Регенерация түрлерi: физиологиялық, репаративтiк, патологиялық. Олардың морфологиялық сипаттамасы.Толық және жартылай регенерация. Регенера-циялық гипертрофия
37. Регенерация түрлерi: физиологиялық, репаративтiк, патологиялық. Олардың морфологиялық сипаттамасы.Толық және жартылай регенерация. Регенера-циялық гипертрофия. Регенерацияның физиологиялык, репаративтік, патологиялык түрлерін ажыратады. Физиологиялык регенарация ешбір сырткы эсерсіз калыпты жағдайда үздіксіз өтіп жатады. Физиологиялык регенерация тозығы жеткен тіндер мен жойылып кеткен жасушаларды жаңартуға бағытталған. Оның мысалы ретінде терінің, асказан-ішек, тыныс алу жүйелерінің эпителийінің үздіксіз жаңарып тұруын келтіруге болады. Организмнің осы бөліктерінде жабынды эпителийдің бүтіндігі эрдайым сакталуы керек. Эпителий бүтіндігі бұзылғанда шырышты кабактарда жара пайда болып, эр түрлі инфекциялар канға тікелей өтіп кету мүмкіндігін алады, яғни, қоршаған орта мен организм арасында өзара катынас бұзылады. Демек, регенерация шырышты қабыктардын бүтіндігін, олардын корғаныс кызметін калыптастырады, ішкі жэне сыртқы орта тұрактылығын камтамасыз етеді. Тіршілігі жойылған кан элементтерінің ыдырап, орнына жас элементтердің үздіксіз пайда болуы да, жасуша ішілік ультракұрылымдардың өз-өзінен жаңарып тұруы да физиологиялык регенерация түріне жатады. Реперативтік регенерация жасушалар мен тіндердің эр түрлі себептерге байланысты закымдануы нэтижесінде дамиды. Регенерация үдерісі барлык жан- жануарларда бірдей өтпейді. Мысалы, сакиналы кұрттардың бір бөлігінен түтас кұрт пайда болады. Кұйрыкты космекенділер (тритондар жэне т.б.) жоғалткан кұйрыктары мен аякколдарын тез калпына келтіре алады. Көпке дейін толык регенерация (рести туция) деп, осылайша, жоғалған ағза орнына сол тектес жаңа ағзаның пайда болуын түсініп келді. Бірак эволюцияның ең жоғары сатысына көтерілген сүткоректілерде бүл секілді жанару жок. Сонымен катар, даму үдерісінін ен жоғары сатысындағы организмдерге регенерация мүмкіншілігі жоғалған, не өте төмендеген деген заң калыптаскан болатын. Дегенмен, көптеген зерттеулер нэтижесінде, әсіресе кейінгі 20—30 жыл ішінде, сүтқоректілер организмінде регенерацияның баскаша жасуша жэне жасуша іші деңгейінде өтетіндігі аныкталды. Осы мэселені толык шешуде Д.С. Саркисовтың және оның шэкірттерінің (1963—1987) орны ерекше. Олар электрондык микроскопты, электрондык авторадиография эдісін пайдалана отырып, регенерация үдерісінің жаңа заңдылықтарын ашты. Жасуша ішілік регенерация регенерация үдерісінің ең бір универсалды түрі екендігі аныкталды. Осы зерттеулер нәтижесінде толык регенерация болмаған жағдайда ағзалар мен жасушалар кызметі калайша калпына келеді деген сұракка толык жауап алынды.
Патологиялык регенерация репаративті регенерацияның бұрмаланған түрі. Сондықтан ол эр түрлі жағымсыз факторлар әсерінде регенерация үдерісінін калыпты барысының бұзылуымен сипатталады, ол баяулағанда жойылған тіннің орны толмайды (гипорегенерация), ал шамадан тыс болғанда, керісінше артык тін пайда болады (гиперрегенерация). Гипорегенерациянын мысалы етіп аурудың әлсіздігі, дәрумендердің жеткіліксіздігі, жүйкелік реттеудің бұзылуы немесе жүрек кызметінін созылмалы нашарлауы нәтижесінде пайда болатын, ұзак уакыт бітпейтін жараларды алуға болады. Гиперрегенерация кезінде терінін жаракаттанған жерінде регенерация үдерісі өз мерзімінде тежелмей, сол жерде тін шамадан тыс, ет тэрізді («жабайы ет») өсіп кетеді. Осылайша, бұрмаланған регенерация түрлерін субституция — шала жаңару дейді. Кейде регенерация үдерісінің бұзылуына байланысты дисплазия, ісік алды үдерістер дамиды, бұны атипиялык регенерация немесе дисрегенерация (В.В. Серов, 1998) деп атайды.
38. Жеке ағзалар мен тiндер регенерациясы. Қан жүйесiнiң, қан тамырларының, дәнекер тiннiң, май шеміршек, сүйек, бұлшық ет тiнiнiң және эпителий регенерациясы.