6В01504 «химия» мамандығы педагогикалық ТӘжірибе есебі хим -20-1 тобының күндізгі бөлімінде білім алушы



бет10/12
Дата09.03.2024
өлшемі3.32 Mb.
#494786
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Отчет Асель Алланиязова

15.11.2023ж. - 20.11.2023ж. күндері аралғында 9 «Е», 9 «Г», 9 «В» сыныптарына «Металдарды алу» тақырыбы бойынша сабақ өттім.Алдымен оқушылармен амнадасып, оқушыларды түгендеп шықтым. Алдыңғы сабақ бойынша үй жұмысын дәптерлерінен тексеріп шықтым. Сосын жаңа тақырыпты бастап өттім. Бірінші балалардан «Металл дегеніміз не?», «Біздің айналамызда металдардан жасалған қандай заттар бар?», «Металдардың қандай қасиеттері бар?» секілді сұрақтарды қойып оқушылардың жауаптарын алып шықтым. Одан кейін оқушылармен «Ең,ең» ойыны арқылы металдар жайлы ақпараттармен таныстық:



Сурет-13. «Ең,ең» ойыны


Тақырып толық қамтылғаннан кейін металдарға қатысты есептер шығардық. Оқушылар есептерді шығарып болған соң, үй жұмысын беріп сабақты аяқтадым.


21.11.2023ж. - 27.11.2023ж. күндері аралығында «Химиялық тепе-теңдікке әсер ететін факторлар» тақырыбы бойынша 10 «А» , 10 «Е» , 10 «Б» сыныптарына сабақ өткіздім. Алдымен оқушылармен амандасып жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіріп бастадым.
Сабақтың мақсаты:
- химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін факторларды анықтау;
- химиялық тепе – теңдік күйіне концентрацияның түрліше әсер етуін түсіндіру.
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
Қандай реакцияда температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік солға қарай ығысады?
A) 2HCl ↔ Cl2 + H2 – Q
B) N2 + O2 ↔ 2NO – Q
C) 2H2 + O2 ↔ 2H2O + Q
D) 2SO3 ↔ 2SO2 + O2 - Q
E) I2 + Н2 ↔ 2НI - Q



Сурет-14. Оқушыларға сабақ түсіндіру барысы


Сабақ түсіндіріп болғаннан кейін оқушыларды тақтаға есепке шығардым.





Сурет-15. Оқушылармен есеп шығару процесі


Тақтаға шықпаған оқушыларға тақырып бойынша дайындап келген тапсырмаларды таратып беріп, оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалап отырдым.



Сурет-16.Оқушыларға тапсырманы тарату барысы


15 минут өткеннен соң тапсырма қағаздарын жинап алдым. Сабаққа белсенді қатысқандарды және тапсырманы орындаған оқушыларды бағаладым. Тақырып соңындағы есептерді үй жұмысына беріп сабағымды аяқтадым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет