9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы


Дауысты дыбыстардың саны мен сапасы жөніндегі сын пікірлер



бет9/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
ответи сессии

22.Дауысты дыбыстардың саны мен сапасы жөніндегі сын пікірлер
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі, оның ішінде дауысты дыбыстары жөнінде алғаш пікір айтқандар орыс ориенталистері болады. Атап айтқанда, Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, И.Лаптев, Н. Созонтов т.б. Олар қазақ тіліндегі дауыстыларды тап басып, дәл анықтай алған жоқ. Қайсібірі а мен ә-ні, е мен і-ні ажырата алмай енді біреулері й мен у-дауыссыздардан көрші дауыстылармен біріктіріп әуре болды. тіпті беріде, 1927 жылы «Қазақ тілі грамматикасын» (орыс тілінде, әрине) жазған Г.В.Архангельский негізінен А.Байтұрсыновты қайталаумен қанағаттанды. Мұны ол өзі де жасырмайды. Кітапты 1924-1925 жылдары Қ.Кемеңгеров оқыған лекциялардың негізінде жазғанын және мұны А.Байтұрсыновтың мақұлдағанын айтады.
Қазақ тіл білімінің, соның ішінде фонетикасының де негізін қалаған А.Байтұрсынов өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын алғашқы мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е» ,- деп анықтаса, осы пікірін кейінгі оқулықтарында, 1927 жылы жазған «Дыбыстарды жіктеу туралы» деген мақаласында қайталайды.
Бұдан А.Байтұрсынов жіңішке дауыстыларды ескермеген деген ұғым тумауға тиіс. Ол: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады»,-дейді де, сөздің алдында дәйекше тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз», - дейді. Яғни төрт жуан дауыстының төрт жіңішке сыңары болатынын әсте ұмытпаған. Ал бес дауысты, бес әріп сол кездегі араб графикасының мүмкіндігіне негізделген.
Қысқасы, А.Байтұрсынов өзі атап айтпаса да, оның жазғандарынан қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде сол кезде 9 дауысты дыбыс болғанына анық көзіміз жетеді. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і. Осы дыбыстар орыс зерттеушілерінде де жүр.
Бұл дыбыстар араб жазуынан латын жазуына көшкен соң ғана бас-басына таңбаға ие болады. Олар іштей жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік - езулік түрде жіктеліп бір жөнге түсті. Бұлар осы қалпында кейінгі зерттеулер мен оқулықтардың бәрінде де жүр.
Еуропа, шығыс тілдерін жақсы білетін белгілі лингвист Қ.Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақала жазып, сөз ішінде ұу, үу, ый, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударды. Оның «Қазақ тілі грамматикасында» (1936) бұлар қосынды дауыстылар қатарына енді. Мұның өзі көп ұзамай қабылданатын и, у әріптеріне жол ашты.
30-жылдардың екінші жартысында Коммунистік партияның сұрқия саясаты жан түршіктірер зобалаңға жалғасқаны белгілі. Осыдан соң қазақ оқығандарының партияға, орыс тіліне деген «ықылас-ниеті» түзелмеске шарасы жоқ еді.
Мұның өзі әліппені (алфавитті) жетілдіруді, орыс сөздерін қабылдауға икемді етуді керек етті.
1938-жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қаулы қабылдады. Ол бойынша алдымен жазудың принципі өзгерді. Осыған дейін қолданылып келген бірден-бір фонетикалық принциптің орнына орыс тілінің морфологиялық принципі басшылыққа алынатын болды. Тыңнан х, ф, в таңбалары енгізілді. Сөйтіп дауыстылар саны 11-ге (а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і, и, у) дауыссыздар саны 21-ге жеткізілді.
Бұл орыс жазуын, орыс тілін құшақ жая қарсы алуға жасалған дайындық еді. Осыдан көп ұзамай-ақ қосынды дыбыстарды таңбалауға алынған и, у әріптері дауысты дыбыстар болып шыға келді. Бұлар-қазақ топырағында орыс тілінің мерейін үстем етіп, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жарты ғасырдың ішінде жартыкеш еткен жебір дыбыстар.
Бұл аз болғандай, 1940-жылдың күзінде орыс жазуына көшіп, орыс әріптерін төкпей-шашпай, солайымен (тұтас) қабылдап алдық. Содан былай қазақ тіліндегі дауыстылардың саны сан құбылып, тұрақтамай келеді.
1941-жылы ақпан, наурыз айларында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егеменді Қазақстан») газетінде С.Аманжолов «жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген атпен бірнеше мақала жазып, қазақ тіліндегі дауыстылардың санын 14-ке жеткізді. Алдыңғы 11-дің үстіне енді, э, ю, я әріптерін қосып, оларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң деп бөліп тастады.
Осы жылы М.Балақаевтың үлкендер мектебіне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» 3-рет өңделіп басылды. Мұнда дауыстылардың саны-13 (а,о,ұ,ү,і,э,(е),у,и және ю,я).
1944 жылы Ғ.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың педучилище оқушыларына арналған оқу құралы- «Қазақ тілінің грамматикасы» жарық көрді. Бұлар дауыстылардың санын 12-ге түсірді, бұрынғы 11-ге қосқаны тек-1.
1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы, жеткен биігі іспетті. Мұның 80-беттік фонетика тарауы акад. С.Кеңесбаевтың қолынан шыққан. Мұнда дауыстылардың саны-11. Тоғызы монофтонг, екеуі (и,у) дифтонг. Бұдан соң дауыстылардың төңірегіндегі дау-дамай саябырлап, бір ізге түскендей болды.
Белгілі тіл маманы К.Аханов та өзінің «Тіл біліміне кіріспе» (1973) атты әйгілі оқулығында қазақ тілінде 11 дауысты дыбыс бар дейді.
Қазақ тіліндегі дауыстыларды эспериментті-фонетикалық жолмен мұқият зерттеп, 170-беттік еңбек жазған Ж.Аралбаев та осы он бір дауыстыны қуаттап, дәлелдеген болды. Осы 11 дауыстыны қайталаушылардың бәрін тізіп жатпаймыз.
Қысқасы, қырқыншы жылдардан күні бүгінге дейін қазақ тіліндегі дауыстылар жөнінде пікір айтушылар дені осы екі (и,у) әріпті 1938 жылы ый, ій (ұй,үй- бұлар алда айтылады), ұу,үу сияқты дыбыстардың түйдегін (қосындысын) белгілеу үшін алынған шартты таңбалар екенін әсте ескергісі келмейтіні таңдандырады. Мұны орыс тілінің «игі ықпалы» деп түсіне керек болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін шырмауықша орап алған «игі ықпал» бұл екеуімен қанағаттанбайды. Қазақ тілі фонетикасының бас оқулығын «игі ықпАлмен» толықтыру жүріп жатты.
1973 жылы А.Исабаев «Қазақ тілі дыбыс жүйесі методикасының негіздері» деп аталатын 180-беттік еңбегін жариялады. «Дыбыстарды айтамыз және естиміз, әріптерді көреміз және жазамыз» дейтін қағиданы қайталап келеді де, С.Аманжолов айтатын 14 дауыстыны 15-ке жеткізді.
15 дауыстының тарихы мұнымен аяқталмайды. 1979 жылы Ш.Бектұров, М.Серғалиев өздерінің 190 беттік «Қазақ тілі» кітабын ұсынады. Кітаптың оныншы бетінен мынадай жолдарды оқимыз: «Қазіргі қазақ тілінде 9 жалаң дауысты а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і және екі қосынды и, у дауысты дыбыстары бар. Орыс тілінен э, ё, ю, я дауыстылары енген. Сонда, не бары қазақ тілінде 15 дауысты дыбыс болады» (10-б) деген сөздің мәнін түсіндіру артық болар. Бұл кітап араға 15 жыл салып, жаңарып (лексикамен толықтырылып) қайта жарық көрді. Онда: «Қазақ тілінде 9 жалаң (монофтонг) дауысты а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і және екі дифтонг и, у дауысты дыбысы бар. Сонда қазақ тілінің дауыстылары 11. Орыс тілінен енген э, ё, ю, я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты болады»,- делінген. Аздап ғылыми термин қолданып, не бары дегенді біріктіріп жазғаны болмаса, баяғы тұжырымынан қайту жоқ. Мұны оқығанда орыс тілінде қанша дауысты болды екен? - демеске шара жоқ.
Осындай түсінік-таным бастауыштан басталса, өкінішті-ақ. Мәселен, Р.Әміров, А.Бәкірова жазған 1-кластың «Қазақ тілі оқулығы» 15 дауыстыдан басталады. Бұл 16-басылуы дегеніне қарағанда, сол А.Исабаевтың алдына шығып кетсе керек және бұл әрі қарай жалғаса береді. 3-класқа арналған «Қазақ тілі» де э, ё, «дауысты дыбыс» дегеннен басталады. 4-класс оқулығы оны и, у, я, ю дыбыстарымен жалғастырады. Тіпті бұл шетелдерде тұратын қазақтарға да етене таныс болуға тиіс. Өйткені мектеп оқулықтарын місе тұтпай, 1984 жылы Құлмағамбетова М., Мұқашев С. шетелде тұратын отандастарымызға арнап арнайы «Қазақ тілі» оқулығын жазды.
Бұл күнде белгілі фонетист ғалым Ә. Жүнісбеков қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды 60-жылдардың орта тұсынан бері зерттеу үстінде. 1969 жылы кандидаттық, 1988 жылы докторлық диссертация қорғады, бірнеше монография авторы. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар жөніндегі қорытынды тұжырымы 1991 жылы жарық көрген «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбекте қысқа да нұсқа айтылған. Ол 30 жыл бойы қазақ тілінде 9 дауысты бар деуден жаңылған да, жалыққан да емес. Бұған біз де имандай сенеміз және оны жазып, студенттерге жеткізуге тырысудамыз.
Тәуелсіздік алғаннан кейін ғылым, білімімізді сараптап, саралап, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ керек еді. Бұл тілге ауадай қажет. Амал не, баяғы 11 дауыстымен докторлық қорғатып, 12 дауыстымен оқулықтар шығарып жатырмыз. Бұл қырқыншы жылдарға дейінгі тіліміздің дыбыстық жүйесіне сәйкес келеді. Алайда қазіргі қалпын таныта алмайды.
Бүгінде тіліміздің сөздік құрамы күрт дамыды. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне» енген сөздердің 20 процентке жуығы орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген халықаралық сөздер. Оларды біз орыс тіліндегідей жазып, айтып жүрміз. Бұл сөздерді айтуда біздің әлгі тоғыз дауыстымыз кейде әжетке жарағанымен, көбіне дәрменсіз болып қалары аян. Олай болса, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылар туралы айтқанда, осы тоғызбен шектелуге әсте болмайды.
Қазіргі тілімізде он бір, он екі дауысты бар деушілер шындыққа жақын тұр. Бұлардың біріншісіне екіншісінің қосқаны – тек э дыбысы. Қалған жағдайда іштей жіктеу, сипаттауға келгенде бір-бірімен үндесіп жатады. Екі топқа да тән үлкен жаңсақтық – қазақтың байырғы сөздерінің құрамында и, у (мысалы: бу, су, ки, қи т.б.) дауысты дыбыстары кездеседі деп қарауы. Бір қызығы, зерттеушілер мен оқулық авторларының көбісі бұл екі әріптің әрқайсысы екі дыбыстың ұу, ыу, іу, ый, ій қосындысы екенін біле отырып дауыстыға жатқызып жүр. Жатқызып қана қоймай, оларды (и, у әріптерін) дифтонг, дифтонгоид деп дәлелдеуге тырысады.
Мұндай дауыстылар бар десек, басқаны айтпағанда, тіліміздің екі үлкен заңының түп-тамырына балта шапқан болар едік. Біріншіден, сөздердің құрамында екі дауысты қатар тұра беретін болады: суы,буын дауыстыдан басталып (бару-ым, келу-ін, оқи-ын, су-ық) және дауысты жеке буын құрайтын (су-ы, бару-ы, келу-і, қи-ы) болады. Мұның бәрі де қажеті жоқ. (И, у байырғы сөздеріміздің құрамында дыбыс бола алмайтыны алда әлденеше айтылады).
Ал қазақ тілінде 15 дауысты бар дейтін пікір тіпті де сын көтермейді. Бұл дыбыс пен әріпті шатастырудың нәтижесі ғана.
Қысқасы, қазіргі қазақ тіліндегі дауыстылардың саны, сапасы дейтін мәселеге қолда бар оқуықтар мен зерттеулердің бірде-біреуі толық жауап бере алмаса керек. Сондықтан алдымен тіліміздегі дауыстыларды сан жағынан айқындап алу керек болады.
Біріншіден, қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз дауысты дыбыс бар екені рас.
Екіншіден, орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің дыбыстық құрамын ескеру қажет. Ескеріп қана қоймай, олардың табиғатын терең тануға мәжбүрміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет