9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы


Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері



бет10/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
ответи сессии

23.Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері
Дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Оқулықтарда оның саны – 25, кейде 26. Фонетиканың бас оқулығы: «Қазіргі қазақ тілінде мынадай 25 дауыссыз бар: б,в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, қ, ң» дейді де, бұларды топтастырған кезде щ әрпін қосады. Дұрысы, щ – дыбыс емес, әріп. Ол созылыңқы ш (немесе қос ш) дыбысының таңбасы, транскрипцияда оны ш: түрінде таңбалайтыны айтылады. Қазақ тілінде щ әрпі тек ащы, тұщы, кеще сөздерінде жазылатыны белгілі. Дұрысы, қазақ тілінде қос ш түбір мен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі: ашшы, кешші, ішші, ұшшы, башшы (басшы), ашшы (асшы) жашша (жазша), ташша (тазша), қышша (қызша), Қошшан (Қосжан), Дошшан (досжан), ашша (ашса), кешше кешсе), түшшү (түсші),тұшшы (тұзшы), бішше (бізше) т.б.
Жоғарыдағы үш сөздің щ – мен жазылатыны, шамасы, түбір мен қосымшаға ажырамайтындығынан болса керек.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар – консонантизмдер (лат. consonans – дауыссыз дыбыс) сан және сапа жағынан әбден зерттеліп, айқындалып, бір ізге түсіп болған жоқ. Жоғарыда дыбыс, фонема туралы түсініктен бір ғана т – ның төрт түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтқанда: жуан езулік (ат), жіңішке езулік (ет),жуан еріндік (от), жіңішке еріндік (өт). Осындай қасиет у-дан басқа дауыссыздардың бәрінде де бар. Ал у тек жуан еріндік (жуан) және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды. Мұны алғаш анықтаған Ә.Жүнісбековтің айтуынша, «қазақ тіліндегі консонантизмдер жүйесі 17 сингармотиптен немесе 66 сингормодауыссыздардан құралады». Басқаша айтқанда, 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б, ғ-г, д, ж, з, й, қ-к, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш. Бұлардың қатарында өзімізге мектептен таныс в, ф, х, һ, ц, ч дыбыстары жоқ. Жоқ болатыны, бұлар –жолдан қосылған, байырғы сөздерде жоқ, кірме дыбыстар.
Осы тұжырымын ол «Строй казахского языка. Фонетика» деп аталатын еңбекте одан әрі бекіте түседі.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны сонау Н.Ильминскийден кешегі 40 жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Рас, кей текстер мен сөздіктерде, қ, ғ алынбай, к, г-мен берілетін жағдайы кездесеті. Сондай-ақ, й, у (кейде р, л) дыбыстарын кезінде А.Байтұрсынов, Х.Досмұхаметұлы және басқалар жарты дауысты түрде танығаны белгілі.
50-жылдардан бері қазақ тілі оқулықтарының бәрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп кеттік. Жоғарыда Ә.Жүнісбеков шеттеткен в, ф, х, ц, ч дыбыстары негізінен орыс сөздерімен бірге баса көктеп келгені анық. Фонетиканың бас оқулығында акад. Iсмет Кеңесбаев: «орыс графикасы негізінде қазақ әдеби тіліне в, ф, ч, х тәрізді фонемалар енді», деп айтады да, былай жалғастырады: «екі тілде (қазақша, орысша) сөйлейтін қазақтар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын қазақтың осы күнгі әдеби тіліне сіңіп кеткен деуге болады» (Қазіргі қазақ тілі. 1954, 132-бет)
Қазақ тіліндегі қ түбірде дауыстылар қоршауында тұрып, осы х-ға жуық (ахын, жахын, ыхылас, ахыл, Ахан, Жахан сияқты) дыбысталатынын жоққа шығаруға болмайды. Ал ч дыбысының диалектілерде (сөз басында челек, чапан, чал түрінде) кездесетіні анық. Тіпті әдеби тілімізде де тш, тж тіркестерін тч түрде дыбыстап жүргенімізді аңғармаймыз. Айтып көріңіз: Айтжан, сатшы, Сәтжан, патша, етже, етжеңді, ит жылы, итшілім, итше, атша, ат шаптырым. Сондай-ақ атса, атасыз, етсіз, кетсе, етсе, отсыз сияқты сөздегі тс дыбыстар тіркесі тц ға жуық айтылса керек. Мұны айтқанда, қазақ сөздерінде ч, ц әріптерін жазу керек деуден аулақпыз, тек фонетикада бұлар ескеріліп, транскрипциясын ойластыру керек. Қысқасы, орыс тілдеріндегідей айту, жазу өз күшінде тұрған қазіргі тұста в, ф, х, ц, ч фонемаларын елемеу мүмкін емес.
Қазақ әліпбиіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, ғы, ды, жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, ұу, шы.
Жүйеге жүрмей, үнемі жіңішке айтылатын к, г зерттеушілердің назарын әр кез өзіне аударып отырған.
Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П.Мелиоранский бұл (қ, ғ, к, г) төртеуінің анық естілетінін айтады. А.Байтұрсынов алғашқы «Тіл құралында: «Қ һәм ғ дыбыстары һеш уақытта жіңішкермейді. К һәм г дыбыстар һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады»,- десе, осы ойынан кейін де айныған жоқ.
Сингорманизм туралы сындарлы еңбек жазған Х. Досмұхаметұлы: «Дұрысында қ мен ғ дыбысының жіңішке түрін қ, ғ қылып таңбалау керек еді. К мен г қаріптерін тастау керек еді» деуін десе де, жазу тұрғысынан қарап, к мен г әріптерін қолдана беру керек»,- деп табады.
Бұлардың (қ, к, ғ, г) дауыстылардың жетегіне жүрмейтін тоң мойындығы Ж.Аралбаевқа «бұл бір фонеманың аллофондары ғана» дегенді айтқызды. Алайда ол кейінгі бір елеулі еңбегінде бұлар «тіліміздің даму барысында дербес фонемаға айналған болу керек»- деп, бастапқы ойынан қайтқан сыңай танытады.
Оған керісінше, қ мен к – қатан бір (к) фонема, ғ мен г- ұяң бір (г) фонема деген пікірді 20 жылдай дәлелдеп, айтып келген Ә.Жүнісбеков қазақ тілінде 17 дауыссыз фонема бар деген тұжырымға біржола бекінді. Мұны мойындайтын болсақ, біз де қырғыздар сияқты: казак, кырғыз, карага, кыз, жылкы, тагдыр деп жазып, қазақ, қырғыз, қарға, қыз жылқы, тағдыр деп айтатын боламыз. Дұрысы, к, г емес. Халел ескерткен қ, ғ болса керек. Онда қезеқ, түнғі, қешқі, ішқі, қүзғі, қүлқі, түрде жазып, кезек, түнгі, кешкі, ішкі, есік, күзгі, күлкі деп айтсақ керек.
Бір жарым ғасыр бойы орыс жазуымен жазып, айтып, көзіміз үйреніп, миымызға сіңген бұл төрт әріп жайында әлі де ойлана түсу керек болады.
Төрт әріпті жүйеге сай екі фонема (қ,ғ) түрінде қабылдау жағында бола тұрып, күдік тудыратын тұстардың барын айтпауға болмайды.
Сөйлеу үстінде сөздер бірімен-бірі ұстасып, кірігіп, тұтасып айтылатыны белгілі. Мәселен, бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен түрде жазылған, айтуда барекенде/жоғекен/ ашекенде/тоғекен сияқты түйдектер құрайды. Бар, аш сөздерінің құрамындағы жуан, жіңішке р, ш дыбыстары екеннің құрамында көшкенде (ба-ре-кен, а-ше-кен) жіңішкеретін болса, қ-дан бұл байқАлмайды, ұяңданғаны болмаса, жіңішкерген сыңай танытпайды: жо-ғе-кен, то-ғе-кен. Жіңішке дауыстының қасында жуан қ, ғ тұра алмаса керек. Сонда бұларды жоғ екен, тоғ екен деп кіріктірмей айтатынын шығармыз (қазір бұлай айту нормаға айналып барады). Ал енді, күзгі алма, жазғы алма, күзг алма, жазғ алма бола алмайтын шығар. Жаз-ғал-ма деп кіріктіріп айту жарасымен тауып тұрғанмен, күз-гал-маның күз-ғал-ма болмайтыны несі? Қазақ тілінде га, ка, ко, қы, қу, гы, гұ, қе, ғе, ғә, ғұ, құ, гі, қі сияқты әріптер сөз тіркестерінің аралығында кездесе береді. Ал олардың айтылуын ойлап, тігісін жатқызып жүрген жан жоқ.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің Енисей, Орхон, Талас жазуларында бұл күнде бір фонема түрінде танылатын б, д, й, л, н, р, с, т дауыссыздарды екі түрлі таңбаланған: жуан дыбыстармен қатар келгенде бір басқа, жіңішкелерімен тіркескенде екінші түрде болған. Бұлардың қатарында қ, к, ғ, г де бар. Және соңғы төртеу кейінгі жазулардың көбінде дерлік сақталған. Бұлардың өзгелерден жырылып қалып қоюы да тегін болмаса керек. Н.Уәлиев мұны былай пайымдайды:
«Қ мен к бір фонеманың, атап айтқанда, к фонемасының жуан, жіңішке реңктері. Олай болса, бұлар неге бір ғана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрақ қоюға болады. Әрине, к де, қ да бір фонеманың әр түрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізі, екіншісі қосалқы деуге болмайды, к фонемасының к, қ реңктерінің, г фонемасының ғ, г реңктерінің тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардың өзіндік ерекшелігі деуге болады».
Бұлар өзге дауыссыздар секілді дауыстылардың ыңғайына қарай жуандап, жіңішкерудің орнына, керісінше, маңайындағы дауыстыларды өзіне икемдейтіні бар: ышқыр (іш құр), бәйгелді (бай келді), Бәйгісі (бай кісі), Гүләйім (гүл айым), Күләш (гүл аш), Күләй (гүл ай), көгәл (көк ал), бәлгер (балгер), жәдігөй (жадыгөй), сәудегер (саудагер), Жәргент (Жаркент), Тәшкен (Ташкент), Шімгент (Шымкент), Меңгент (Манкент).
Буын жігінде келген фонемалардың жуаны жіңішкеріп, жіңішкесі елеусіз түрде жуандап жатса, керісінше, қ-ның к-ге, к-нің қ-ға өтуі біршама психологиялық дайындықты керек етеді. Сонда ғана қ, к, ғ, г дыбыстарының қатысуымен аралас (жуанды-жіңішкелі) болып жүрген сөздерді үндестікке бағындыруға болады. Мәселен: кәзір-қазыр, кәдір-қадыр, кәлпе-қалпе, қабір-қабыр, кәсит-қасиет, кәнден-қанден, қауіп-қауып, көрек-қорек т.б.
Қысқасы, қ, к, ғ, г дауыссыздарын әзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады. Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны-37. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонемалық қасиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонемалық қасиет орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан-жіңішке боп) фонема бола алмайды.
Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тіліне ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш.
Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – бесеу ғ, қ, ң, у, һ.
Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, х, ц, ч.
Дауыссыз фонемалар акустика – артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үшке жіктеледі.
1. Дауыстың (салдырдың деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
а) үнділер: л, м, н, ң, р, й, у;
ә) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з;
б) қатаңдар: п,ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч.
Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер делінеді.
Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық тудырмайды. Алғашқы 10 әріптің үшеуі (а, ә, е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы болып шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын жақсы білу керек.
Яғни б, в, г, ғ, д, ж, з
п, ф, к, қ, т, ш, с
Үнділер - жетеу. Үш жерде жеті – 21. Қалған дыбыстар (х, һ, ц, ч) қатаңдардың қатарынан орын алады. Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысуы дәрежесіне байланысты. Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз: ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайды). Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ, қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағай болып кетеді деген сұрақтарға нақты жауап беруге болады.
2. Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлінеді:
а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң;
ә) Ызың дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, ғ, һ, л, й, у;
б) Діріл дауыссыз –р
Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне –бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызаңдарды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тартылады, бірақ ауа бір жола үзілмейді, сызықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.
3. Жасалу немесе айтылу орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді:
а) Ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, в, ф, м, у;
ә) Тіл (лабиаль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, к, г, қ, ғ, х, ң, л, р,й;
б) Көмей (фарингаль) фонемасы – һ.
Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) және ерін мен тіс (ф, в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п, б, м) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады.
Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады. Тіл фонемалары үшке бөлінеді:
а) Тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ч, н, л, р;
ә) Тіл ортасы: й
б) тіл арты: г, ғ, к, қ, ң, х;
Тіл фонемаларын тіл-тіс,тіл ұшы т.б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның практикалық мәні де аз.
Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерінің қатысын білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен, қан, қон сөздерінің соңындағы н дыбысы қосымша жалғанған кезде ң (айтылуы қаңға, қоңған) кейде м (айтылуы қаммен, қомбады) болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет