жаттегілерге қарсы күшейтілген жауап беру қабілеттілігі жатады. Сіздерге ағза қалайша сан түрлі жаттегілерге спецификалық рецепторлардың қалыптастырады деген ой келуі мүмкін шынымен де бұл кездейсоқ үдеріс .

Ағзаға енген қандай да бір бөгде зат біздер дүниеге келгенде ағзамызда кездесетін және бұһүкіл иммундық жүйемізге таралған жүздеген немес мыңдаған рецепторлардың біреуіне дәл келеді.

Жетілу барысында лимфоциттерінің ішінде керемет үдерістер өтеді. Олардың генетикалық материалы өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер антиденелердің жаттегілерді танып байланысатын телімдерін коделеуге бағытталған ДНҚ реттілігіндегі өзгертулерімен тұрады. Аталған молеклалық қайта құрулары соматикалық рекомбинациялар деп аталады. Иммунологиялық жағынан біздер ата аналарымыздан тұқымқуалаушылық арқылы берілген қабілеттіліктерімен ғана шектелмейміз. Көбінесе жаттегі базбір рецепторларға қарағанда басқасына сәйкес келуі мүмкін. Басқаша айтқанда бір рецепторға жақсы сәйкес келсе , яғни басқасына нашарлау ұқсайды. Сөйтіп, белгілі бір жаттегі бірнеше антидене түзгенімен біреулері басқаларына қарағанда тиімді болып келеді екен. Сондықтан белсенді лимфоциттер популяциялы моноклональды бір клоннан шыққан болмайды. Олар поликлональды, яғни көптеген лимфоциттер клонадарынан шыққан деп айта аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет