50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер



бет31/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42
001-3

Бұл ісіктер жеке ағзалар жасушасынан өсіп тек осы ағзаларға тэн кұрылымдар түзеді жэне сол ағзалардын кейбір кызметін аткарады. Мысалы, уйқы безінің кұрылымдарынан пайда болған ісіктер бір-біріне үқсас болғанымен, эр түрлі гормондар түзеді. Р-жасушалы аденома (инсулома) инсулин (82-сурет), а-жасушалы аденома (глюкагонома) глюкагон, g-жасушалы аденома (гастринома) гастрин өндіріп шығарады. Бұлардың кауіпті түрлерінің бэрін катерлі инсулома деп атайды. Асказан-ішек жолына АРУД — жүйесіне жататын, энтерохромаффиндік жасушадан өсетін, карциноид ісігі тэн. Кейде ісік жасушалары биологиялық белсенді зат серотонин бөліп шығарып, клиникада карциноид синдромымен бейнеленеді. Карциноид ісігі бір-біріне өте ұксас, кішкентай, қоңыр, ядросы ортасында орналаскан, хроматинге бай, домалак жасушалардан түзілген, ұялы не белдеулі кұрылымдар түзеді. Олардың араларын дәнекер тін бөліп жатады. Карциноид сокыр ішек өсіндісінде, аш ішекте көп кездеседі, кейде ол ішек кабырғасына ене өсетін, метастаз беретін, нағыз катерлі ісікке (катерлі карциноид) айналып кетеді .
34. Нерв жүйесi мен ми қабықшаларының iсiктерi: нейроэктодермальдық, мидың жұмсақ қабықшаларының, вегетативтi және шектi нерв жүйесiнiң қатерсiз және қатерлi түрлерi.
8.6. ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІ МЕН МИ ҚАБЫҚТАРЫНЫҢ ІСІКТЕРІ Орталык жүйке жүйесінің күрылысы өте күрделі, сондыктан оның кұра.мындағы барлык элементтер ісік көзі бола алады. Орталык жүйке жүйесінің жасушаларынан ісік өте сирек өседі, негізгі ісік көзі — нейроэктодерма. Жүйке жүйесі ісіктерінің ерекшеліктері. • Жүйке жүйесінде кездесетін көптеген катерсіз ісіктер айналасындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Экспансивтік өсу тек кейбір ми карыншаларының ішіне карай өсетін (эпендимома, хориоидпапиллома) үшін ғана тән. • Белгілі бір көлемге жеткен соң ісіктер катерсіз, катерлі екендігіне карамастан бір типтегі клиникалык белгілер береді. • Жүйке жүйесінің катерлі ісіктері негізінен ми көлемінде ғана метастаздар береді. • Орталык жүйке жүйесі ісіктерінін көпшілігі камбиалдык элементтерден дамитын дизонтогенездік ісіктер тобына жатады. Дегенмен, бүл ісіктерді гистологиялык түрғыдан тексергенде олардын катерсіз немесе катерлі екендігін аныктау клиника үшін өте манызды, себебі ісік катерлі болса, операциядан кейін косымша емдер, мысалы, химиотерапия жүргізу кажет. Орталык жүйке жүйесінің ісіктері: нейроэктодермалык жэне ми кабыктарының ісіктері деп екі топка бөлінеді. Нейроэктодермалық ісіктер Астроциттык ісіктер. Катере із астроцитома ересектерге карағанда жас балаларда көбірек кездеседі. Ол мишыкта, ми бағанында жэне 3-ші карыншада жайылмалы немесе түйін түрінде өседі. Ісік арасында кисталар пайда болады. Астроцитоманың фибриллярлык, протоплазмалык жэне фибриллярлык протоплазмалык (аралас) түрлерін ажыратады. Фибриллярлык астроцитома глиялык талшыктардан кұралған катты ісік, жасушалары аз. Протоплазмалык астроцитома негізінен ірі, цитоплазмасы біртекті, көп өскінді жасушалардан түзілген, кейде олардың арасында алып жасушалар да кездеседі. Гемистоцитарлы (ірі жасушалы) астроцитомада глия талшыктары мен ірі астроциттер біркелкі орналаскан. Анапластикалық (қатерлі) астроцитома жасушалар полиморфизмімен жэне митоздар санынын көптігімен сипатталады. Ісікте некроз ошақтары да кездеседі. Олигодендроглиалық ісіктер. Олигодендроглиома сирек кездесетін ісік. Ол негізінен аралары өте жакын, ядросы ірі, домалак, ал ядро айналасында түссіз аймағы бар жасушалардан түзіледі. Ісік көбінесе мидын ақ затынащ кейде 3-ші немесе капталдағы карыншалардан өсіп шығады. Анапластикалык олигодендроглиома үшін жасуша атипизмі, митоздар тэн. Эпендималык ісіктер мен хориоилтык өрім ісіктері. Эпендимома ісігі ми карыншаларын астарлап жатқан эпендима жасушаларынан түзілген. Эпендимома негізінен 4-ші карыншада, өте тығыз, диаметрі 4—6 см түйін түрінде өседі. Кесіп карағанда акшыл сұр түсті. Эпендимоманың жасушалы, сорғышты жэне ашык жасушалы түрлерін ажыратадьц Эпендиманың бірінші түрінде жасушалар қан тамырларының кемерін айнала күн сәулесі тәрізді (радиалды) жайғасып, жалған розеткалар түзеді. Эпендимоманың екінші түрі ісік жасушаларымен астарланған эр түрлі қуыстар мен өзектер түзуімен сипатталады. Оның катерлі түрін анапластикалык эпендимома деп атайды. Хориоидтык папиллома сырткы беті бүртіктене өскен цилиндрлік немесе текшелі эпителий жасушаларынан түзілген катерсіз ісік. Қатерлі хориоидтык папиллома ірі, эр түрлі көріністегі атипиялык эпителий жасушаларынан түзілген, олардын арасында митоздар көп. Нейрондык ісіктер. \Бұл ісіктер өте сирек кездеседі. Оларға ганглиоцитома, ганглионейробластома жатады. | Ірі жетілген ганглиоздык жасушалардан кұрылған катерсіз ісікті ганглиоцитома (ганглионеврома) деп атайдыі Бүл ісік негізінен 3-ші карынша түбінде орналасады. Ганглионейробластома ганглиоздык жасушалардан дамитын катерлі ісік, жасушалар арасында атипизм, полиморфизм басым. Өте жетілмеген және эмбриондык ісіктер. Эмбрион кезенімен бай-ланысты ісікке медуллобластома жатады. Бүл ісік әдетте мишыктың кұрт тэрізді бөлігінде орналасады, негізінен балалар үшін тэн. Медуллобластома жұмсак, кызғьиіт-сұр түсті, айналасындағы тіндерге шекарасыз өсіп кіретін қатерлі ісік.Юсы ісікті түзуші өте майда, ядролары домалак не сопақша жасушалар (медуллобластар) жалған розеткалар немесе ырғакты күрылымдар түзеді. t Қыздарға карағанда ұл балаларда 2—3 есе жиі кездеседі. Нейробластома балаларда кездесетін өте катерлі, көптеп метастаз беретін ісік. Ісік жасушалары ірі, ядролары көпіршіктенген, митоздар көп. Дифференциациясы өте томен ісіктерге глиобластома жатады (99-сурет). Ол глия элементтерінен өсіп шығатын аса катерлі ісік, 40—50 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Өте тез өсуіне байланысты ісікте некроз жэне кан күйылу ошактары пайда болады, сондыктан оның түсі шұбар ала. Микроскоппен Караганда ісіктін үлкендігі әр түрлі атипиялык жасушалардан түзілген, олардын арасында бір ядролы немесе көп ядролы алып жасушалар көрінеді, митоздар, онын ішінде атипиялык митоздар өте көп (100-сурет)
Ми қабықтарының ісіктері Олар менингиомалар немесе арахноидэндотелиомалар деп аталады. Ісік көлденеңі 5—6 см-ге жететін катты түйін түрінде өсіп, мидың катты кабығынан немесе жұмсак кабыктарын астарлап жаткан арахноидэндотелий жасушаларынан өнеді. Менингиомалар орталык жүйке жүйесінде глия ісіктерінен кейінгі ең көп кездесетін ісіктер (101-сурет), ол жүлын кабықтарынан да өсуі мүмкін (102-сурет).
Гистологиялык көріністеріне қарап менингиоманың төменгі негізгі түрлерін ажыратады: а) менинготелиалдық менингиома. Бұл ісік эндотелиге ұксас майда, цитоплазмасы ашық түсті, ядросы сопакша, хроматині өте әлсіз боялған жасушалардан түрады. Менингиоманын тек осы түрін арахноидэндотелиома деп атауға болады (103-сурет); э) кат-кабат кұрылымды менингиома. Бұл жерде жасушалар кесілген пияздың кабаттары сиякты бір-бірін айнала орналаскан. Осы кұрылымдарға кальций тұздары шөгіп калса, ол псаммоматоздык менингиома деп аталады; б) ангиоматоздык менингиома кұрамында кан тамырлары коп болады; в) фиброздык менингиомада жасушалар фибробласт элементтеріндей эр түрлі бағытта орналаскан будалар түзеді. Сонымен катар, атипиялык менингиоманы, папиллярлык менингиоманы ажыратады. Катерлі түрі анапластикалық (катерлі) менингиома деп аталады. Менингиоманын катерлі түрін менингиалдык саркома деп атайды. Бүл кезде жасушалар арасында атипизм, полиморфизм пайда болады
Шеткі жүйке жүйесінің ісіктері Шеткі нерв жүйесінің ісіктері оның кабығын түзуші Шванн жасушаларынан өседі. Оларға: нервилеммома (шваннома), нейрофиброма, нейрофиброматоз жэне қатерлі шваннома немесе нейрогендік саркома жата
Шваннома, неврилеммома, невринома нерв кабыктарынан өсетін, жаксы шекараланған, кейде капсуласы бар, жұмсак, созылмалы сұрғылт-сары түсті ісік. Микроскоптын көрінісіне карап Верокаи жэне Антони типтерін ажыратады. Ісіктің бірінші түрінде жасушалар каз-катар, шарбак тэрізді орналаскан ырғакты кұрылымдар (Верокаи денешіктері) түзеді (104-сурет). Бір-бірімен катар жаткан ядролар гематоксилин бояуымен көк түске боялса, олардын арасындағы жүйке талшыктары түссіз, осы өзгерістер микроскоптан ырғакты кұрылымдар түрінде көрінеді. Антони типіндегі невриномада жүйке талшыктары жэне олардың ядролары біркелкі, ал стромасы тор тэрізді орналаскан (105-сурет).
Нейрофиброма нерв талшыктарынан жэне дәнекер тіннен тұратын ісік. Нейрофиброматоз (Реклингаузен сыркаты) жүйке жүйесінін тума акауларына жатады, ол шеткі немесе үлкен жүйкелерінен көптеген нейрофиброманын өсіп кетуімен сипатталады. Шеткі жүйке жүйесінің нейрофиброматозында теріде үлкенді-кішілі түйіндер, полипке ұксас ісіктер пайда болады. Шеткі жүйкелердін катерлі ісігін неврогендік саркома деп атайды. Қатерлі шваннома — ісіктің катерсіз түрінен жасуша атипизмімен, көп ядролы симпластардың пайда болуымен, ісік кан тамырларының гиалинозымен ерекшеленеді. Вегетативтік жүйке жүйесінің ісіктері Бұларға негізінен симпатикалык түйіндердің (ганглий) ісіктері кіреді. Ганглиоздык жасушалар ісіктері. Ганглионеврома негізінен симпатикалык бағанның көкірек бөлігінде үшырайтын катерсіз ісік. Ол катты, созылмалы, кейде өте үлкен ісік. Ісіктің тіні жуан талшыкты дэнекер тіннен түзілген, олардын арасында бір-бірлеп немесе тогіталып жатқан ірі ганглиоздык жасушалар көрінеді. Осы ісіктің катерлі түрі ганглионейробластома деп аталады. Параганглий элементтерінен өсіп шыгатын ісіктер. Параганглидің екі түрі болады: 1) хромаффинді (бұған бүйрек үсті безінің милы кабаты жэне т.б. жатады); 2) хромаффинсіз параганглий (каротоид денешіктері жэне т.б.). Хромаффинсіз параганглий ісіктерін хемодектома деп атайды. Хемодектоманың кұрамында майда кан тамырлары көп, ісік жасушалары соларды айнала орналаскан немесе олар бір-бірінен дәнекер тін кабаттарымен бөлінген альвеолалык кұрылымдар түзеді. Жасушалардың пішіні эр түрлі цитоплазмасы түссіз, ядролары домалак. Егер жасушалар арасында атипизм пайда болып, ісік айналасындағы тіндерге өсіп кіре бастаса, оны катерлі хемодектома дейді. Нейробласт немесе симпатогоний жасушаларының ісіктеріне нейробласт жасушаларының эмбрион кезеніндегі жетілу үдерісінің жэне миграпиясының бұзылуына байланысты дамитын аса кауіпті нейробластома (симпатогониома) деп аталатын ісік жатады. Бүл ісік бүйрек үсті безінде, көкірек куысында, кұрсак пердесінін сырткы жағында ұшырап, жанындағы тіндерге, ағзаларға тез өсіп кіреді, көптеген метастаздар береді. Нейробластома негізінен іштен туа пайда болған ісіктер катарына жатып, бес жаска дейінгі аралыкта аныкталады. Микроскоппен Караганда ісік лимфоциттерге ұксаған майда жасушалардан түзілген, олардын арасында митоздар өте көп. Ісіктің екінші түрі (симпатобластома) біраз ірі жасушалардан кұралған, олардын ядросы акшылдау, хроматині түйіршікті көрінеді. Ісік жасушалары кейде жалған розеткалар, кейде бірлі-жарымды, нағыз розеткалар түзеді. Өте сирек жағдайларда ми кабыктарында катерлі меланома, гемангиобластома, ми тінінде катерлі лимфома, герминогендік ісіктер кездесуі мүмкін. Тератомалар Тератома (латынша teratos — күбыжык) деп ұрык жасушаларынан пайда болатын эр түрлі тіндерден түзілген ісікті атайды. Құрамына карап тератомалар белгілі бір ағзаға үксас (органоидтык), организмге үксас (организмоидтык) деп бөлінеді
Тератомалар негізінен жана туған нэрестелерде, кейде ересек адамдарда кездеседі. Олар сегізкөз-кұйымшак аймағында, көкірек куысында, кұрсак пердесінін сыртында, аналык және аталык түкым бездерінде, жұткыншакта, бас сүйегінің ішінде, омыртка өзегінде кездеседі. Тератомаларды микроскоппен карағанда кұрамында кейбір ағзалардың: ішектің, бездердің, бауырдын, нерв, эпителий тіндерінін калдыктары көрінеді (106-сурет). Егер тератома кұрамында катерлі ісік жасушалары пайда болса, онда оны тератобластома дейді. Тератобластома тез өсіп, метастаз бере бастайды. Олар осы, сегізкөз-кұйымшак аймағында баска жерлерге карағанда көп кездеседі (107-сурет). Анабез тератомасына негізінен дермоидтык кисталар жатады. Оның көлденеңі 20 сантиметрге дейін жетіп, кесіп карағанда іші шаш, май, т.б. тіндерімен толған. Микроскоппен карағанда киста кабырғасында оның куысына карай жайғаскан эпидермис кұрылымы көрінеді. Демек, тератомада ұшырайтын шаш, май осы тері косалкыларының кызметінін нэтижесі. Анабезде кұрамы өте күрделі тератомалар да, тератобластомалар да кездеседі. Атабезде катерсіз тератомалар, дермоидтык кисталар жэне катерлі тератомалар кездеседі. Қатерсіз тератомалар негізінен жетілген тіндерден күрылған. Дермоидтык кисталар жоғарыда айтылған түзіліске ие болады. Катерлі тератома кұрамындағы кай тіннің катерлі ісікке айналғанына карап саркома, аденокарцинома немесе жалпак жасушалы карцинома, кейде ұрык карциномасы түрінде байкалады. Тератоманын баска түрлері өте сирек кездеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет