9. А. Байтұрсынов қазақ фонетикасының негізін салушы



бет4/32
Дата10.01.2023
өлшемі99.24 Kb.
#468269
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
ответи сессии

16.Буын және оның түрлері
Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единицалар (бөлшектер) – буындарға ажырайды. Сөздерді, буындарды жеке фонемаларға жіктеу лингвистикалық талдаудың нәтижесі деп қарау керек.
Жанып тұрған май (балаусыз) шамға таяу отырып, сөйлегенде, ол жалп-жалп етіп тұрады. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен тікелей байланысты болады.
Буын – осы ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесіне пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Дыбыстық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді. Буынға тән сипаттар:
1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, бір-ақ дауысты фонема (а) бар. Алайда бұл сөз төрт буыннан (ба-ла-лар-ға) тұрады. Бір фонема бірнеше буынның құрамында қайталанып келе береді.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келіп қалады. Мәселен, ат-ты-лар-ға дейтін төрт буынды сөздің 1-буыны (ат)- түбір, 2-буыны (ты)-сын есім тудыратын жұрнақ, 3-буыны (лар) – көптік жалғау, ал 4-буыны (-ға) –септік жалғау. Мұны кездейсоқ сәйкестік деп түсіну керек. Буында мағына болуы міндетті емес: ба-ла-ла-ры-на, а-ты-ңа, ке-лі-сі-мі-міз, жар-қы-рай-ды т.б.
3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (мәселен, ба-ла-ла-ры-мыз-ды, а-на-ла-ры-мыз-ға, қа-на-ғат-тан-дыр-майды), не жіңішке буынды (жі-лін-шік-те-рі-не), бөл-ті-рік-те-рін, кү-мі-сі-міз-ді, сән-ден-ді-ріп, бе-ре-ке-лі) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мұғалім, қабілет, қажет, педагог, методика, параллелипед т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
4. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да қос (екі) дауыссыздан бастАлмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), кінәз (князь), үстел (стол). Сондықтан да байырғы сөздерді Смаил, Сқақ, Рза, Рсалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ертеректе енген үстел сөзі (стол) осының айғағы. Ал Қазан төңкерісінен бергі жерде орыс тілі арқылы енген сөздер (буындар) екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, станция, студент, процент, транспорт, спринт, стратегия, структурализм т.б. Бұларды осылай жазу және айту-әдеби норма түрінде танылады.
Соңғы кезде қазақтың байырғы сөздерді де қос (екі) дауыссыздан басталады дейтін пікір айтылып жүр. Бірақ онда ғылыми негіз жоқ.
5. Бас (бірінші) буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан бастАлмайды.


Буынның түрлері
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Кеңесбаев үшке бөледі. Соңғы бөліс (ашық, тұйық, бітеу) барлық оқулықта жүр.
Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы.
1. Ашық буын-жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын. Мұның дыбыстық құрамы:
1) А: а, ә, а-на. Ә-же, е-не, о-қы, ө-ре, ұ-зақ, ү-кі, ы-ды-ра, ы-ды-сы.
2.Тұйық буын-соңы дауыссызға аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы:
1) АВ: ат. ай ән-детті, ой-ланды, үй, ақ-тар, әл-ден.
Байырғы қазақ сөздері, қала берді бүкіл түркі сөздері негізінен бір буынды болып келеді. Олар құрылымына қарай алты түрде ғана ұшырайды: А, ВА, АВ, АВВ, ВАВ, ВАВВ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет