50 – бал Паренхимиялық дистрофия кезінде мүшеде болатын өзгерістер


Қан жүйесінің аурулары және ісіктерінің макро-микроскопиялық сипаттамасы



бет39/42
Дата03.10.2023
өлшемі167.86 Kb.
#479592
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
001-3

41. Қан жүйесінің аурулары және ісіктерінің макро-микроскопиялық сипаттамасы
Қан жасау жүйесінің ісіктері (гемобластоздар”
)) ЛЕЙКОЗДАР
қан жасау жүйесінің ісіктік аурулары ЛИМФОМАЛАР
қан жасау жүйесінің аймақтық ісіктік аурулары
1 ЛЕЙКОЗДАР
Созылмалы
. 1 Миелоцит текті
2.Лимфоцит текті
3 Моноцит текті
Жедел

  1. Миелобластты

  2. Лимфобластты

  3. Плазмабластты

  4. Монобластты

  5. Эритромиелобластты

  6. Мегакариобластты



ЛИМФОМАЛАР- қан жасау және лимфалық тіннің аймақтық ісіктік аурулары.Бұл ауруға қатысатын В және Т лимфоциттер қатысуына байланысты бірнеше топтарға бөліп қарастырамыз.
Этиологиясы: Полиэтиологиялық аурулар тобына жатады. Ол ұан жасау ж/е лимфа жүйесінің жасушаларын мутациялайтын әр түрлі әсерлерден туындайды.
Мутагендер:

  1. Иондаушы

  2. Вирустарды

  3. Химиялық заттар

Лимфолар

  • Саңырауқұлақ тәрізді микоз

  • Сезари ауруы

  • Лимфосаркома

  • Ретикулосаркома

Лимфогранулематоз
ЛИМФОСАРКОМА

Лимфоцит текті жасушалардан өрбитін қатерлі ісік.Бұл ісік көбіне кеуде қуысындағы,іш пердесінің сыртындағы,кейде шаптағы және қолтық астындағы лимфалық түйіндерде өседі.Ол асқазанмен ішектің лимфалық тінінен,талақта,басқада мүшелерде дамуы мүмкін.Алғашқы кезде ісік шектеліп,локальді қалыптасады. Ол жердегі лимфалық түйіндер күрт ұлғайып,бірігіп,ірі түйіндер түзіп,төңірегіндегі тіндерді ығыстырады. Некрозбен қан ошақтары пайда болып,түйіндер қатайып бозғылт тартады.Кейін үдеріс лимфа және қан арнасы арқылы организмге жайылып,басқа түйіндерге,өкпеге,теріге,сүйектерге және басқада мүшелерге метастаз береді.


42. Балаларда кездесетін ісіктердің макро-микроскопиялық сипаттамасы
Балалар арасындағы онкологияның негізгі себептері не дегенге келер болсақ, оған толыққанды жауап беру мүмкін емес. Өйткені, бұл тақырып бүгінгі күнге дейін әлі жеткілікті деңгейде зерттелген жоқ. Балалар ересектерге қарағанда шылым шегіп, алкогольді ішімдіктер ішу сияқты зиянды әдеттерден алыс, оларда онкологиялық аурулардың пайда болуына себеп болатын қандай да бір ішкі факторлар әсер етті деу қиын. Бірақ балаларда кездесетін қатерлі ісіктің 50%-ы туабітті болып келеді. Яғни, балалар онкологиясына себеп болатын факторлардың бірі – адамның геніндегі қандай да бір мутация, ол балаға беріліп, ісік пайда болады, - дейді ол.
Басқарма басшысы балаларда болатын қатерлі ісік (рак) профилактикасы жөнінде айтқан кезде, негізгі әңгіме ата-ананың денсаулығы турасында болатынын айтады. Дәрігер отбасы құрмас бұрын жастар дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, саламатты өмір салтын ұстану сияқты қарапайым әдеттерді ескеруі маңызды дейді.

Себебі, мұның бәрі түбінде генетикалық өзгеріске, мутацияға алып келуі мүмкін. Әрбір адамның бойында қатерлі ісікке қарсы иммунитет бар, ол иммундық жүйені бақылауда ұстайды. Ал зиянды әдеттер салдарынан болатын эмбрионалды клеткаларда өзге денелер пайда болады да, ол иммунды жүйе бақылауынан шығады. Нәтижесінде, олар көбейіп, онкологиялық аурулардың туындауына себеп болады. Мұндай ісіктер балаларда «эмбрионды қатерлі ісік» деп аталады. Олар әдетте 3 жасқа дейін пайда болады, - дейді ол.


Дәрігер ең негізгі профилактика ата-ананың денсаулығы екенін баса айтты.
Ісік (латынша-tumor,blastoma, грекше-neoplasma,орысша-опухоль)- тұтас ағзаның жүйкелік – эндокриндік реттеулеріне бағынбай,өз бетінше дербес өсетін,құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақ-тықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалар-дың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.
Ісіктер тек адамдарға ғана емес хайуанаттар дүниесінде, тіпті өсімдіктерде кездеседі. Ісіктер қазіргі таңда ауру адамдар өлімінің негізгі себебі ретінде екінші орында тұр. Адамдардың әрбір бесінші немесе алтыншысы осы қатерлі ісіктен өледі екен. Сол үшін ісіктердің пайда болу себептерін, оның таралу жолдарын, морфологиялық өзгешеліктерін білу және үйрену медицина тәжірибесі үшін өте маңызды мәселе. Ісіктерді зерттеумен онкология ғылымы шұғылданады
Ісіктің морфологиялық көрінісі мен құрылысы. Өсу ерекшеліктері.
Ісік қай тіннің негізінде өсуіне байланысты әр түрлі түзіліске ие. Ісік ағза қуысына қарай немесе терінің сыртында полип тәрізді жіңішке сабаққа ілініп тұрса, оны экзофитті өсу дейді. Егер ісік қуыс ағзаның қабырғасына немесе басқа ағзалардың ішіне қарай өссе,оны эндофитті өсу деп атайды. Ісік көбінесе үлкенді-кішілі түйін түрінде өседі, оның көлемі қай жерде өсуіне байланысты. Бас сүйегінің ішінде ісіктер көп үлкеймей-ақ ауыр клиникалық өзгерістерге соқтырса, қарын қуысындaғы ісіктер шексіз өсе беруі мүмкін. Мысалы, жатыр фибромио-масының 70 килограмға дейін жеткені белгілі, ал аналық безде 129,5 килограмдық кистома табылған. Рак негізінен ақшыл түсті болса, саркоманың түсі балық етіне ұқсас ақшыл-қызыл болады, ал май тінінің ісігі сары түске боялады.
Ісік құрамында паренхима (ұлпа) басым болса ол жұмсақ, ал стромасы көп болса қатты болады. Барлық ісіктерді гистологиялық құрылысына, клиникалық көріністеріне қарап қатерсіз, қатерлі ісіктер деп бөледі.
Қатерсіз ісіктер әдетте ұзақ уақыт өседі және ағзаны аса қатты өзгерістерге ұшыратпайды. Оларға негізінен тіндік атипизм тән. Тіндік атипизмге ісік құрамындағы паренхима мен строма арақатынастарының бұзылуы, строманы түзуші дәнекер талшықтарының, жүйке талшықтарының әр түрлі жуандықта болуы немесе олардың түрлі бағытта ретсіз орналасуы, қан тамырларының бір жерде көп, екінші жерде аз болуы және т.б. кіреді. Бірақ клеткалар түзілісінде өзгеріс болмайды. Қатерсіз ісіктер айналасындағы тінге бойламай, оларды ығыстыра (экспансивті) өседі, олардың құрылысы өзі дамыған ағзаның құрылы-сына сәйкес болады, яғни гомологиялық ісіктер қатарына жатады. Метастаз бермейді, хирургиялық жолмен алып тастағанда кейбір сирек жағдайда болмаса қайта өспейді. Қатерсіз ісіктер өте үлкейіп кеткенде ғана жанындағы ағзаларды басып механикалық тұрғыдан олардың қызметін бұзады.
Қатерлі ісіктерге клеткалық атипизм тән. Оларды түзуші клеткалар өзі өсіп шыққан ағза не тін клеткаларынан өзгеше болып гетерологиялық ісіктер қатарына жатады. Қатерлі ісіктер тез өсіп-өнетіндіктен олардың арасында митоз құбылысы көп кездеседі, кейде ісік клеткаларының 10 пaйызы митоз күйінде болады, олардың ішінде патологиялық митоздардың саны көбейеді (хромосома-лардың шашылып немесе бөлшектеніп кетуі, хромосомалар арасында көпірлердің пайда болуы, көп полюсті митоздар, үш топты метафаза және т.б.). Кейбір клеткаларда хромосома саны 200-300-ге жетеді.
Жалпы айтқанда, ісік клеткалары өсіп-өнуі мен дамып жетілуі бойынша, құрылысы мен қасиеттері,атқаратын қызметтері бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларынан алшақтанып ерекшеленіп тұрады. Осындай жағдайды ісік өсуінің атипиясы (грек.,а-жоқ,болмау; typos-түр,пішін) дейді.
Ісіктің бірнеше:
-өсіп-өну атипиясын;
-морфологиялық атипиясын;
-биохимиялық атипиясын;
-антигендік атипиясын;
-функциялық атипиясын;
-физикалық-химиялық атипиясын-ажыратады.
Ісіктердің өсіп-өну атипиясына олардың өсу дербестілігі және тіршілігін жоғалтпай,ұдайы шексіз өсіп-өнуі жатады.
Ісік өсуінің дербестілігі. Ісік ісікке айналған бір жасушаның ғана қарқынды бөлініп көбеюі нәтижесінде дамиды және өған қажетті заттарды қаннан сорып алады. Өйткені ісік жасушаларының өсіп-өнуі өзін-өзі реттейтін жолмен болады. Ісік өсуі жасушалардың бөлініп көбеюін қадағалайтын нәруыздардың артып кетуінен немесе оны тежейтін нәруыздардың жетіспеушілігінен дамиды. Бұл нәруыздар ісік жасушаларына өсу факторы болып есптеледі. Осыдан ісік жасуша-лары өз беттерінше ұдайы бөлініп көбейе береді. Ісік жасушалары, қалыпты жүйкелік-эндокриндік және паракриндік реттеу жолдарына бағынбай, өз беттерінше ырықсыз өседі. Осындай жағдайды ісік өсуінің дербестілігі дейді.
Морфологиялық атипия тіндік және жасушалық болып ажыратылады.
Тіндік атипия – деп тіндік құрылымдардың қалыпты арақатынасының бұзылуын айтады.
Жасушалық атипия – ісік жасушаларының құрылымы мен пішіні және көлемі бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларының алшақтанып, ерекшеленуін айтады.
Биохимиялық атипия – деп ісік тінінде зат алмасуларының қалыптыдан ауытқып ерекшеленуін айтады. Ісік клеткаларында тотықтану процесінен көрі гликолиз (яғни ашу, іру) басым,себебі олар өсіп-өну үшін оттегін көп қажет етпейді,сондықтан оттегімен қамтамасыз ететін жүйенің көмегінсіз-ақ өсе береді.
Антигендік атипия деп организмде қалыпты жағдайда кездеспейтін тек ісікке тән,не ісікті тудыратын вирустарға, канцерогендерге тән, не эмбрион кезінде ғана ұшырайтын антигендердің қанда пайда болуын айтады. Мысалы, тек эмбрион кезінде пайда болатын фетопротеин ақуызының ауру адам қанында табылуы бауыр рагын, кейде еркек жыныс безі рагын уақытылы анықтауға жәрдем береді. Антигендік күрденелену антигендік дивергенция және реверсия түрлерінде байқалады. Антигендік дивергенсия – деп ісік жасушасында орналасқан тіннен басқа тіндердің антигендері өндірілуін айтады. Антигендік реверсия – ісік жасушаларымен ұрықтық антигендердің өндірілуін айтады.
Функциялық атипия – Ісік орналасқан ағзаның немесе тіннің атқаратын қызметін:
- жоғалтады немесе төмендетеді; мәселен, асқазан обыры оның сөл шығаруын азайтады, лейкоз кезінде лейкоциттер фагоцитоздық қызмет атқармайды;
- арттырады; мәселен, аденома кездерінде эндокриндік бездердің гормон шығару қызметі артып, гиперфункция дамиды;
- орналасқан тін жасушаларына тән емес қызмет атқарады; мәселен, бронхогендік обыр аденогипофиздің гормондарын, сүт безінің обыры тиреоидтық гормондарды өндіре бастайды.
Физикалық-химиялық атипия – Ісік жасушаларында судың калий иондарының мөлшері жоғарылайды да, кальций, магний иондары азаяды.
Ісіктердің этиологиясы.
Ісіктердің пайда болу себептері өте көп, олар әлі де болса ақырына дейін зерттелмеген. Ракты тексеруші Халықаралық қоғамның анықтауы бойынша адам рагының 80-90 пайызы қоршаған ортада таралған әртүрлі (химиялық, физикалық және биологиялық) ықпалдардың әсеріне байланысты.
Химиялық канцерогенез. 1775 жылы Англияда Персивал Потт мұржа тазалайтындардың обырын хабарлады: бала күнінен көп жылдар түтін шығатын мұржаларды тазалайтын адамдардың ұма терісінде, санының және құрсақ терілерінде обыр ісігі пайда болатыны байқалған. Бұл обырдың себебі пештің күйесі болады деген пікір айтылды. Осыдан кейін көп зерттеушілер обыр ісігін жануарлардың терісіне тас көмір қара майын жағу арқылы тәжірибеде алуға кірісті. Тек 1918 жылы жапон зерттеушілері Ямагива мен Ишикава осы жолмен қоянның құлағында тері обырын алды. Осыдан бастап химиялық канцерогенезді жүйелі түрде зерттеу басталды. Артынан әртүрлі химиялық заттардың әсерлерінен ісіктің басқа түрлері де дамитыны белгілі болды.Көптеген кәсіптік рактар да әртүрлі химиялық заттардың әсерінен дамиды. Мысалы, хош иісті аминдерге жататын анилин,бензидин, 2-нафтиламинмен жұмыс істейтін адамдардың көпшілігінде 5 жылдан кейін қуық рагы пайда болады. Ренгенологтарда, басқа дәрігерлерге қарағанда тері рагы 8 есе жиі ұшырайды. Этилнитроздық аминдер бүйрктің, жүйке жүйесінің рагына, диэтилнитроздық аминдер – бауыр рагына соқтырады.
Шеккен шылымның түтінінде, арақ-шарап құрамында канцерогендік заттар бар. Шылым шегетін адамдарда шылым шекпейтіндерге қарағанда өкпе рагы 10 есе жиі ұшырайды. Сонымен қатар ауыз қуысы,жұтқыншақ, көмей рактары да 3-9 есе көбейеді. Маскүнемдерде сау адамдарға қарағанда қылтамақ 170есе, көмей рагы 10 есе көп кездеседі.
Ана ағзасындағы химиялық заттар бала жолдасы арқылы өтіп өсіп келе жатқан ұрыққа канцерогендік әсер ету мүмкін. Трансплаценталық канцерогенез 30-шы жылдары Америкада жүктілікті сақтау үшін кеңінен қолданылған диэтилстильбестрол гормоны кейінірек жас қыздар мен әйелдер қанының қатерлі ісігінің дамуына себеп болғандығы анықталған. Жалпы 5 жасқа дейінгі балаларда кездесетін ісіктердің (нефробластома, гепатобластома, лейкоз, остеогендік саркома және т.б.) көбі осы жолмен туындайды. Эндокрин бездерінің көптеген ауруларында ағзадағы гормондар тепе-теңдігі бұзылып олар әсіресе стероидтар мен эстерогендер, нысана – ағзаларға канцерогендік әсер етеді.
Осы аталған химиялық заттардан басқа, әртүрлі физикалық факторлар да ісіктің туындауына себеп болады. Бұларға әртүрлі иондағыш сәулелердің түрлері және ультракүлгін сәулелер жатады. Иондағыш сәулелердің барлық түрлері канцерогендік әсер ете алады. 1895 жылы рентген сәулелері ашылғаннан кейін 1909 жылы ең алғаш радиацияның ісік туындату мүмкіншіліктері туралы пікір айтылды. Ренгенологтарда тері обыры мен сүйек саркомасы дамуының мүмкінші-ліктері байқалды. Адамдарда рентген сәулелерімен жалпы сәулелендірудің нәтижесінде ісік пен лейкоздардың дамуы жиілейді. Хиросима, Нагасаки қалаларында 1945 жылы АҚШ атом бомбасын жарғаннан кейін, Семей полиго-нында 1949 жылдан бастап атом бомбпсын сынаулардан соң бұл аймақтардың тұрғындарының арасында лейкоз дерті мен ісіктер жиі кездесетін болды. Ультра-күлгін сәулелер әсерінде тері рагы мен меланома дамиды.
Биологиялық канцерогенез. 1908-1911 жылдары Америка ғалымы Раус тауық саркомасының жасушасыз сүзіндісін сау тауықтарға енгізу арқылы осы ісіктің дамитынын көрсетті. 1933 жылы Шоуп қоянға ісіктен алынған осындай сүзіндіні енгізіп,онда папиломма ісігін алды. Вирустардың әсерінен адамда Т-жасушалы лейкоз т.б. дамиды. Ересек адамдарда Т-жасушалық лимфолейкоз вирустың ықпалынан туындайды. Адамда кездесетін герпесвирустар (герпес-ұшық) ДНҚ-онковирустарға жатады. Олардың ішінде Энштейн – Барр
Вирусы сау адамдардың жұтқыншақ – көмейлерінің шайындысында жиі кездеседі.
Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:
- бірінші сатысында жасуша ішіне еніп,онда ДНҚ молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді;
- екінші сатысында өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;
- үшінші сатысында онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, ісік жасушасына айналдырады.
Ісік өсуіне әкелетін қауіп-қатерлі ықпалдар.
Осы ықпалдармен қатар ісік дамуына әкелетін көптеген қауіп-қатерлі ықпалдарды ажыратады. Оларға:
Зиянды әдеттер:
- темекі шегу;
- маскүнемдік;
- насыбай ату;
Тиімсіз қоректену (тым майлы тамақ ішу,ысталған тамақты артық пайдалану, тағамда витаминдер, қанықпаған май қышқылдары жетіспеуі т.б.)
- қоршаған ортаның химиялық заттармен, иондағыш сәулелермен ластанулары т.б. жатқызуға болады.
Ісіктің пайда болуы немесе болмауы көпшілік жағдайда ағзаның, ең алдымен реттеуші жүйелерінің жағдайларымен, оның даралық реактивтілігімен өте тығыз байланысты. Ісік дамуында иммундық жүйелердің маңызы өте үлкен.
Ісіктердің пайда болуындағы иммундық жүйенің рөлі.
Әдетте қатерлі ісік иммундық жүйесі әлсіреген адамдарда: қарттарда, иммунодепрессивтік препараттар қабылданған ауруларда көп ұшырайды. Канцерогендік заттар да иммундық жүйе қызметін басып тастайды.
Көптеген ісік жасушаларының антигендік құрамы қалыпты жасушаларға өте жақын,сондықтан ісік дамуының алғашқы кезеңінде ағзада ісікке қарсы бағытталған күшті иммундық реакция байқалмайды. Тек антигендік ерекшелігі жақсы дамыған ісіктер пайда болғанда ғана иммунды жүйенің белсенді қарсылығы көрінеді. Ісікке қарсы күресте негізгі рөлді жасушалық иммунитет атқарады. Ісіктің өсу аймағының айналасында Т-лимфоциттер шоғырлары көрінеді, олар қаншалықты көп болса, бұл ісіктің нәтижесі соншалықты оң болады. Осындай әртүрлі қатерлі ісіктердің кейде бүтіндей жойылып кетуі иммундық жүйе қызметіне байланысты.
Ал иммундық жүйені әдейі басып тастағанда (бақа ағзаларды көшіріп отырғызу,яғни трансплатация операциясына байланысты) ісіктің пайда болу мүмкіншілігі 100 рет артады. Дeмек иммундық жүйенің қалыпты қызметі ісік пайда болудың тежеуші факторларының бірі болып есептеледі. Көп жағдайларда рактың шығуы жасқа байланысты. 60 жастан кейін ракпен ауру мүмкіндігі 250жасқа дейінгі адамдарға қарағанда 50 тіпті 100 есе артдады. Бұл құбылыс организмде жас өткен сайын канцерогендік заттардың жиналып қалуымен, қоршаған ортаның ластануымен ракалды процестерінің көбеюімен, иммундық жүйенің, әсіресе, тимус қызметінің әлсіреуімен түсіндіріледі. Сонымен қатар өсіп келе жатқан ісік организмнің жүйке жүйесі жағдайына үлкен әсер етіп, аурулар-дың психикасы өзгереді, қозу, тежелу үрдістерінің арақатынасы бұзылады, созыл-малы күйзеліс жағда
І Ісіктің қазіргі кездегі халықаралық түрлері ісік гистогенезі негізінде құрылған; яғни ісікті әртүрлі топтарға бөлгенде оның қайсы тіннен пайда болған-дығы, қатерсіз не қатерлі екендігі есепке алынады. Организмнің кез келген ағзасы немесе тіні ісік көзі бола алады. Қазіргі уақытта барлық ісіктерді 7 топқа бөледі:
1. Арнайы даму орны жоқ эпителийлі ісіктер (жеке ағзаға тән емес ісіктер).
2. Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері (жеке ағзаға тән ісіктер).
3. Мезенхималық ісіктер.
4. Меланин түзуші тін ісіктері.
5. Жүйке жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері.
6. Қан жүйесінің ісіктері.
7. Тератомалар.
Арнайы даму орны жоқ (жеке ағзаға тән емес) эпителийлік ісіктер.
Бұл ісіктер кез келген жалпақ не безді эпителийден дамиды. Олар қатерсіз және қатерлі болып екі топқа бөлінеді.
Қатерсіз ісіктер. Эпителийден пайда болатын арнайы даму орны жоқ қатерсіз ісіктерге папиллома мен аденома жатады.
Папиллома (латынша papilla – бүртік) жалпақ және өтпелі эпителийден өсіп шығатын ісік. Ол теріде, ауыз, мұрын қуысында, көмейде, бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде өседі. Папиллома көлденеңі 1 сантиметрге дейін болған түінше түрінде кейде сабақшаға ілінген полип тәрізді терінің не шырышты қабықтарының үстінде жайғасатын ісік.
Аденома – безді ағзалар эпителиінен,олардың өзектерінен өсетін безді ісік. Ол айналасындағы тіндерден жақсы шекараланған,үлкендігі бірнеше миллиметр-ден, ондағы сантиметрге жететін, жұмсақ ісік. Аденомалар өсіп шыққан жеріндегі тіндерге ұқсас құрылымдар түзеді. Егер аденома құрамында эпителийден гөрі дәнекер тін өсуі басым болса, бұл ісікті фиброаденома деп атайды.
Қатерлі ісіктер. Эпителийден туындайтын қатерлі ісікті рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін түрінде, не жайылма өскен, ақшыл реңдегі ісік, ол қатты, кейде жұмсақ болады. Рактың бірнеше түрлерін ажыратады:
1) орнықты рак – эпителий қабатының ішінде өсетін рак.
2) жалпақ клеткалы – терінің, шырышты қабаттардың жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығатын рак.
3) безді – безді ағзалардың шырышты қабықтарының призмалық немесе текше тәрізді эпителийінен өсіп шығатын рак.
4) шырышты – ісік клеткаларының көп мөлшерде сұйықтық бөліп шығару-мен сипатталады.
5) солидті – аса тез өсетін ісіктер қатарына жататын,эпителий клеткала-рынан түзілетін рак.
6) майда клеткалы – жетілмеген рактар қатарына жатып, көбінесе өкпеде кездеседі.
7) фиброзды – сүт бездерінде,асқазанда көбірек кездеседі, өте қатерлі, ерте метастаз беретін рак.
8) медулярлы рак – ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік.
Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы
Эпителий ісіктері (жеке ағзаға тән ісіктер).
Бұл ісіктер жеке ағзалар клеткасынан өсіп тек осы ағзаларға тән құрылым-дар түзеді және сол ағзалардың кейбір қызметін атқарады.
Гипофиз ісіктері. Гипофиз құрамында кездесетін клеткалардың бәрінде де ісіктер өседі. Клиникалық белгілеріне қарап немесе қандағы гормондар мөлшерін анықтау арқылы гипофизде гормондар бөліп шығаратын және гормондар бөліп шығармайтын аденомаларды ажыратады. Гормондар бөліп шығаратын аденома-лар хромофобтық немесе эозинофилдік клеткалардан түзілген. Гормондар бөліп шығармайтын аденомаларды микроскоптық көріністеріне қарап майда клеткалы хромофобты, ірі клеткалы хромофобты және онкоцитома деп бөледі. Майда клеткалы хромофобты аденомалар гиперхромды боялған майда, ядролары домалақтау сопақ клеткалардан түзілген. Олар белгілі бір құрылымдар түзбейді. Ірі клеткалы хромофобты аденомалардың ядролары ірі, полиморфты, кейде екеу. Онкоцитомалар өте ірі, қызғылт түске боялған, цитоплазмасы түйіршікті, ядрола-ры кішкентай клеткалардан құралған.
Бүйрек үсті безінің ісіктері. Бүйрек үсті безінде де түрлі гормон бөліп шығарушы ісіктер кездеседі. Шумақты аймақтан альдостеромалар, талшықты аймақтан кортикостеромалар ме глюкокортикомалар, торлы аймақтан андростеро-малар өсіп шығады және одан басқа аралас ісіктерде кездеседі. Аденоманың өзіне тән клиникалық белгілері болады. Альдостеромалар клиникасы Кон синдромы-мен, кортикостеромалар Кушинг синдромымен, андростеромалар жыныс белгіле-рінің өзгеруімен сипатталады.
Аналық без ісіктері.Аналық без ісіктері негізгі бес топқа бөлінеді: эпителийлік ісіктер; жыныстық жолақ стромасының ісіктері; липидтікклеткалық ісіктер; герминогендік ісіктер; гонадобластома. Эпителийлі ісіктердің ішінде жиі кездесетіні сарысулы және муцинді цистаденомалар. Гранулезаклеткалы ісік эстероген гормондарын бөліп шығаратын ісік. Текома да фолликулома сияқты гормон бөліп шығарушы, негізінен қатерсіз, консистенциясы қатты, сары түсті ісік. Дисгерминома қатерлі ісіктер қатарына жатып, жыныс белгілері толық жетілмеген қыздар мен жас әйелдерде кездеседі.
Аталық без ісіктері. Жалпы аталық без ісіктерін жетілмеген жыныс клеткаларының без стромасының, без қабықтарының және ен қосалқысының ісіктері деген топтарға бөледі. Герминогенді ісіктерге семинома жатады. Ен стромасының ісіктеріне Лейдиг және Сертоли клеткаларынан өнетін, гормондар бөліп шығаратын қатерсіз ісіктер кіреді.
Лейдигома қоңыр түсті түйіндер түзіп, цитоплазмасы қоңыр, ядролары хроматинге бай клеткалардан тұрады.
Сүт бездерінің ісіктері. Сүт безіне тән қатерсіз ісіктерге фиброаденома жатады. Бұл ісік түйін тәрізді өсіп, консистенциясы қатты болады.
Сүт бездеріне тән қатерлі ісіктерге: бөлікшеішілік сіңіп өспейтін рак – без эпителийінің соңғы бөліктерінен және бөлекшеішілік өзектерден өседі; өзекшеіші-лік сіңіп өспейтін рак – ісікке тән тән атипиялық эпителий клеткаларының бүртік-теніп,өзек ішін толтыра өсіп кетуімен сипатталады; Педжет ауруы – бір жерден емес, ауқымды ісік өрісінен,емізік эпителийінен,бір мезгілде дамитын рак жатады.
Жатыр ісіктері. Жатырға тән ісіктерге трофобластық аурулар қатарына кіретін инвазиялық қағанақ тығыны және хорионкарцинома жатады. Инвазиялық қағанақ тығыны хорион бүрлерінің жатыр және жамбас веналарына бойлай өсуімен сипатталады. Хорионкарцинома трофобласт элементтерінен өсіп-өнетін ,қағанақ тығынынан кейін, түсіктен кейін, жатыр түтігіндегі жүктіліктен кейін қалған хорион қалдықтарынан дамитын, тез арада гематогенді метастаз беретін ісік.
Қалқанша без ісіктері. Қалқанша бездің қатерсіз ісіктеріне аденома жатады. Олар фолликулалы, сорғышты, В және С – клеткалық аденомалар болып бөлінеді.
Мезенхимадан өсетін катерсіз ісіктер. Фиброма жетілген талшыкты дэнекер тіннен өсетін катерсіз ісік. Ол теріде, тері асты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшыкет аралығында өсіп, бірте-бірте үлкейіп көлденені 4-6 сантиметрге жетеді. Ісік айналасындағы тіндерден капсуламен шекараланған. Кұрамындағы жасушалар мен дәнекер тіннін аракатынасына байланысты фиброманы катты жэне жүмсак түрлерге бөледі. Жүмсак фиброма негізінен фибробласт, фиброцит жасушаларынан түзілген, олардың арасында аралык тін мен жіңішке коллаген талшыктары көрінеді. Аралыктін ісінген жағдайда фибробласт жасушалары бір-бірінен алшактап, жұлдыз тэрізді болып калады. Ісіктін бұл түрін миксома деп атайды. Қатты фиброма эр түрлі бағытта орналаскан дэнекер тін талшыктарынан жэне аз мөлшердегі фибробласт жасушаларынан құралған. Ісік стромасы кейде гиалинге ұксас катты. Десмоидтык фиброма катты фиброманын бір түрі, іштің тік бүлшықетінің апоневрозынан өседі. Ісік ұршык тәрізді, катарласа орналаскан талшыктар түзетін, жасушалардан кұралған. Десмоидтык фиброманың ерекшелігі — ол айналасындағы тіндерге ене шекарасыз өседі. Десмоид баска жерлерде де өсуі мүмкін, оның экстраабдоминалды десмоид деп атайды. Дерматофиброма (гистиоцитома), терімен байланысқан дэнекер тін ісігі. Ісік жасушалары кейде фибробласт жасушаларында коллаген түзіп, кэдімгі фибромаға ұксап, кейде гистиоцит жасушалары басым болып, олардын арасында көп ядролык цитоплазмасында май немесе гемосидерин бар жасушалары пайда болады. Ісік кұрамында кан тамырлары да көп, сондыктан дерматофиброманын ангиофиброматоздык, липидтік жэне сидерофилдік түрлерін ажыратады (М.Ф. Глазунов). Липома — май тінінің катерсіз ісігі. Ол кесіп карағанда сэры немесе акшыл сары түсті, салмағы 10—15 килограмға дейін жетуі мүмкін. Әдетте липома айкын шекараланған ісік, бірак кейде ол бұлшықет арасына сіңіп өседі. Липома көлемі мен пішіні эр түрлі май жасушаларынан түзілген. Егер маймен бірге дәнекер тін өсіп кетсе, онда ісікті фибролипома деп атайды. Липома кұрамында кан жасаушы элементтер болса, оны миелолипома дейді. Бүйректің кыртысты кабатында май тінінен, кан тамырларынан жэне бірынғай салалы бүлшықет талшыктарынан кұралған сирек кездесетін ісік — ангиомиолипома өседі. Гибернома коңыр май тәрізді өте сирек кездесетін ісік. Қоныр май калдыктары кездесетін жерлерде: омыртка, бүйрек, бүйрек үсті безі айналасында, жауырын аралығында, мойында, колтык астында дамиды. Коныр май алғашқы рет кыскы ұйкыға кететін жануарлардан табылған. Гибернома (латынша hibernus — кыскы) термині де осы түсінікпен байланысты. Ісік коңыр түсті түйін түрінде өсіп, көлденеңі 5—8 сантиметрге жетеді. Ісік көп пішінді, цитоплазмасы май тамшыларымен толған түйіршікті, ядросы хроматинге бай жасушалардан кұралған. Олардын арасында өте ірі, кейде көпядролы жасушалар да кездеседі. Лейомиома бірынғай салалы бүлшыкет ісігі, көбінесе жатырда, асказанішек жолдарында кездеседі. Ісік әр түрлі бағытта жайғаскан бүлшыкет талшыктарынан түзілген. Ісік кұрамында дэнекер тін басым болса, ол ісік фибромиома деп, кан тамырлары көп болса — ангиомиома деп аталады. Жатырда фибромиома салмағы 70 килограмға дейін жеткендігі аныкталған (83-сурет). Ван Гизон бояуымен дәнекер тін кара түсті көрінеді. Рабдомиома көлденең жолакты бүлшыкет ісігі жүректе, аяк-кол бүлшыкеттерінде өседі, онын көлденеңі 10—15 сантиметрге жетеді. Ісік үрыктык кезендегі бұлшыкет талшыктарына ұксас жасушалардан жэне мио бластардан кұралған. Кейбір жасушаларда көлденен жолактардын табылуы, бұл ісіктін рабдомиома екендігінін морфологиялык белгісі болып саналады. Қан және лимфа тамырлары ісіктері Кан жэне лимфа тамырлары ісіктерінін көпшілігі дизонтогенездік негізде дамиды. Олардың катерсіз түрлеріне капиллярлык, каверналык, веналык гемангиомалар, гломусангиома, катерсіз гемангиоперицитома, лимфангиома жатады. Капиллярлык гемангиома ең көп кездесетін ісік. Ол бет терісінде, мойында, аркада, көкшіл не кызғылт түсті дак немесе түйін түрінде көрінеді (84-сурет). Микроскоппен карағанда бір-біріне өте жакын жаткан. 1-2 кабатты, эндотелиге ұксас, жасушамен астарланған, шекарасы анык білінбейтін майда кан тамырларынан (капиллярлардан) түзілген. Каверналык гемангиома коңыр кызыл түсті түйін түрінде бауырда, асказан-ішек жүйесінде, теріде кездеседі. Бауырдың каверналык ангиомасы жарылып кеткенде ішке кан кету мүмкін. Ол кабырғасы жүка, ішкі кабаты эндотелий жасушаларымен астарланған, бір-бірімен жалғаскан, канмен толған ірі куыстардан түзілген. Веналык гемангиомада кан тамырларынын санылуы бір-бірінен калың дәнекер тіндік кабатпен бөлінген. Оның кұрамында бірынғай салалы бұлшыкет талшыктары да болады. Гломусангиома терідегі гломустардан, артерия жэне вена жүйелерін біріктіруші кан тамырлардан, оның ішінде СукеГойер өзегі деп аталатын артериялык бөлігінен өсетін ісік. Микроскоппен карағанда ісіктің тэртіпсіз орналаскан, ішкі кабаты эндотелиймен қапталған майда саңылау тәрізді кан тамырларынан түзілгендігі көрінеді. Оларды пішіні домалак не сопакша, цитоплазмасы ашык, ядролары гиперхромды боялған тығыз, эпителиоидты жасушалар коршап жатады. Катерсіз гемагиоперицито ма капилляр айналасындағы перицит жасушаларынын көбейіп өсіп кетуімен сипатталады (85-сурет). Эндотелий жасушаларында өзгерістер болмайды. Лимфангиома лимфа тамырларынан өсетін ісік. Олардың капиллярлык, каверналык, кистоздык түрлерін ажыратады. Лимфангиома жайылмалы түрде не бірнеше кисталардан түзілген түйін түрінде өседі, ол жайылмалы түрде өскенде ісік пайда болған жер үлкейіп, тілде макроглоссия, ерінде макрохейлия деп аталатын өзгерістерге соктырады. Кистоздык лимфангиоманы кесіп карағанда олардың ішінде сәл сарғыштау, мөлдір сұйыктык көрінеді. Қатерсіз синовиома көбінесе ірі буындарда кездесетін, көлденеңі бірнеше сантиметрге жететін, коныр аралас акшыл түсті катты ісік. Синовиоманың бір фазалы жэне екі фазалы түрлері бар. Бір фазалы синовиома негізінен үршык тэрізді, ал кейде тек ірі, цитоплазмасыашык түсті жасушалардан күралған. Екі фазалы синовиомада аталған жасушалардың екі түрі де кездеседі. Олардын арасында эпителийге үксас жасушалармен астарланған өзектер пайда болады. Ісік жасушаларынын арасында кұрамында май тіні бар ксантомдык жэне полиморфты ядролы алып жасушалар да көрінеді. Бұл ісікке гемосидерин жиналып калу тэн. Кейде сүйекке жэне шеміршекке айналған алкаптар көрінеді. Мезотелиома сірлі кабактардын ішкі кабатын астарлап жататын мезотелий жасушаларынынісігі. Катерсізмезотелиомабарлыксірлі кабыктардан, эсіресе, плеврадан жиі өсетін, катты консистенциялы ісік. Ол өзінін микроскоптык көрінісі бойынша жасушаға бай фиброманы елестетеді.
Остеома сүйек тінінің ісігі, оның тығыз жэне кеуек түрлері бар. Кдлыпты жағдайда сүйек бедгілі бір ретпен жайғаскан сүйек белдеудерінен түзілген болса, остеомада олар эр түрлі бағытта орналаскдн жэне жетілу мерзімі эр түрлі сүйек тінінен кұралған, араларында пластинкалык жэне талшыктык сүйектіні, кеңейген гаверс өзектері, сүйектің сорылу ошактары да көрінеді. Остеоидтык — остеома (катерсіз остеобластома) сүйектердің диафизінде кездесетін, диаметрі 1 сантиметрден аспайтын катерсіз ісік. Ол бір-бірімен жалғасып жаткан сүйекке ұксас жэне кальций тұздары аз сүйек белдеулерінен тұрады. Олардың арасында көп ядролы алып жасушалар — остеокластар жэне дәнекер тін элементтері өсіп кеткен. Хондрома гиалин шеміршегінен өсіп шығатын катты ісік (86-сурет). Ен көп кездесетін жері колдың, аяктын майда сүйектері, омыртка. Ісік сырткы карап өссе — оны экхондрома деп, сүйек өзегіне қарап өссе — энхондрома деп атайды. Хондрома негізгі зат ішінде жеке-жеке түйіншелер түрінде орналаскан толык не шала жетілген шеміршек жасушаларынан түзілген. Қатерсіз хондробластома аралык затқа өте бай, хондробласт жасушаларынан түзілген ісік. Олардың арасында көп ядролы алып жасушалар (остеокластар) да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет