4 Медициналық және ветеринарлық биотехнология



бет5/9
Дата02.01.2022
өлшемі61.7 Kb.
#453183
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
IV-тарау Мет Вет

4.3.2 Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы

Моноклонды антиденелер дегеніміз – бір жасушалық клонға жататын, иммунды жасушаларды өндіретін антидене. Жасушаларды гибридизациялау жұмыстары мен иммунология ғылымынң дамуы олардың өзара тоғысқан тұстарында кейбір мәселелердің шешілуін қажет етеді.Осындай өзекті мәселенің қатарыында моноклональды антидене алу технологиясын жолға қою болатын.

Адам ағзасына тосыннан енетін , шығу тегі бөгде биологиялық заттарға (микробтар және олардың тіршілігінің қнімдері , бөгде жасушалар , өзгертілген өз элементтері және т.б.) қарсы тұруда лимфоциттердің маңызы өте зор екендігі бізге белгілі. Ағзаға енген бқгде материалдарға қарсы лимфоциттер деп аталатын ақ қан түйіршіктері, иммуноглобулиндер немесе антиденелер деп аталатын ерекше ақуыздық заттар жасап шығарылады. Ағзаға енген бөгдн биологиялық заттарАғзаға енген бөгдн биологиялық заттар-жаттегілерге қарсы күресу нәтижесінде , иммуноглобулиндер оларды залалсыздандырып, іс-әрекеттерін бейтараптандырады. Кейіннен , өз қызметтерін атқарып болған иммуноглобулиндер мен антиденелер жиынтықтары , ағзаға қажетсіз зат ретінде сыртқа шығарылады.

Алайда, ағзаға ендірілетін барлық тосын денелер ( қан сарысуы , ақуыздар , ферменттер, гормондар және т.б.) көбінесе аралас құрамдағы жаттегілерден тұратындықтан , оларға да қарсы көптеген антиденелер бөлініп шыға бастайды. Мысалы, адамның қызыл қан түйірішктері (эритроциттер ) тек қана А( ІІ) және В(ІІІ) қан топтарына ғана емес сонымен бірге резусфакторға да жаттегі болып табылады. Сол сияқты бактериялардың жасуша қабаттары мен вирустар капсидтерінің ақуыздары әртүрлі жаттегілер ретінде әрекет етіп , түрлі антиденелердің бөлінуін қоздыра алады . Яғни иммундалған малдардың қан сарысуы әртүрлі клондардың бөліп шығаратын антиденелері арқасында әрдайым аралас болып келеді. Дегенмен , зерттеу жұмыстарына антиденелердің тек бір ғана типі кездесетін моноспецификалық сары су немесе моноклональды антидене деп аталатын дәрмегін қолдану нәтижелері өте тиімді болып келеді.

Болашақта қажеттілігіне байланысты спецификалық иммуноглобулиндерді алу мүмкіндігі артады . Нобель сыйлығының лауреаты австралия ғалымы Френк Бернеттің тұжырымы бойынша, әртүрлі жаттегілерге тек қана өзіндік лимфоциттер ғана сезімтал болады. Былайша айтқанда,әрбір лимфоцит тек қана белгілі бір А-бактериясына имуноглобулин жасап шығарса онда келешекте осы лимфоциттің барлық ұрпақтары да дәл сондай имуноглобулиндер шығарады. Бір жасушаның ұрпақтары клон деп аталатыны белгілі .Сондықтан қандай да бір жаттегі сезімтал лимфоцит жасушалардан таралған клондар, осы жаттегіге қарсы ұқсас әрекет жасайды.Ағзада қандай да бір жаттегінің әсері нәтижесіне , тек соған қарсы әрекет ететін лимфоидты клондар белсенділік көрсетіп, зиянды жаттегіге қарсы иммуноглобулиндер жасап шығарады. Осы елонның көбеюі –ағзаның белгілі бір ауруға қарсы тұратын иммунитеттің пайда болуына алып келеді. Сол себепті, Ф.Бернетт өзінің ұсынған теориясын клональды –селекциялық деп атады.

Моноклональды антидене деп-бір жасуша клонымен бөлініп шығарылатын антиденелер айтылады. Френк Бернетт ұсынған теорния бойынша жасуша культураларында алынған әртүрлі лимфоциттер клондары арқылы моноклональды антиденелер алып ,солардың көмегімен ауруларды дәл диагностикалап , тиісті ем қолдану мүмкіндігі туындайды. Алайда бұған қарсы жаңа қиыншылықтар туады. Ол –антидене құрушы жасушалардың жасанды қоректік ортаға өмір сүру мерзімі өте аз,яғни не бәрі он күн аралықтарына дейін екендігі болатын.Сондықтан бұлардың өсіп көбеюін ұзарту мақсатындағы зертеу жұмыстары өз жалғасын тапқан еді.Кейіннен бұл әдіс те ойлап табылды. Яғни ол гибридома деген заттың шығуна байланыты мүмкін болды.

Осындай зат алу мақсатында ағылшын ғалымдары Цезарь Мильштейн және Георг Келлер алғаш рет 1975 жылы тышқанның лимфоцитімен жасанды ортада өсірілген сүйек миының қатерлі ісік жасушаларының гибридтерін алуға қол жеткізді.Осы гибридтер гибридомалар деп аталады.Гидридомалар өздері шыққан екі жасушаны да қасиеттерін алғаны анықталған . Атап айтқанда бастапқы лимфоциттер сияқты олар антиденелер шығара алса , сонымен бірге ісік жасушаларына тән қасиет – жасанды қоректік ортада шексіз көбею қабілетіне ие болуы себепті , осы гибридоманың көптеген поппулияциясын түзуге мүмкіндік туғызуға .Ісік жасушаларына ұқсас болуы себепті, оның атын әртүрлі ісіктердің аттарына , мысалы, саркома,меланома,миелом, холестеатома және т.б. ұйқастырып гибридома деп атай бастады.

Гибридома арқылы алынатын антиденелердің бастапқы тегі лимфоциттің бір жасушасынан таралу себепті ,оларды моноклональды деп атады. Көбінесе қажетті гибридомананы табу үшін , соған ұқсас мыңдаған зерттеу қажет болады, ал бұл өте қиын және ауқымды жұмыс . Бірақ қажетті гибридоманы табуға кеткен еңбек тез ақталады,себебі кейіннен спецификалық антидене негізінде жасалған дәрілер бағытты әсер ету нәтижесінде өте тиімді келеді.

1984 моноклональды антидене алу әдістерән ашқаны үшін Цезарь Мильштейн Георг Келлер және Нилс Ерне физиология мен медицина салаасы бойынша Нобель сыйлықтарын алды.

Иммуноглобулиндер ғылыми зерттеу жұмыстары мен қолданбалы медицинада кең қоладныс тапқан . Мысалы, оның көмегімен ағзада ісік бар не жоқ екенін анықтауға болады.Отандық ғалымдар да осы бағытта көптеген табыстарға қол жеткізді. С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің профессоры , ветеринария ғылымдарының докторы А.Қ.Бұлашев, Қ.Қ.Мұқанов, Н.Н.Билияев және т.б. ғалымдар моноклональды антидене алу жұмыстары бойынша зерттеулер жүргізіп көптеген ғылыми еңбектермен өнер табыстар авторы атанды.

Моноклональды антиденелерді адамдар мен жануарлардың қатерлі ісік ауруларын диагностикалап емдеуде пайдаланудың маңызы өте зор. АҚШ та моноклональды антиденелердің көмегімен өкпе,ішек, көкбауыр ісіктерін тез әрі дәл диагностикалау әдістері алғаш рет қолданыла бастаған болатын.

Қатерлі ісік ауруларын жаңа тәсілмен емдеу әдістері моноклональды антиеденелерге ісік жасушаларына өте зиянды улы агенттерді қосып,ісік шалған жерге бағытты түрде әссер ету арқылы жүзеге асырылады. Осындай жолмен алынған иммунотаксин басқа сау жасушаларға зиянын тигізбейді.Ал бұрыннан қолданылып келген ,яғни ісік жасушаларын дәстүрлі химиялық жолмен емдеу әдісі өздерінің бағытты түрде әсер ете алмауы барысында сау жасушаларға әсер етуі себепті тиімділігі төмен болып келген еді.Сондықтан қатерлі ісік ауруларын емдеуде радиоактивтілігі бар моноклональды антиденелерді пайдалану жақсы нәтиже беруде.

Гибридомаларды сақтау мақсатында аса төменгі температуралық қатыру әдісі пайдаланылады және соның арқасында дүние жүзіндегі түрлі зертханаларда алынған гибридомалармен алмасу мүмкіндіктері пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет