А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет74/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бауырдың гистологиялық құрылысы. Бауыр сыртынан сірлі 
қабықпен, оның астындағы дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан 
бауырдың ішінен қарай енген дәнекер ұлпалық аралықтар, оның паренхимасын 
көптеген көпбұрышты бөлікшелерге бөледі. Бауыр бөлікшелері – бауырдың 
құрылымдық және қызметтік бірлігі. Бөлікшелер бауырдың паренхимасын, ал 
оның стромасын дәнекер ұлпалық қапшық пен бөлшекше аралық борпылдақ 
дәнекер ұлпалық аралықтар құрайды. Бауырға бауыр артериясы мен қақпалық 


123 
вена артерия және вена қанын алып келеді. Бауыр артериясы мен қақпалық вена 
бауырдың дәнекер ұлпалық аралықтарында кезегімен: бөліктік, сегменттік, 
бөлшекшелер 
аралық 
артериялары 
және 
веналарға 
тарамдалады. 
Бөлікшелердегі өт капиллярларынан қабырғасы бірқабатты текше тәрізді 
эпителийден құралған бөлікшелер аралық өт өзегі түзіледі. Бөлікшелер аралық 
артерия, вена және өт өзегі бөлікшелердің аралығындағы борпылдақ дәнекер 
ұлпасында қатар орналасып, «бауыр үштігін» құрайды. Бұлардың ішінде 
бөлікшелер аралық венаның арнасы кең болады. Венаның жұқа қабырғасын 
эндотелий, негіздік жарғақ, сақинаша орналасқан жекеленген біріңғай салалы 
ет ұлпасының миоциттері және сыртқы адвентиция құрайды. Бөлікшелер 
аралық артерияның арнасы тар, қабырғасы қалың болып келеді. Оның 
қабырғасы интима, медиа және адвентиция қабықтарынан құралған. 
Бөлікшелер аралық артериялар мен веналар бөлікшелерді айнала шырмап 
жататын, перделік (септальдық) артериялар мен веналарға тарамдалады. 
Аталған қан тамырлары бауыр бөлікшелеріне кіріп таралып, бір-бірімен 
қосылып, бауыр бағандарының аралығымен өтетін қойнауша (синусоидты) 
капиллярларды түзеді. Қойнауша капиллярлар бөлікше орталығында бір-
бірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің орталық венасын құрайды. Орталық 
веналар бір-бірімен бірігіп, бөлікше асты веналарын, олар өз кезегінде бір-
бірімен қосылып, артқы қуыс венасына ашылатын бауыр венасын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет