4 Медициналық және ветеринарлық биотехнология



бет2/9
Дата02.01.2022
өлшемі61.7 Kb.
#453183
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
IV-тарау Мет Вет

Жаңа продуценттерді сынақтан өткізу,яғни көп мөлшерде антимикробты агенттерді шығаратын микро ағзаларды зеттеу

  • Адамдарға тигізетін улы әсерін азайту мақсатында антибиотиктерді химиялық модификациялау

  • Антибиотик молекуласының жекелеген бөліктерінің синтезі жүрмейтін,яғни соған ұқсас заттар өсіру мақсатында қосылатын және микроағзалар оларды биосинтез үшін қолданылатын мутантты штамдарды пайдалану арқылы модификациялынған антибиотиктердің алынуы

  • Жасушалық инженерия әдістерін қолдану арқылы гибридті антибиотиктер алу , мысалы, агликон қанттарының жаңа комбинациялы түрін

  • Генетикалық инженерия әдістерін қолдану,яғни микроағза геномына өндірілуі қажет антибиотикті модификациялау үшін керек болатын (мысалы, митилаз көмегімен метилдеуге) фермент жөніндегі мәліметті енгізу

    Қолданыстағы антибиотиктер биосинтезінің тиімділігін арттыруда маңызды болып табылады. Ғалымдар тарапынан индукциялық мутагенез және көп сатылы іріктеу әдістерін қолдану арқылы қажетті штамм –продуценттерін сұрыптау жұмыстарында үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Мысалы, пенициллинді синтездейтін Penicillum штамдарының өнімділігі жүздеген есеге асырылған.

    Антибиотиктерді инкапсильдеу (капсулаға орнықтыру,орау) арқылы (мысалы,липосандар құрамына ендіру жолымен ) , мен емдеуе қажетті мүшелер мен ұлпаларға тікелей жеткізу – олардың қолдану тиімділігін арттырып жанама әсерін арттыруға мүмкіндік береді.

    Антибиотиктердің орнына адам ағзасына оның өнімі ауру қоздырғыштың антогонисі енгізілуі де мүмкін. Бұл әдіс И.И.Мечников тоқ ішектегі іріңдеу үдерісін сүт қышқылы бактерияларының басуы жөніндегі хабарлауы нәтижесінде бастау алды. Мал шаруашылғының дамуын қамтамасыз етуде рекомбинантты тірі вакциналар мен генді-инженерлік вакцина антигендерін қолдану арқылы инфекциялық аурулардың алдын алу, моноклональды антигендер мен ДНҚ/РНҚ сынамаларын қолдану арқылы ертерек диагностикалаудың да маңызы зор.

    Тағам өнеркәсібінде биотехнологияның қолданылуы тағам өнімдерінің қайта өңдеу және сақтау әдістерін қалыптастыру, тағам қоспаларын алу, бір жасушалы ағзалар тарапынан синтезделетін ақуыздарды және тағамдық шикізаттарды өңдеуге қажетті ферменттерді пайдаланудан тұрады. Сонымен қатар, диагностикалық заттарды жетілдіру мақсатында ферменттерді ферменттік негіздегі сынақ жүйе қалыптастыру күрделі құрамды дәрілер жасауда микроағзалар мен ферменттерді қолдану жаңа антибиотиктер синтезі мен оларды малдардың инфекциялық патологиясына қарсы терапияда қолдану жолға қойылады. Қазіргі кезде жанууарлардың инфекциялық ауруларының алдын алу мақсатында аусыл , құтыру , шошқа сүзегі және басқа кеселдерге қарсы генді инженерлік вакциналар алынған.

    Рекомбинантты ДНҚ лар молеклалық гибридизациялау әдісі арқылы ауру қоздырғыштарын анықтауда кеңінен қолданылуы мүмкін.Бұл әдіс инфекциялық ауруларды жылдам және дәл диагностикалауға ,генетикалық кешіліктерді принитальды диагностикалауға ауру тасымалдаушы малдарды анықтауға мүмкіндік береді.

    Медицинадағы сияқты ветеренария саласында болашақта тұқымқуалайтын ауруларды генді терапиялық әдістер арқылы емдеуде қолданылуы мүмкін.Болашақта аса құнды жануарлардың геномына жасанды жолмен түзетуді қолдану қажет болды. Медицинада бұл технологияны нұсқасы жасалынып тәжірибе жүзіндегі тексерілуі өткізілуде. Ағзаға белгілі бір мөлшердегі қауіпті геномды жасушаларды ендіру ұажетті жағдай жасалынған кездері оң нәтижеге қол жеткіздіре алды. Мұндай жағдайлар қазіргі кездері медицинада зерттелу және тексерілу үстінде. Жоғарыда айтылған мәліметтер нәтижелерін түйіндей келе биотехнология жетістіктерін және ең алдымен гендік инженерия әдістерән ветеринариялық медицинада қолдану алға қойған басты мәселелерді мал шаруашылғындағы санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз және адамға зиянсыз мал өніімдерін алуда зор мүмкіндік береміз.

    4.2 Иммобильденген ферменттер дайындаудың маңызы

    Тірі ағзалардағы тіршілік үдерістерінің бірқалыпты өтуі – ферментер қызметіне байланысты. Ферменттің құрылымы мен атқаратын қызметіне кездесетін өзгерістер,ағзада әртүрлі паталогиялық сипатқа ие болады немесе түрлі ауруларғаталып келеді. Қан құрамындағы ферменттер деңгейінің белсенділігін анықтау арқылы ағзадағы түрлі ауытқушылықтар пікір жасалып соған байланысты тиісті аурулар жөніндегі диагностикалық болжамдар жасалады . Емханаларда науқас адамдарды емдеу мақсатында пепсин,трипсин,химотрипсин сияқты протеолиттік ферменттер пайдаланылады. Сонымен қатар, ферменттер әртүрлі тамақ, фармацевтика,медицина,тоқыма өнеркәсібі,былғары өндірісі,ауыл шаруащылығы, органикалық синтез сияқты өндіріс салаларында биологиялық катализаторлар ретінде кеңінен пайдаланылады.

    Табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі қабатына бекітілген ферменттерді пайдаланудың бастамасы ретінде 1916 жылы Д.Нельсон мен Е.Грифиннің көмірге адсорбцияланған сахарозаның өз белсенділігін сақтай алатындығын анықтауды айта алсақ тек қана 1953 жылы Н.Грубхофер мен Д.Шлейд алғаш рет амилаза пепсин РНҚ азаны карбоксипепсидазаны ерімейтін затпен коовалентті байланысқа кіруін қамтамасыз етілген. 1971 жылы өткізілген инженерлік энзимология бойынша алғашқы конференцияда иммобильденген ферменттер деген терминді қолдануға шешім қабылданды.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет