6В01504 «химия» мамандығы педагогикалық ТӘжірибе есебі хим -20-1 тобының күндізгі бөлімінде білім алушы



бет8/12
Дата09.03.2024
өлшемі3.32 Mb.
#494786
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Отчет Асель Алланиязова

23.10.2023ж. - 27.10.2023ж. химия пәні бойынша 9 «Б», 9 «В», 9 «Е» сыныптарына сабақ жүргізу. «Тоқсандық жиынтық бағалау» 9 «Б», 9 «В», 9 «Е» сыныптарына тоқсандық жиынтық бағалау бақылауы өтті. Ең алдымен оқушылармен амандасып, тоқсандық жиынтық бағалау болатындығын айтып, тапсырма қағаздарын таратып, оқушылар орындап болған соң тапсырма қағаздарын жинап алдым. Сабақ уақыты біткен соң тапсырмаларды тексеріп, бағалап шықтым.
06.11.2023ж. - 09.11.2023ж. күндері аралығында 10 «А», 10 «Е», 10 «Б» сыныптарына «Химиялық реакциялардың жіктелуі» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім.
Ең алдымен оқушылармен амандасып, оларды түгендеп шықтым. Алдыңғы тақырыпқа шолу жасап шыққаннан кейін жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіріп шықтым.
Химиялық реакция – химиядағы негізгі ұғымдардың бірі. Химиялық реакция деп – белгілі құрамы, құрылысы, қасиеттері өзгеше заттарға айналу құбылысын айтамыз. Олар әр түрлі жағдайлардың әсерінен жүреді. Мысалы механикалық әсерден, жарық пен электр тоғының әсерінен, қыздырудан, еріткіштіктің әсерінен жүруі мүмкін. Химиялық реакция кезінде түзілген өнімнің түсі өзгереді, жылу мен жарық бөлінеді, газ бөлініп, иіс шығады немесе ериді, тұнба түзіледі.
Реакция нәтижесінде бөлінген немесе сіңірілген энергия реакцияның жылу эффектісі деп аталады. Жылу эффектісі көрсетілген теңдеу термохимиялық теңдеу деп атаймыз. Жылу эффектісі Q әрпімен белгіленеді.



  • Химиялық реакция кезінде берілген заттар мен түзілген өнімдердің саны және құрамы бойынша айырылу реакциясы нәтижесінде бір заттан бірнеше зат түзіледі:

CaCO3 = CaO+CO2





  • Орынбасу реакциясы нәтижесінде бір жай заттың құрамындағы атомдар басқа заттардың молекулаларының құрамындағы атомдардың орнын басады:

2AI + 6HCI = 2AICI3+3H2





AgNO3+ HCI= AgCI+H NO3


Тақырыпты түсіндіріп өткеннен кейін оқушыларға кері байланыс ретінде «Quizizz» бағдарламасы арқылы құрастырған тест сұрақтарымен жұмыс жасаттым:





Сурет-11. «Quizizz» бағдарламасы арқылы жасалған тест тапсырмалары.

Оқушылар тест тапсырмаларын орындап болғаннан кейін, тапсырмадан алған ұпайларына, сабаққа белсенді қатысуына қарай бағалап шықтым. Тақырып соңындағы есептер мен тапсырмаларды үй жұмысына бердім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет