129
борпылдақ жалғама ұлпамен қапталған. Тік шек
пен құйрықтың бұлшық еті
жақсы дамыған.
Иттердің тік ішегі ампула тәріздес кеңейтілген. Анустың шетінде
кішкентай емес безді қапшықтар, жұпты анальды синустар орналасқан. Олар
көтергіш анус пен оның сыртқы сфинктерінің арасында жатыр. Жұпты анальды
бездердің бөліндісі оларға арнайы иісті береді.
Артқы тесік — anus — тік ішектің каудальды ұшымен қалыптасады.
Анустың сірлі қабаты көптеген тегіс эпителилермен қапталған.
Бұлшық етті
қабық сфинктерді түзеді. Анустың ішкі сфинктерін — sphincter ani internus
қалыптастыратын түбірі тегіс бұлшық еттен тұрады, ал бетін –
көлденең
жолақты бұлшық еттен, ол анустың сыртқы сфинктерін — sphincter ani externus
қалыптастырады. Анустың сырты терімен қапталған. Ол бірінші құйрық
омыртқасына және тік ішек пен құйрықтың бұлшық етімен жамбасқа, анусты
көтергішпен, сонымен қатар анустың ілмек байламына байланысқан.
Тік ішек пен құйрықтың бұлшық еті — m. rectococcydeus — анус пен тік
ішектің вентральды және бүйірлік қабырғасынан
бірінші құйрықтың
омыртқасына бағытталған. Қызметі: нәжіс шығарған кезде, артқа қарай
тартады.
Анусты көтергіш — m. 1evator ani —
жамбас байламы мен шонданай
білігінен басталады да, анустың қабырғасында аяқталады. Қызметі: нәжіс
бөлгеннен кейін, анусты өзіне қарай тартады.
Анустың іліп қою байламы — ligamentum suspensorium ani — бір ұшымен
2-ші құйрық омыртқасына бекітілген, ал екінші ұшымен ілмек тәріздес анусқа.
Қызметі: анусты ұстайды.
Шошқаның артқы тесігі сиырдың құрылысымен ұқсас.
Жылқылардың артқы тесігінің терісі
май және тері бездеріне бай, тері-
тесікті және аноректалды сызығы жақсы көрінеді, ішкі және сыртқы сфинктері
жақсы дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: