18.09.2023ж. Бізде іс-тәжірибенің 1-күні. Химия пәні бойынша 9 «Б» және 9 «А» сыныптарының сабағына қатыстым. Тақырыбы: «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы»
Сабақты кәсіпорын тәжірибе жетекшісі жүргізді. Мұғалім алдымен оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеп, кейіннен жаңа тақырыпты түсіндірге көшті. Оқушыларға тақырып қызықты әрі түсінікті болу үшін тақырып бойынша күнделікті өмірден мысалдар айтты. Тақырып толық қамтылғаннан кейін оқушылармен бірге есептер шығарды.
Сурет-3. Тақырып бойынша есептер шығаруды оқушыларға үйрету барысы
Есептер шығарылғаннан кейін оқушыларға кері байланыс ретінде сұрақтар қойып, сабаққа белсенді қатысқандарды ондық балдық жүйесімен бағалады.
Үй жұмысына тақырыпты пысықтап , қалған есептерді шығарып келуді тапсырды.
19.09.2023ж. Химия пәні бойынша 9 «Г» сыныбының сабағына қатыстым. Тақырыбы: «Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері»
Мұғалім оқушылармен амандасып, алдыңғы тақырып бойынша дайындап келген сұрақтарымен жұмыстанды. Әрбір сұрақты нөмірлеп стикерге жазып оны тақтаға жабыстырып қойды, оқушылар тақтаға шығып соларды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беріп бағаланды.
Одан кейін мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіруге көшті. Алдымен тақырыптың мақсатын, тірек сөздерді айтып өтті .
Ковалентті байланыстың өзі екі түрге бөлінеді:
Заттардың кристалдык торларының типтері қосылыстардағы байланыс түрлеріне тәуелді. Ал заттардың физикалық жөне химиялық қасиеттері тор типтеріне байланысты болады.
Ионды және ковалентті байланысты қосылыстардың ерекшеліктері олардың судағы ерітінділерінің қасиеттерінде де байқалады. Осы ерекшеліктерді бақылау үшін электрөткізгіштікті зерттейтін құралды пайдалануға болады.
H2 затын құратын ковалентті байланыс - екі сутегі атомдарында ортақ екі электроны бар.
Сабақты түсіндіріп болғаннан кейін оқушыларға кері байланыс ретінде сұрақтар қойды. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалап шықты. Кейін оқушыларға үй жұмысын беріп, сабағын аяқтады.
Достарыңызбен бөлісу: |