«Ұрпақ тәрбиесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
І нұсқа
Оқылатын шығарма
|
М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы,
Т.Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңі
|
Оқу мақсаты
|
7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау;
7.3.3.1 Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
-
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Жоғары деңгей дағдылары.
|
Орындау уақыты
|
15-20 минут
|
1-тапсырма. Кестені толтырып, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңыз.
Мысалдар
|
Көркемдегіш
құралдардың түрлерін анықтаңыз
|
Қолданылу ерекшелігін түсіндіріңіз, талдаңыз
|
Туған елім — арман, мұңым,
Енді сені жетелейді жол қалай?
Менің бассыз қалғандығым
Сенің бассыз қалғандығың болмағай!
|
|
|
Жүзіқара залым-ай, Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай. Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
Бұдан өткен зор қасірет
болар ма, —
|
|
|
Туған елім, Құдіретімсің аңсаған. Алдан жарқын күн шыққанша,
Кескініңді көрмейінші шаршаған.
Пасық ойлар тұншыққанша, Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша,
Жер астынан қарап жатам мен саған.
|
|
|
2-тапсырма. Т.Медетбектің «Тәуелсізбін» өлеңіндегі ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, әдеби эссе жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |