Түсті металлургия. Түсті металлургия өндірістерінің жуынды сулары қатты минерал заттар қоспаларымен ластанған. Олардың көпшілігі улы (күкіртті натрий, цианидтер, мұнай өнімдері). Ауыр металлдар иондарымен (мыс, қорғасын, мырыш, никель, молибден, вольфрам, сынап, кадмий) және мышьякпен, фтормен, сурьмамен, сульфаттармен, хлоридтермен де ластанған.
Машина жасау. Осындай өндірістердің жуынды суларында ауыр металлдар тұздары болуымен сипатталады.
Көмір өнеркәсібі. Карьерлік суларда күзгі кезеңде сульфаттардың, кальцийдің, магнийдің, натрийдің және калийдің көбеюімен байланысты.
Судың радиоактивті ластануы. Су қоймалары мен адамдар денсаулығына ең үлкен қауіп тудыратындар – радиоактивтік ластанулар. Радиоактивтік ластану көздеріне ядролық жарылыстар, атом реакторларының жарылысы, радиоактивтік изотоптарды өнеркәсіпте және зерттеу мекемелерінде қолдану, радиоактивтік қалдықтарды көму уран кенін тазалау бойынша және реакторлардың ядролық отынын өңдеу бойынша зауыттар, атомдық электростанциялар жатады.
Тұрмыстық жуынды сулар. Тұрмыстық жуынды суларда азот, фосфор, кадмий, жуушы заттар болады. Тұрмыстық жуынды сулар тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан да өнеркәсіп өндірістерінің тұрмыстық бөлмелерінен де түседі.
Ауылшаруашылық жуынды сулар. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемінің, өсімдіктерді зиянкестерден және арамшөптен қорғау құралдары тез өсуіне, химиялық заттардың жаңбыр суымен жуылып су қоймаларына және жер асты суларына түсуіне әкеледі.
Жаңбырлық және нөсерлік ағынды сулар. Жаңбырлық (нөсерлік) сулар атмосфералық жауын-шашын түсуінің нәтижесінде пайда болады
22. Ауыз судың және сумен жабдықтау көздерінің сапасын гигиеналық бағалау
. Судың сапасына қойылатын талаптар. Судың сапасын үлкен гигиеналық маңызы бар. Ауыз судың сапасы оның органолептикалық қасиетімен, химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радияциялық қауіпсіздігімен анықталады.
Судың физикалық (органолептикалық) қасиеттері мөлдірлігімен, түсімен, дәмі мен иісімен сипатталады. Санитарлық норма мен ережеге сай су химиялық құрамы жағынан зиянсыз болу керек және табиғи судың құрамында кездесетін заттар, суға өңдеу процесінде қосылатын реагенттер, адамдардың іс-әрекет нәтижесінде суда ластайтын заттардың мөлшері стандартағы нормативтерге сай болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |