6В01504 «химия» мамандығы педагогикалық ТӘжірибе есебі хим -20-1 тобының күндізгі бөлімінде білім алушы



бет5/12
Дата09.03.2024
өлшемі3.32 Mb.
#494786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Отчет Асель Алланиязова

25.09.2023ж. Химия пәні бойынша 9 «Б» сыныбына сабақ жүргіздім.Тақырыбы: «Катиондарға сапалық реакциялар . № 3 зертханалық тәжірибе «Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ катиондарын жалын түсінің боялуы бойынша анықтау»
Бүгін күтізбелік жоспар бойынша практикалық жұмыс болғандықтан оқушылармен практикалық жұмысты бастап кеттік:
Реактивтер: LiCl, NaCl, KCl, CaCl, SrCl, BaCl, CuCl кристалдары.
Химиялық ыдыстар мен зертханалық құрал-жабдықтар: нихром, сым, спиртшам.
Қауіпсіздік техникасы:Қыздырғыш құралдармен, қышқылдармен және сілтілермен жұмыс ережесін сақтау.
Тәжірибе:Коспалардан тазарту ушін ілмектеп байланған нихром сымды жалында ұстап қыздырдық. Содан кейін ілмекпен тұздардың кристалдарын іліп алып, жанарғының ең ыстық, түссіз жалынында ұстадық. Жалын түсінің тұз кристалдарының әсерінен өзгеруін бақыладық.Жасаған бақылауларымыздың нәтижелерін оқушылар кестеге толтырды.



Сурет-5.Оқушылар орындауы керек кесте


26.09.2023 ж. – 02.10.2023ж. аралығында химия пәні бойынша 9 «А», 9 «Д» , 9 «В», 9 «Е» сыныптарына сабақ жүргіздім. Тақырыбы: «Химиялық реакциялардың жылдамдығы »
Алдымен оқушылармен амандасып, оларды түгендедім. Сосын оқушыларды тақырыппен, сабақтың мақсатымен, тірек сөздермен таныстырып сабақты бастап кеттім.
Химиялық кинетика, химиялық реакция жылдамдығы туралы ақпараттарды айтып оқушыларға түсіндіріп өттім.
Химиялық кинетика, химиялық реакциялар кинетикасы — химияның химиялық процестердің жылдамдығын және жүру заңдылықтарын қарастыратын бір саласы.
Реакция жылдамдығы — гомогенді жүйелер үшін реакция жылдамдығы деп уақыт бірлігінде реагенттер мен өнімдер концентрациясының өзгеруін айтады.
Әр түрлі реакциялар әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Кейбір реакциялар өте жай жүреді, ал басқа біреулері өте тез қопарылыс беріп жүреді. Бір реакцияның өзі жағдайларға байланысты әр түрлі жылдамдықпен жүреді. Мысалы, сутегі мен оттегінің қоспасы қалыпты температурада әрекеттеспей көп уақыт өзгеріссіз қала береді, ал енді осы қоспаны 630°С–ға дейін қыздырса немесе қыздырмай – ақ тиісті катализатор қолданса, реакция қопарылыс беріп, су түзіледі.



Сурет-7. Оқушыларға сабақ түсіндіру барысы


Оқушыларға тақырып бойынша негізгі формулаларды жазып түсіндірдім. Тақырыпты оқушыларға түсіндіріп болғаннан кейін оқушылармен бірге талқыладым. Кейін оқушыларды тақтаға шығартып, тақырып бойынша есептер шығардық. Сол бойынша оқушыларды бағалап шықтым.





Сурет-8.Оқушыларға есеп шығарту процесі


Кейін сабақты қорытындылап, оқушыларға үй жұмысын беріп сабағымды аяқтадым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет