А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет96/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Ен мен енқаптың анатомиялық-гистологиялық құылымын сипаттап беріңіз 
2 Енбау қалай құралған? 
3 Ен қосымшасы қандай қызметтер үшін қажет: 
4 Ұмаудың қабырғасы неден пайда болды? 
14.2 Несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездері 
Сабақтың мақсаты: Несеп-жыныс өзегі, қосымша жыныс бездердің 
құрылысын игеру 
Несеп-жыныс өзегі(мочеполовой канал) — canalis urogenitalis, s. urethra 
masculina — зәр бөлу және көбею мүшелері жүйелерінің ортақ мүшесі болып 
табылады. Ол екі: жамбас және жыныстық бөлімдерге бөлінеді. Несеп-жыныс 
өзегінің қабырғасы: ішкі кілегейлі, ортаңғы кеуекті, сыртқы етті қабықтардан 
тұрады. Кілегейлі қабығын көпқабатты жалпақ ауыспалы эпителий астарлайды. 
Кеуекті қабықты бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері, эластин 
талшықтарымен арқауланған дәнекер ұлпалық перделіктер және олардың 
аралықтарында орналасқан, үңгір қуысты вена қан тамырларының торы 
құрайды. Кеуекті қабықтың үңгір қуысты вена қан тамырлары торының ішкі 
беті эндотелиоциттермен астарланған. Аталған тамырлардың үңгірқуыстары 
қанға толған кезде кеуекті қабық қатаяды да, несеп-жыныс өзегі ашылып, 
шәуеттің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді. Етті қабықты көлденең жолақты 
бұлшық ет ұлпасы құрайды. 
Несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлімінің қабырғасында қосымша 
жыныс бездері, атап айтқанда, көпіршікше, қуық алды және баданалық бездер 
орналасады. 
Ерекшеліктері: Жамбас бөлігіндегі несеп-жыныс өзегінің— pars pelvina 
urethraе — бұқаларда, ұзындығы 10—12 см; жамбас пен мықын сүйегінде 
орналасқан. Несеп-жыныс өзегіне қарай қуық алды және баданалы бездер 
ашылады. Қабандардың жамбас қуысындағы несеп-жыныс өзегі қалыңдау 
келген, және оның қабырғаларында қуық алды бездері шашыраңқы түрде 
орналасқан. Ал баданалы безі жуан және қысқа келген. Айғырлардың несеп-
жыныс өзегіне қуық алды, баданалы бездер, сонымен қатар шәует шығаратын 
түтікше ашылады. Несеп жыныс өзегінің қабырғасы сірлі — tunica mucosa, 


155 
тамырлы -corpus cavernosus urethrae және бұлшық етті қабықтан—tunica 
muscularis urogenitalis құралған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет