А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет161/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

(анық жүйкесіжүйкелендіреді. 
Жапқыш жүйке жүйесі — n. obturatorius —L IV, V, VI түзеді де, жапқын 
жүйке жүйені жүйкелендіреді. Жапқыш тесігі арқылы жамбас қуысынан 
шығып, жамбас-ортан жілік буынының жақындатқыш және жапқыш бұлшық 
еттерін жүйкелендіреді. 
Құйымшақ жүйке жүйесі— nn. sacrales — симпатикалық бағанның сұр 
жалғау тармағын қосады да, дорсальды және вентральды құйымшақ тесіктері 
арқылы шығады. Дорсальды тармақтары жазылу жамбас буынына бағытталған, 
сонымен қатар теріге, терілі сан орташа жүйке жүйесі — nn. clunii medii 
ретінде. Вентральды тармақтар құйымшақ торабын — plexus sacralis 
қалыптастырады. Одан алдыңғы және артқы сан, каудальды тері, жынысты, 
артқы тік ішек, мықын жүйке жүйесі тарамдалады.
Алдыңғы сан жүйке жүйесі — n. glutаeuscranialis — L VI және S I түзіледі 
және сан бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Артқы сан жүйке жүйесі — n. glu-taeus caudalis —S II және кейде III түзіледі, 
екі басты және сан бұлшық етін жүйкелендіреді. 
Санның каудальды тері жүйке жүйесі – n. cutaneus femoris caudalis – S I, II 
түзіледі, екі басты бұлшық еттің артынан, санның бетіне шығады. Терілік артқы 
сан жүйке жүйесі – nn. сlunii caudales – атымен санның терісін жүйкелендіреді. 
Жыныс жүйке жүйесі – n. pudendus – S III, IV түзеді, жынысты артерияның 
қасында мықын доғасы арқылы өтеді. Аталықтарда, ол жыныстық мүшеге 
дорсальды жүйке жүйесі ретінде – n. рenis dorsales – өтеді де, жыныстық 
мүшені жүйкелендіреді. Аналықтарда жыныс жүйке жүйесі клитордың жүйке 
жүйесі– n. clitoridis – ретінде жалғасы болып саналады да, клиторды 
жүйкелендіреді. Жыныс жүйке жүйеден тік ішектің ортаңғы жүйке жүйесі – n. 
haemorrhoidalis medius және аталықтардың артқы тесігі мен ұмасы үшін, ал 


235 
аналықтардың желіні, анус пен жыныстық тесігі үшін артқы тесік жүйке жүйесі 
– n. perinealis – кетеді 
Ерекшеліктері: шошқа мен жылқыда жыныс жүйке жүйесі сиырдың жүйке 
жүйесі сияқта тармақталады. Иттің жыныс жүйке жүйесі S I, II, III арқылы 
түзіледі.
Артқы тік ішек жүйке жүйесі - n. haemorrhoidalis caudalis - S VI, V арқылы 
түзеді, тік ішекті, анусты және аналықтардың жыныс ернеулерін 
жүйкелендіреді. 
Мықын жүйке жүйесі -n. ischiadicus —L VI, S I, II арқылы түзіледі, осыдан 
барлық жамбас қуысын жүйкелендіреді. Жамбастың үлкен мықын тесігінен 
шығады да, мықын төмпешігі мен үлкен тік ұшақтан өтеді. Жамбас қусынының 
артында мықын жүйке жүйесі сирақтық буынға дейін жететін ортан жілік пен 
кіші жілік жүйке жүйесіне бөлінеді. Жамбастың қасында мықын жүйкесі терең 
сан, ішкі жабқыш, екілік, төрт бұрышты сан бұлшық еттеріне тармақталады.
Ортан жілік жүйке жүйесі - n. Tibialis — жеткізеді: жамбас қуысында – 
проксимальды бұлшық ет тармағы — rami musculares proximales — екілік, 
жартылай шеміршекті бұлшық еттер үшін; санның ортасында — табан мен 
сирақтың латеральды тері асты венасымен қатар келе жатқан сирақтың 
плантарлы тері жүйке жүйесі — n. cutaneus surae plantaris – сирақ пен тобықты 
жүйкелендіреді; тізе буынына қарсы – дистальды бұлшық етті тармағы — rami
musculares distales – бақай буының жазу мен жабуға: тізенің ортасында — 
тізенің медиальды тері жүйке жүйесі — n. cutaneus surae medialis — тізе мен 
тілерсек терісі үшін. Тілерсектің үстіңде ортан жіліктің жүйке жүйесі 
латеральды және медиальды плантарлы жүйке жүйесіне — nn. plantares lateralis 
et medialis бөлінеді. Плантарлы жүйке жүйесі тілерсек плантаралы жүйке 
жүйеге —nn. metatarseae plantares бөлінеді, содан кейін ол тұяқты (саусақты) 
жүйке жүйеге — nn. digitales plantares ауысады.. 
Сиырларда плантарлы медиальды жүйкесі — n. plantaris media – III және 
IV бақай үшін плантарлы III бақай медиальды жүйкесін — n. digitalis plantaris
tertius medialis — және жалпы плантарлы бақай жүйкесін — n. digitalis plantaris 
communis tertius et quartus береді. Плантарлы латериальды жүйке жүйесі — n. 
plantaris laleralis — плантарлы латеральды IV бақай жүйке жүйесіне - n. digitalis 
quartus lateralis ауысады.
Ерекшеліктері: шошқалардың плантарлы медиальды жүйке жүйесі 
плантарлы II және III тілерсек жүйке жүйесін ажыратады және плантарлы IV 
тілерсек жүйке жүйесін қалыптастыратын плантарлы латеральды жүйке 
жүйемен қосылады. Жылқыларда плантарлы латеральды және медиальды 
жүйке жүйесі плантарлы латеральды және медиальды бақайдың жүйке 
жүйесінде жалғасады. Иттерде плантарлы медиальды жүйке жүйесі плантарлы 


236 
1 тілерсек жүйке жүйесін береді. Плантарлы латеральды жүйке жүйесі 
плантарлы II, III және IV тілерсектің жүйке жүйесіне бөлінеді.
Ортан жілік жүйке жүйесі — n. peronaeus – екі басты бұлшық еттің 
астындағы сан аумағында, ал сирақта – алдыңғы ортан жілік артериясы мен 
венамен қатар ортан жілік сүйегінің алдыңда орналасқан. Тізе буынының 
деңгейінде кіші жілік жүйке жүйесі тізенің дорсальды тері жүйке жүйесін - n. 
cutaneus surae dorsalis береді. Ортан жіліктің латеральды қуысында, ол беткей 
және терең кіші жілік жүйке жүйесіне бөлінеді. Беткей кіші жілік жүйке жүйесі 
— n. peronaeus superficialis — шеткі және ұзын жазғыш бақай арасындағы 
бақайларға жеткізеді. Терең кіші жілік жүйке жүйесі — n. peronaeus profundus
— ортан жілік артериясы мен венасымен қатар бірге жүріп, сирақтың 
дорсальды бұлшық етін жүйкелендіреді. Тілерсекте – тілерсекті дорсальды 
жүйке жүйесін жеткізеді.
Сиырларда беткей кіші жілік жүйке жүйесі III және IV бақай үшін
дорсальды латеральды IV және медиальды III бақай жүйке жүйесін — n. 
digitalis dorsalis quartus lateralis et digitalis dorsalis tertius medialis және жалпы 
бақай жүйке жүйесін — n. digitalis dorsalis communis tertius et quartus береді. 
Терең кіші жілік жүйке жүйесі жалпы бақай жүйке жүйесіне қосылады.
Ерекшеліктері: шошқалардың беткей кіші жілік жүйке жүйесі досальды II, 
III және IV тілерсек жүйке жүйесіне ауысады. Жылқыларда беткей кіші жілік 
жүйке жүйесі сирақ пен тілерсек терісін жүйкелендіреді, ал терең – тілерсек пен 
бақай терісін және сирақтың дорсальды беттің бұлшық еттің жүйкелендіреді. 
Иттерде беткей кіші жілік жүйке жүйесі дорсальды II, III, IV және V тілерсек 
жүйке жүйесін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет