2.Пән бойынша оқу және аудиториядан тыс жұмыстардың анализі
Біз 2023 жылдың 18-ші қыркүйек және 9-шы желтоқсан аралығында, Ақтау қаласындағы қаласындағы «№21 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінен педагогикалық тәжірибеден өттік. Тәжірибе жетекшісімен бірге мектеп қабырғасында кәсіпорынның тәжірибе жетекшісімен таныстық. Тәжірибе басталардан бұрын студенттер санына байланысты 7-8 студенттен 2-топқа бөліндік. Мен 1-топта болдым.
Тәжірибе барысында оқушыларға өтетін күнделікті тақырыптарыма қатысты материалдар жинап,сабақ жүргізуді үйрендім. Оқушылармен қалай тіл табысып, бейімдеп алу керектігін кәсіпорынның тәжірибе жетекшісі түсіндірді. Іс жүзінде оқушылармен бірлесіп жұмыс жасадық. Бұл іс-тәжірибе болашақ мұғалімдік қызметіміздің бастамасы деп ойлаймын.
Сурет-1.«№21 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі
3. Практиканттың педагогикалық жұмысының өзіндік есебі
18.09.23ж. Педагогикалық тәжірибенің жетекшісінен кеңес алдық.
Университет тарапынан аға оқытушы Мустапаева Гулнара Турановнадан тәжірибе жүргізілу бағытын, мерзімін, қай мекемеде іс-тәжірибеден өтетінімізді, кәсіпорынның тәжірибе жетекшісімен таныстырды. Кәсіпорын тәжірибе жетекшіміз – Баенбаева Гулдарига Курманбаевна.
Химия пәні 7-11 сынып аралығында оқытылады. Бізде педагогикалық іс-тәжірибе алғашқы аптада сабаққа қатысып мұғалімнің сабақ өту әдіс-тәсілдерін бақыладық. Келесі аптадан бастап сабақ өтуді бастап кеттік.
Кәсіпорын тәжірибе жетекшісі бізге сыныптардың сабақ кестесін беріп, қатысатын сабақтарымызды және де өтілетін тақырыптардың жоспарымен таныстырды.
Кәсіпорын тәжірибе жетекшісінен алдағы апталарда өтілетін сабақ тақырыптарын алдық. Қысқа мерзімді тақырыптық жоспар арқылы біз қай күні қандай сыныптарда қандай тақырып өтілу керектігін көрдік.
Келесі күні өтетін кәсіпорын жетекшісінің тақырыбына дайындығын көрдік. Сабақ өтілетін кабинетті және лабороторияны көрдік. Сынып толығымен жабдықталған.
Сурет-2. Тәжірибе жетекшісі мен кәсіпорынның тәжірибе жетекшісімен танысу
Достарыңызбен бөлісу: |