9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы


Дыбысты қарастырудың үш аспектісі



бет3/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
ответи сессии

Дыбысты қарастырудың үш аспектісі
Біздің дыбыстық тіліміз – өте күрделі құбылыс, сондықтан да оны үш түрлі аспектіде (лат. аspestus- көз қарас, түр, сипат) қарастыру керек болады және мұның өзін сол бір нәрсені үш қырынан қарау деп түсіну керек. Олар: анатомия – физиологиялық (немесе биологиялық) аспект және де лингвистикалық (немесе функционалды) аспект.
1. Анатомия – физиологиялық аспект. Адамның тілі – ең алдымен биологиялық құбылыс. Ол – дыбыстау органдарының оны басқарып отырған орталық нерв жүйесі қызметінің нәтижесі.
Адам организмінде тіл дыбыстарын айтуға жаралған арнайы органдар жоқ. Мұны әртүрлі физиологиялық қызмет үшін жаралған органдар (мәселен, өкпе, тіл, таңдай, тіс, ерін т.б.) қосымша атқарады. Ұзақ эволюциялық даму барысында адам өзінің анатомиялық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, органдарын түрлі дыбыстарды айтуға икемдеп, жаттықтырудың нәтижесінде дыбыстық тілге ие болады.
Тіл дыбыстары және олардың жасалуын (артикуляциясын) түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін білу керек. Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек,дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл (бөбешік), тіс таңдай,жақ, ерін т.б. Бұларды сөйлеу аппараты деп те атайды.
Дыбыстау мүшелері өкпедегі ауаның сыртқа шығуы кезінде ауа жолына орналасқан дыбыстау мүшелерінің белгілі бір тәртіппен атқаратын қызметіне (қимыл-қозғалысына) негізделген.
Дыбыстау мүшелерінің ішінде әсіресе дауыс шымылдығы, тіл және еріннің қызметі айрықша. Кеңірдектің кеңейген жері көмейге орналасқан дауыс шымылдығы (желбезек сияқты) жиырылып, керіліп тұрады. Керілген кезде (ауаның әсерінен) дірілдейді де, одан үн пайда болады. Оны тіл білімінде дауыс немесе тон деп атайды. Дауысты дыбыстар, аты айтып тұрғандай, осы дауыстан (тоннан) жасалады. Ал дауыссыздарда тонның дәрежесі әртүрлі: көбірек, ұяңдарда азырақ болады да, қатаңдарда мүлдем болмайды. Оның есесіне қатаңдар салдырдан жасалады. Салдыр (немесе шу деп айтуға болады) өкпеден қайтқан ауаның ауыз қуысында тосқауылға ұшырауынан пайда болады. Мұны көмекші тон дейді.
Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б.
2. Акустикалық (физикалық) аспект. Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты физикалық (акустикалық) құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-бірінен ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді.
Дыбыстың ырғағы тербелістің жиілігіне, ал дыбыстың күші тербелістің қарқынына байланысты. Біріншісі герцпен, екіншісі децибелмен өлшенеді.
Дыбысты дыбыстар (мәселен а, ә ) бір-бірінен әуеніне қарай ажырайды. Тембр – дыбыс бояуы. Тіл дыбыстары өте күрделі болып келеді. Ол негізгі тон мен көмекші тонның бірлігінен жасалады. Тіл дыбыстарындағы тон дауыс шымылдығының дірілінен, ал көмекші тон резонаторлық қызмет атқаратын тамақ, ауыз қуыстарында пайда болатынын білеміз.
Мәселен, тоны жағынан бір-біріне жуық дауыстылар тіл, жақ, еріннің қатысуы нәтижесінде бір-бірінен ерекшеленеді. Тілдің ауыз қуысында ілгері, кейін жылжуы резонатордың формасын өзгертіп, дауыстылардың жіңішке, жуан болуына жағдай жасайды. Дыбыс созылыңқылығының қазақ тілінде мәні жоқ.
3. Лингвистикалық (функционалды) аспект. Қарым-қатынас құралы тіл тек дыбыстар арқылы ғана іске асады. Сондықтан тіл дыбыстарын тек акустикалық, физиологиялық құбылыстар ретінде қарау жеткіліксіз. Ең бастысы, осы дыбыстардың адамдардың қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі лингвистикалық мәнінде деп қарау керек. Осыдан дыбыстарды қарастырудың лингвистикалық аспекті келіп шығады. Мұны фонология (гр. фоно – дыбыс, логос – ілім) де те атайды. Алғашқы екеуін осы лингвистикалық аспекттің табиғатын дұрыс танып, білуге көмектесетін жолдар түрінде қараса да болады.
Қысқасы, лингвистикалық аспект дыбыстарға фонема тұрғысынан, фонемалардың қызметі тұрғысынан қарайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет