21.. Жер үсті және жер асты суларының ластануы
Сулардың ластануы деп оған қауіпті заттардың түсу нәтижесінде оның биосфералық қызметінің және экологиялық маңызының төмендеуі деп түсінеді.
Суды 400-дей түрлі зат ластауы мүмкін.
Егер судағы санитарлық-токсикологиялық (судың мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі) көрсеткіштері, сульфат, хлорид, нитрат, уытты ауыр металдар мөлшері шектеулі межеден артып кетсе, су ластанған болып есептеледі. Тағы суда араласқан оттегі мөлшерінің азаюы, радиоактивті элементтердің, ауруға ұшырататын бактериялардың пайда болуы да оның ластанғанын көрсетеді.
Өндірістік ластанудың көздері мыналар:
электроэнергетика;
химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсіп;
ағаш өңдеу және целлюлозалық қағаздық өнеркәсіп;
қара металлургия;
түсті металлургия;
машина жасау өндірісі;
көмір өнеркәсібі;
мұнай өңдеуші өнеркәсібі;
жеңіл өнеркәсіп;
құрылыс материалдары өнеркәсібі;
тамақ өнеркәсібі;
тұрмыстық жиынды сулары;
өзен және теңіз кемелерінің жиынды сулары;
қыста қалалардың кір қарларының суға тасталуы.
Химиялық ластану өте кең тараған, тұрақты болып келеді және жиі кездеседі. Ол органикалық (фенолдар, синтетикалық бетті белсенді заттар, пестицидтер) бейорганикалық (тұздар, сілтілер, қышқылдар), уытты (мышьяк, сынап, қорғасын) және уытсыз болып келеді.
Бактериологиялық ластану суда патогендік бактериялардың, вирустардың (700-ге тарта түрі болады екен), қарапайым саңырауқұлақтардың пайда болуымен себептеледі. Мұндай ластанудың сипаты уақытша болып келеді.
Радиоактивтік ластану ұзақ тіршілік ете алатын радиоактивтік элементтердің (Sr-90, уран, радий-226, цезий және т.б.) суға өтіп кетуімен байланысты. Бұл элементтердің тіпті аз концентрациясының өзі өте қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |