124
олқұрамында ас қорыту ферменттері (белоктарды, көмірсуларды,
майды
қорытатын) мол ұйқы безі сөлін бөліп, он екі елі ішек қуысына шығарады. Ал
ішкі секреция безінің қызметін ұйқы безі аралшықтарының торшалары
(инсулоциттері) атқарады. Ұйқы безінің паренхимасы энтодермадан, стромасы
мезенхимадан дамиды. Ұйқы безі құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-
түтікше бездерге жатады.
Ұйқы безі – паренхималы мүше. Ол он екі
елі ішек шажырқайының екі
сірлі жапырағының аралығында орналасады. Ұйқы безі оң,
сол және орталық
бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі (ductus pancreaticus) он екі елі ішекке
ашылады.
Бұдан басқа, оның ішекке дербес ашылатын ұйқы безінің қосымша
өзегі де (ductus pancreaticus accessorius) болады.
42 - сурет. Ұйқы безі (оң жағынан)
Ерекшеліктері: Жылқыда ұйқы безі без денесінен (орталық бөлік), оң
бөліктен (бездің басы) және сол бөліктен (без құйрығынан) тұрады. ОНың өзегі
бауыр
өзегімен бірігіп, он екі елі ішекке ашылады. Кейде қосымша өзегі де
кездеседі. Сиырда ол он екі ішек бойында орналасады.
Ұйқы безі денесінен
(орталық бөлік), сол және оң бөліктен тұрады. Без өзегі он екі елі ішекке өт
өзегінен 30-40 см кейін ашылады. Ал ұсақ малдарда
бездің құрылысы сиыр
безіне ұқсас. Ұйқы безінің өзегі өт өзегімен бірігіп, бір бүртікке ашылады.
Шошқада ұйқы безі денеден (орталық бөлік), оң және сол бөліктерден тұрады.
125
Бір өзегі болады. Итте ұйқы безі денеден, оң және сол бөліктерден тұрады. Без
өзегі он екі елі ішекке өт өзегіме бірге ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: