Тестті қолдану ережесі: Сізге «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруді қажет ететін 40 сауал ұсынылған. Сауалға жауап беру барысында көп ойланбауыңызды өтінеміз. Егер өз жауабыңызға күмандансаңыз екі жақты жауапқа тән (альтернативті) «+» немесе «-» («а» немесе «б») деген белгіні қоюыңызды өтінеміз.
Коммуникативтікке: «Иә» 1,5,9,13,17,21,25,29,33,37
«Жоқ» 7,11,15,19,23,27,31,35,39
Ұйымдастыру ептілігі: «Иә» 2,6,10,14,18,22,26,30,34,38
«Жоқ» 4,8,12,16,20,24,28,32,36,40
Сурет 5 - ІІІ курс «Педагогика және психология» мамандығы бойынша
Сурет 6 - І курс магистратура «Педагогика және психология»,
«Дефектология», «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтары бойынша.
Тест нәтижесін өңдеу
Тесттің параметріне қарай коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі анықталады. Әр параметр бойынша жоғары балл – 20.
Эксперимент ретінде коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің бес деңгейі белгіленген және баллдарының бөлінуі төменде
көрсетілген. Коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейлері:
Балл саны: 1-4 5-8 9-12 13-16 17-20
Деңгейлері: өте төмен төмен орташа жоғары өте жоғары
1-4 балл жинағандар коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің өте төмен екендігін білдіреді.
5-8 балл жинағандар коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі орташадан төмен екендігін білдіреді. Олар қарым- қатынас жасауға ұмтылмайды және көп уақытымен өзі жалғыз өткізгенді ұнатады. Жаңа ортада өздерін бөгеліп (шырмалып) қалғандай сезінеді. Адамдармен қарым-қатынас жасауда қиналады. Ренжіген сәттердегі қиналысын ұзақ уақыт естен шығара алмайды және өз көзқарасын білдіре алмайды. Сирек бастама жасайды, өзі шешім қабылдаудан іштей қорқады.
9-12 балл жинаған студенттердің коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі жоғары, жаңа ортада өздерін жақсы ұстайды, тез дос таба алады, өз таныстарының санын арттырып отыруға тырысады, қарыс-қатынаста бастама жасайды, өз жақындарына көмектескенді ұнатады және қиын жағдайларда шешім қабылдай алады.
Коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігі қалыптасқандардың ұпайы (17-20 балл). Олар қиын жағдайларда тез ойланып, дұрыс шешім қабылдауға бейім. Жаңа ұжымда, ортада өздерін еркін сезінеді, еркін бастама жасайды. Өздері шешім қабылдағанды ұнатады. Өз көзқарастарынан таймайды және өзінің шешімін басқалардың да қолдау мүмкіндігіне жетпей қоймайды. Әртүрлі мерекелік немесе т.б.шараларды ұйымдастырғанды ұнатады. Іс-әрекетте қайсар мінезді және бар ынтасын салып жұмыс жасауға бейім.
Нәтижесінде «Педагогика және психология» мамандығының І курс студенттерінің 31%-ы коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі жоғары, 54%-ы – орташа, 15%-ының коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі – төмен. Мәселен, М.А. жауап парағына талдау жасайтын болсақ, «Сіз адамдарды тануға, әртүрлі адамдармен танысуға талпынасыз ба?, үнемі қарым-қатынас жасайтын достарыңыз көп пе?, сізден жасы үлкен адамдармен қатынас орнату жеңіл ме?, адамдар ортасында болу үнемі ұнай ма?» т.б. деген сұраққа «Иә» деп жауап берсе, «Шұғыл жағдайларға бейімделу әрқашан сіз үшін қиын ба?, сіз бүгін атқаруға тиісті істі ертеңге жиі ауыстырасыз ба?, сіздің таныс емес ортада жол табуыңыз қиын екені рас па?, жолдастарыңыздан қарым-қатынас жасағаннан шаршайтыныңыз рас па?» т.б. деген сұраққа «Жоқ» деп жауап берген. Жауаптарды тесттің кілтімен өңдей келе, студенттің коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі төмен деген көрсеткішті көрсетіп отыр.
Ал «Педагогика және психология» мамандығының ІІІ курс студенттерінің тест қорытындысы бойынша 11%-ының коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі – жоғары деген көрсеткішті
көрсетсе, 55%-ының коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі – орташа деген көрсеткішті көрсетті. Сондай-ақ, магистранттардан алынған тест қорытындысы бойынша 41%-ының коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі – жоғары, 35%-ы коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі – орташа, 24%-ы коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейі – төмен деген нәтижені алдық (кесте 13).
Кесте 13 - Білімалушылардың коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейлері
Мамандығы
|
Курс, студент саны
|
Коммуникативт ілікке және ұйымдастыруш ылыққа бейімділігінің деңгейі -
жоғары
|
Коммуникативт ілікке және ұйымдастыруш ылыққа бейімділігінің деңгейі-орташа
|
Коммуникативт ілікке және ұйымдастыруш ылыққа бейімділігінің деңгейі – төмен
|
Педагогика және психология
|
І курс, күндізгі бөлім, 26
студент
|
31%
|
54%
|
15%
|
Педагогика және психология
|
ІІІ курс, күндізгі бөлім, 34
студент
|
11%
|
55%
|
34%
|
«Педагогика және психология»,
«Дефектология»,
«БОПӘ»,
«МдОТ»
|
І курс,
магистратура, 26 магистрант
|
41%
|
35%
|
24%
|
Төменде суретте білімалушылардың коммуникативтілікке және ұйымдастырушылыққа бейімділігінің деңгейлерін беруге тырыстық. Сурет 7,8,9.
Достарыңызбен бөлісу: |