4 Медициналық және ветеринарлық биотехнология



бет9/9
Дата02.01.2022
өлшемі61.7 Kb.
#453183
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
IV-тарау Мет Вет

4.4.3 Иммуногендер мен вакциналар өндірісінің биотехнологиясы

Инфекциялық аурулармен күресуге оны дер кезінде диагностикалау,тиісті профилактикалық шаралар жүргізу мен терапияға басты назар аударылады.Осы мақсатта биологиялыө өндіріс салалары төменде келтірілген топтардағы түрлі биологиялық дәрі-дірмектерін шығарады:



  1. Белсенді түрдегі иммунитет қалыптастыратын вакциналар

  2. Енжар(пассивті) түрдегі иммунитет тудыратын, емдік-профилактикалық және диагностикалық маңызы бар иммундық қан сары сулары

  3. Диагностикалық антигендер мен аллергендер

  4. Бактериялар лизисін қамтамасыз ететін бактериофагтар

  5. Йитокиндер (интерферондар,интерлейктндер және т.б.) және басқа да биологиялық иммуноынталандырғыштар(иммуностимуляторы).

Вакциналар-адамдар мен жануарлардың инфекциялық ауруларының алдын алу(профилактикалық) және емдеу үшін белсенді түрде иммунизациялау мақсатында қолданылатынғәртүрлі микроағзалардан,микробтардың жекелеген құрамдарынан не болмаса олардың тіршілік қнімдерінен(метаболиттерден) дайындалатын арнайы дәрумендер.

Вакцина өндіруді адамзат алғаш рет 1769 ж.ағылшын дәрігері Эдуард Дженифер 8 жасар Джеймс Фипске күл(оспа) ауруына қарсы жүргізген екпесі нәтижелі өткен мерзімнен бастап қолға алған болатын. Сол кезде басталған вакцинопрофилактика жұмыстарына қазіргі кезде 240 жылдан астам уақыт өтті.Вакциналардығ бірнеше буынан (поколение) ажыратылады:

Бірінші буын дәрмектеріне корпускулярлық вакциналар жатады.Бұлар негізінен тіршілігі әлсіретілген не болмаса өлтірілген вакциналар.

Екінші буын дәрмекті ауру қоздырғыштарының жекелеген бөліктері, не болмаса олардың өнімдерінен тқрады. Бұларға химиялық вакциналар мен анатоксиндер жатады;

Үшінші буын дәрмектеріне рекомбинантты векторлы вакциналар жатады;

Төртінші буын дәрмекті әлі жасалу кезеңінде тұр.Бұлар пептидті синтетикалық және антидиотипикалыө вакциналар,ДНҚ ендірілген вакциналар,құрамында ГКГ гені өнімдері кіретін және трансгенді өсімдіктерден алынған вакциналар болып табылады.



Тірі вакциналар-тіршілігі әлсіретілген (атенуированный) роб штамдарынан жасалған,еккеннен кейін аурудың клиникалық белгілері анық тудырмайтын,мал ағзасында көбейе алатын және белсенді түрде иммунитет қалыптастыратын дәрмектер. Осы мақсатта тіршілігі әлсіретілмеген микроб штаммдары өте сирек қолданылады.

Инактивтендірілген вакциналар-қыздыру,гамма-сәулелерімен сәулелендіру,не болмаса фенол , формалин,ацетон,спирт,кристалл виолет және т.б. улы заттармен дәрмектер

Химиялық вакциналар-микроб жасушасының жекелеген бөліктерінен (фракция) химиялық әдістерді қолдана отырып бөліп алыгған және иммунитетті қалыптастыра алатын дәрмектер

Анотаксиндер-химиялық не болмаса физикалық әсерлер нәтижесінде улылығын жоғалтқанымен,өздерінің жаттегілік (антигендік) және иммуногендік қабілеттіліктерін сақтай алған токсиндер.

Рекомбинантты гендік-инженерлік вакциналар-инфекциялық аурулардың алдын алуда қолданылатын жаңа дәрмек түрі болып табылады.Осындай вакциналардың мысалы ретінде сары ауруға қарсы жасалынған вакцинаны айтуға болады.Гендік инженерия әдісін меңгенген дәрігер биологтар геномға итікелей әсер ете алатын тастауға не болмаса еселеуге болады.

4.5 Трансгенді жануарлардан алынатын дәрмектік өнімдер

Адамдардың көптеген ақуыздары тек жоғары сатыда дамыған ағзаларда ғана дұрыс түзіле алады.Сондықтан қажетті ақуыз синтездейтін қандай да бір түр неғұрлым Homo sapiens-ке жақын туыс болған сайын,солғұрлым ақуыз «дұрыс» түзілгені белгілі болды.Генді жануарлар жасушасына ақуыз өндіру мақсатымен бірге,оларды қанға бөлу қызметін де атқара алатындай етіп,дәл кіргізу әдістерін меңгерудің нәтижелері,трансгенді хайуандар жасап шығаруға қол жеткіздірді.Әзірше мұндай жолмен өндірілген олардың шығаруға қолданысқа дайын болмағандықтан,жақын аралықта олардың пайда болуы мүмкін деген болжамдар бар.

Осындай жолмен жасалған трансгенді тыщқан,үй қояндары,шошқа,қой,ешкі және сиырлардың сүтінен , қанынан, несепнәрінен адамдардың ақуыздары бөліп алынған.Қазіргі кезде клиникалық сынақтардан алыгған антитромбин ІІІ пен альфа антитипсин,козамидің құрамдастары, альфа І антитрипсин және үй қояндарынан алынған адамның СІ ингибиторы бар. Трансгенді жануарлармен көп уақытты қажет ететіндіктерінде.Дегенмен,биодәрмектерді қндірудің баска да белгілі әдістерімен салыстырғанда,мұндай жолмен өндірілетін дәрмектерді құны бойынша бәсекеге қабілеттілеу деп есептеуге болады.Екінщі бір басты кедергі ретінде,трансгенді жануарда тигізу мүмкіндігін айтуға болады.

Қазіргі нарықтық экономика замында сүтке айналатын өнімдерге сұраныс артуда.Соңғы зерттеулер нәтижелеріне қарағанда, осы мақсатта құс жұмыртқалары негізгі қндіріс көзі бола алады екен.Өйткені , тауықтың жетілуі тез және күтіп бағыуды оңаай болуы себепті,дәрмек өндіруге кетеін уақыт пен шығын мқлшері азаяды. Тауықтың өте жылдам көбеюге қабілеттілігі арқасында, олардан көп мөлшерде жұмыртқа алу мүмкін.Алынған жұмыртқаларды әсері күшті дәрмектер жасауға қолдануға болады.Жұмыртқа құрамындағы ақуыздардың гликолиздену үдерістері,адам ағзасы ақуыздары сияқты жолмен алынады.

Осы мақсатта тауықтарды пайдалану үшін олардың трансформацияланудың ерекше тәсілдерін қолдану қажет.Себебі,ұрықтанған дұмыртқаны трансформациялау мүмкін емес . өйткені ұрықтагған жұмыртқаның тауық вғзасындағы жыныс түтікшесі бойымен жылжуына 24-25 сағаттай уақыт кетеді екен. Сол уақыттың ішінде олар ақуыз және қатты жұмыртқа қабығы қабаттарымен қапталып үлгереді.Туылған жұмыртқаның ішіндегі эмбрион шамамен 30-60 мыңдай жасушадан тұрады. Сонңғы увқытта ДНҚ ын тауық геномына ендіру әдісі жасалынады.



АҚШ ауыл шаруашлық департамнті ,АҚШ жануарлар мен қсімдіктер саулығын тексеру инспекциясы Қызметі АҚШ дәрмектер мен дәрілер сапасын қадағадау Юасқармасы және қоршаған ортаны қорғау басқармаслары өсімдіктерін шығару жұмыстарын мұқият қадағалап отырады. 2003 жылдың тамыз айында жануарлар мен өсімдіктер аулығын тексеру инспекциясы Қызметі дәрілік немесе өндірістік өнімдер өндіруде шығаратын ГМ өсімдіктеріне далалық сынақ жұмыстарын жүогізу талаптарын күшейту туралы шешімге келеді.Бұл шешімнің негізгі мақсаты , азықтық және малазықтық маңызы бар дақылдардың биодәрмектермен ластануына жол бермеу және қоршаған ортаға тигізер мөлшерін барынша азайту.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет