А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет160/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Мойын жүйкесін атаныз
2 Иықторабының жүйкелері? 
3 Көкірек жүйкелері топографиясы мен құрылысы  
 
22.2 Бел, құйымшақ және құйрық жүйкелері 
Сабақтың мақсаты:Бел, құйымшақ және құйрық жүйкелерін игеру 
Бел торабының жүйкелері --nn. lumbales (L) — Сиырларда 6 жұп бел 
жүйке жүйесі қалыптасқан. Бірінші 2-4 жүйке жүйесі симпатикалық бағанға ақ 
байланыстыру тармақтарын береді, сұр байланыстырғыш тармақтар барлық бел 
жүйке жүйесін алады. Олар дорсальды және вентральды тармақтарға бөлінеді. 
Дорсальды жүйке жүйесі алдыңғы тері сан жүйкесі —nn. clunii craniales деп 
аталады. Вентральды тармақтар бел торабын — plexus lumbalis құрады. Олар 
құйымшақ торабымен бірге бел-құйымшақ торабын құрады. Бел торабынан 
мықын – құрсақ асты, мықын-шап, сыртқы ен, бел-тері, сан және жапқыш 
жүйке жүйесі болып бөлінеді.
Мықын – құрсақ асты жүйке жүйесі - nn. iiohypogastricus — L I – ден 
түзіледі, бел, құрсақ бұлшық етін, құрсақ қабырғасының терісін, күпек пен ұма 
терісін (аталықтарда) және желінді (аналықтарда) жүйкелендіреді.
Ерекшеліктері: Шошқа мен жылқыларда мықын- құрсақ асты жүйке жүйесі
сиырдың жүйке жүйесі сияқта тармақталды. Иттерде краниальды және 
каудальды (L II) мықын-іш қуыс жүйке жүйесі бар.
Мықын-шап жүйке жүйесі — n. ilioinguinalis – L II и III түзіледі, үлкен бел, 
төрт бұрышты бел, құрсақ бұлшық еттерін, санның терісін, ұма мен күпектің 
терісін (аталықтарда) және желінді (аналықтарда) жүйкелендіреді. 


234 
Сыртық ен жүйке жүйесі - n. spermaticus externus —L II, III және IV түзіледі, 
мықын-бел, төрт бұрышты бел, құрсақ бұлшық етін, санның терісін, ұма мен 
күпектің терісін (аталықтарда) және желінді (аналықтарда) жүйкелендіреді. 
Бел-тері жүйке жүйесі — n. psoadicocutaneus —L III, IV, V түзіледі, бұлшық 
ет тармағы – үлкен бел бұлшық етін, тері латеральды сан жүйке жүйесі атына 
ие — n. cutaneus femoris тері тармағы – сирақ буынының терісін 
жүйкелендіреді.
Сан жүйке жүйесі — n. femoralis —L IV, V, VI түзіледі, мықын бұлшық еттің 
медиальды басы және тігін бұлшық еті арасынан шығады, ал сан каналы 
арқылы өтеді де екі тармаққа бөлінеді. Бұлшық етті тармақ – мықын және төрт 
басты бұлшық етті; сафенус жүйке жүйесі — n. saphenus атты тері асты тармақ 
– табан мен сирақтың терісін жүйкелендіреді. Жамбас-ортан жілік буынының 
бүккіш және жақындатқыш бұлшық еттерін және артқы аяқ ішкі бетінің терісін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет