9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы



бет5/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
ответи сессии

Буын жігі және тасымал
Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алдымен анықтап, меңгеріп алуды қажет ететін қарапайым да аса маңызды ұғым-сөздің буын жігін табу немесе сөзді буынға бөлу.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны анық. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап кететініне байланысты.
Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан да А.Байтұрсынов. Шақырғанға деген сөзді буынға бөліп, қалай тасымалдауға болатынын, болмайтынын тәптіштеп түсіндіреді. Бірақ буынға бөлудің ішкі механизмін (сырын), ережесін ұсынбайды.
Қазақ тілінде дауыстыдан басталатын буындар үнемі сөзді бастап тұрады: а, ә, ант, ұлт, ас-қа, ат-қа, ант-ты, ұлт-тық. Сондықтан да бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан бастАлмайды. Оның үстіне қазақ тілінде байырғы буындар қос дауыссыздан бастАлмайды дедік. Міне, осы қағиданы еске берік ұстаған жағдайда сөздерді буынға бөлу қиын болмайды. «Осы қорытындыға сүйене отырып, -деп жазды Қ.Жұбанов отызыншы жылдары, -буын жігін оңай, механик түрде табуға болады. Ол үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып (өйткені дауыстының соңында дауыссыз болмай да қалады, біреу де, екеу де бола береді), әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап бөле береміз (өйткені сөз ортасында дауыстыдан буын бастАлмаушы еді ғой), сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады.
Буынның дыбыстық құрамы
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып келеді:
1) бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-са, о-қы, а, ә, е, о о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі:
2) екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-ра, қа-ла-да-ғы-сы, ба-ла-сы, ал, ат, ақ, же, де, не;
3) үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл-шек-тер, тас-тақ, бал-шық, бөл-шек-тер, ұлт ;
4) төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, салт, қарқ-қарқ, күрк-күрк.
Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады:
5) бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенді;
6) алты дыбысты: спектр, спринт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет