20.09.2023ж. - 21.09.2023ж. Химия пәні бойынша 9 «А», 9 «В» сыныптарының сабақтарына қатысу. Тақырыбы: «Тұздар гидролизі»
Мұғалім оқушылармен амандасып, оқуышыларды түгендеп шықты.Алдыңғы сабақты еске түсіру мақсатында оқушыларға бірнеше сұрақ қойып оқушылардың жауабын алды.
Кейін тақырып бойынша оқушыларға тапсырмалар беріп сабағын аяқтады.
22.09.2023ж. Химия пәні бойынша 10 «Д» сыныбының сабағына қатысу. Тақырыбы: «Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыс қасиеттері»
Мұғалім оқушылармен амандасып, оларды түгендеді. Жаңа тақырыпты толыққанды түсіндіріп шықты.
Коваленттік байланыс – ортақ электрон жұбын түзу арқылы пайда болатын химиялық байланыс. Коваленттік байланыс түзілуінің үрдісін көбінесе схема түрінде береді, ондағы электрондар нүктемен белгіленген. Егер атомдардың арасында бір коваленттік байланыс болса (жалғыз ортақ электрондық жұп), онда ол дара, егер екеу болса, қос (екі ортақ электрондық жұп), үштік (үш ортақ электрондық жұп) деп аталады.
Коваленттік байланысты екі түрге бөледі: полярлы және полярлы емес. Полярлы емес коваленттік байланыстың электрон бұлттары ортақ электрон жұбымен құрылған, яғни электрондық байланыс бұлттары екі атом ядроларына қатысты кеңістікте симметриялы орналасқан. Полярлы емес коваленттік байланыс бейметалдарда пайда болады және металл жұптарында, химиялық элементтің бір атомынан: Н2, О2, О3, N2, S2, Li2, Na2, C, Si және басқалары құрылса, полярлы коваленттік байланыстың электрон бұлттары электртерістілігі жоғары атомға қарай ығысқан (НСl, H2O, H2S, NH3 және т.б).
,
Сурет-4.Оқушыларға мұғалімнің сабақ түсіндіру барысы
Оқушылар тақырыппен толық танысқаннан кейін мұғалім дайындап келген 2-нұсқалық тесттерін оқушыларға ұсынды. Оқушыларға тестті орындауға 25 минутқа берді. Белгіленген уақыт өткеннен кейін оқушылармен тақырыпқа байланысты мұғалім «өрмекші торы» ойынын ойнатты. Сабақ біткеннен кейін мұғалім екеуміз тест тапсырмаларын тексеріп оқушыларды бағалап шықтық.
Достарыңызбен бөлісу: |