4 Медициналық және ветеринарлық биотехнология



бет3/9
Дата02.01.2022
өлшемі61.7 Kb.
#453183
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
IV-тарау Мет Вет

Иммобильденген ферменттер дегеніміз (латынның Immobilis жылжымайтын қозғалмайтын ) табиғи немес синтетикалық заттардың ьеткі қабатына бекітілген немесе полимерлік гендер құрамына енгізілген қозғалысы шнетелген ферменттер.

Иммобильденген ферменттердің нативті ферменттер мен салыстырғанда елеулі артықшылықтары бар.Атап айтқанда: олар реакциялық ортадан оңай бөлінеді. Бұл ерекшелік ортадағы реакцияны өажетті кезде тоқтатып катализатормен ластанбаған таза өнімдерді алуға және фермент дәрә дәрмегін пайдалануға мүмкіндік береді. Иммобильденген ферменттер белсенділігі –биотехнологиялық жүйелерді ұздіксіз жүргізу катализдейтін реакцияның жылдамдығын зерттеу. Иммобильдеу әдістері арқылы қажетті тасымалдаушыларын іріктеп алу ферменттерге қажетті pH орталарына температураға шыдамдылығы денатурлаушы әсерлерге тұрақтылығы сияқты қасиеттерін мақсатты түрде өзгертуге болады.

Иммобильденген ферменттер дайындауда бекітуші субстрат ретінде целлюлоза , декстрант ,агароза және олардың туындылары сияқты полисахаридтер тасымалдаушы ролінде кеңінен пайдаланылады. Субстрат ретінде пайдаланылатын заттардың басты артықшылықтары қатарында жоғары деңгейде гидрофильдігін әртүрлі функционалдық топтарының болуын қолданылу ыңғайлығын айтуға болады. Мысалы осы ымақсатта қолданылатын каррогенан , альгин қышқылы және олардың тұздары болып табылатын альгенанттарын басты ерекшеліктері ретінде төмен температурада пайдалану мүмкіндігі мен олардың белгілі жағдайда гель түзетінін айта алады.

Кейінгі кездері осындай мақсатта фермент тасымалдаушысы ретінде хитин мен хитезин кеңінен пайдаланылуда . Аталған тасымалдаушыларға иммобильденген ферменттредің белсенділіктері жоғары термо тұрақты және бактерияларға да төзімді келетінін анықталған.

Ферменттер иммобилизациясына арналған синтетикалық полимер тасымалдаушылары ретінде стиролдар негізіндегі дивенилбензол сияқты тігуші қызметін атқаратын агенттері полиуретан негізіндегі полимерлар пливинил спирті негізіндегі тігуші агент ретінде – глутарь альдегиді жасалынып , қазіргі кезде өндірісте арнаулы мақсаттар пайдаланылады . Органикалық заттардан төмен молекулалы тасымалдаушылар ретінде табиғи липидтер немесе олардың синтетикалық аналогтары есептелінеді . Липидтік тасымалдаушыларда ферменттер әртүрлі беткейлерде – моноқабат түрінде немесе сфера пішінді бейқабат түрінде орналасып,пайдаланылады.

Бұлардың әақайсысын жүргізудің өз әдістері бар. Физикалық жолы негізінен төрт әдіс арқылы атқарылса , химиялық жолында бір әдіс қолданылады.



  1. Оқшау заттың беткі қабатында ферменттерді және жасушаларды адсорбация арқылы орналастыру

  2. Ферменттерді гель құрамына ендіру арқылы иммобильдеу

  3. Ферменттерді жартылай өткізгішті құрылымдары арқылы иммобильдеу

Иммобильдеудің химиялық әдісінде ферменттерді және жасушаларды коовалентті байланыстыру арқылы оқшау сустратарға орналасытыру арқыды жүргізіледі. Осындай жолмен бекітілген жасушалар төңірегінде қоректік орта көп мөлшерде араласып тұрады,яғни олардың құрамын өзгертіп , өсу қарқындығын бәсеңдету арқылы қоысша заттарды көбірек алуға болады.

4.3 Иммундық жүйе туралы түсінік

Иммундық жүйе дегеніміз жат текті гентикалық денеге әсерленетін және микроағзаны осындай мәліметтерден қорғануға қатысатын мүшелер және жасушалар жүйесі. Иммундық жүйе басқа да жүйелермен ( жүйке,эндокриндік , жүрек тамыр, тыныс алу, тамыр, асқорыту және т.б.) біргелікте , ағзаға патогендң микробтардың ( вирустар, бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар , потозао ) және шығу тегі мен мақсатты басқа жаттегілердің (яғни антигендердің- ұлпалық транспланттанттар , өсімдектер немесе хайуанаттардың улары, аутоантигендер, ісік жасушалары) кіріп кетумен онда дамуын қорғайды. Олар микроағзадағы ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы иммунологиялық бақылау қызметін атқарып, ағзаның тұтатсығы мен өзіндік ұалпының сақталуын қадағалайды.

Иммундық жүйе үш негізді құрамдас бөліктерден тұрады:



  1. Жасушалық

  2. Молеклалық

  3. Генетикалық

Бұлардың бірінші-құрамына макрофактар , Т және бэтта лимфоциттері, екіншісіне-иммундық глобулиндердің бес класы IqM,IqG,IqA,IqE,IqDжәне үшіншісіне – көптеген гендер кіреді.

Иммундық жүйе-ағзадағы гетерогенді және күрделә жүйелердің бірі. Адамдарда ол өз құрамында бір жағынан шығу тегі бір болғанымен, екінші жағынан түрлі әсерлі болып келетін 2х10

Лимфоциттер мен 10 антидене молекулаларынан тұрады. Иммундық жүйе жауап реакциясының негізінде иммуно компоненттері жасушаларының(ИКЖ) макрофактар,лимфоциттер,дендритті жасушаларының біріккен әрекеттесулері жатады.

Цитокиндер қатарына ,лейкоциттер мен басқа да жасушалардвң физиологиялық және патофизиологиялық реакцияларына қатысатындықтан-жасушалық регуляторлар деп аталатын түрлі заттар кіреді.

Цитокиндер келесідей жалпы белгілері ортақ: олар төменгі молкулярлы ( ММ көрсеткшк 80 кДа-нан төмен) және гликозирленген;пикомольді (пМ) концентрацияда әсерге түседі; бөлінуі арнаулы жерде ғана және тұрақты түрде емес; өзін паракаринді және аутокаринді фактор ретінде көрсетеді. Жасушаларда жоғары кафинді рецепторлдармен әрекеттерге түскеннен кейін жасушалардың РНҚ спекторы мен функционалды белсенділіктерін өзгертеді. Ісіну мен иммунитет реакцияларының күші мен ұзақтығын реттейді.

Қазіргі кезде цитокиндердің лимфокиндер , монокиндер , интерлейкиндер , интереферондар сияқты кқптеген түрлерінің құрылымдары мен қызметтері анықталған.

Тек қана интерлейкиндердің он үш түрі белгілі.Олардың 1972 жылы ашылған ИЛ-2, ИЛ-3, ИЛ-5, ИЛ-7, ИЛ-8, ИЛ-9 түрлері Т-жасушасымен ИЛ-4 активтелген Т жасушасы және Б жасушаларының кейбір желілері мен ірі жасушалары арқылы . ИЛ-6 түрлі жасушалармен түзіледі және интерферон бэтта екі деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет