Бақылау сұрақтары:
1. Жер телімдерін тіркеу дегеніміз не?
2. Жерді иелену меншік иесі мен жер пайдалану түрлерін атаңыз.
3. Мерзімсіз жəне уақытша пайдалану дегеніміз не?
4. Жерді иелену дегеніміз не?
5. «Жер туралы» заңның қай бабында Қазақстан Республикасында жерге
жеке меншіктіктің мазмұны ашылады?
6. Жер теліміне меншік иесінің құқығы қандай?
7. Жер телімдерін тіркеу түрлері.
8. Негізгі тіркеу құжаттарын атаңыз.
2.2. Жерді есепке алудың қызметі мен сипаттамасы,
түрлері мен əдістері
Жер есебі жер кадастырының құрамды бөлігі ретінде,
шаруашылық есебінің бір түрі болып саналады.
Оны жүргізу əдістерінің өзгешелігі жердің өндіріс құралы жəне
жылжымайтын мүлік объектісі ерекшелігіне байланысты.
Шаруашылық салаларында жерлер əртүрлі мақсаттар үшін
пайдаланылады жəне соған лайықты оның есебі жүргізіледі.
Жер тұрғын үй, өнеркəсіптік, ауыл шаруашылығы жəне орман
шаруашылығы, транспорт кəсіпорындары, мəдениет мекемелері,
денсаулық сақтау, қорғаныс мекемелері мен ұйымдары жəне т.б.
құрылыстар орналасқан орын ретінде есептелінеді.
Өндірістің кейбір салаларында
ауыл жəне орман шаруа-
шылығында) операциялық базис ретінде жер есебінен басқа,
оларды өндіріс күштері, негізгі өндіріс құралы ретінде есепке алу
қажет. Бұл жердің сапалық жағдайы мен пайдалануы туралы ар-
найы мəліметтерді алуға қажеттілікті туғызады. Бəрінен бұрын
бұған ауылшаруашылық алаптарының құрамы мен сапасы туралы
мəліметтер жатады.
Жер телімінде жерді сапалы сипаттау жəне сандық бейнелеу
үшін заттық (натуралды) өлшеуіштер қолданылады. Есепке алу,
Республиканың жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін
42
қажетті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы мен шаруашылығы
туралы мəліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға жəне сақтауға
бағытталған.
Жалпы мемлекеттік мəселелерді шешу барысында жер есебі
мемлекеттік шара болып есептелінеді. Соның үшін , оны жүргізудің
міндетін, мазмұнын жəне тəртібін мемлекет анықтайды. Ол жердің
есепке алу ақпараттарының мазмұны мен оны алу тəсілдерін, есеп-
ке алу жəне есеп беру құжаттары мазмұнын, есеп беру мерзімін,
есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге
бақылау тəртібін анықтайды.
Есепке алудың белгіленген тəртібі республиканың барлық
жеріне міндетті болады. Мемлекеттік есепке алудың объектісіне
Қазақстан Республикасының бірыңғай жер қорының барлығы
жатады. Бөлек салаларда мүдделері мен міндеттерін есепке алу
мен жинақтық есепке алуды жүргізуге қажеттілік туады, оның
объектісіне нақты ведомоствоның қарауына жататын барлық жер-
лер кіреді.
Жердің жинақтық есебі мемлекеттік есептің мазмұны мен та-
лаптары бойынша құрылады. Жер есебі мемлекеттік шара ретінде
мемлекеттік жер кадастрының құрам бөлігі болады. Мемлекеттік
жер есебі белгілі жүйе болып, оған жердің сандық жəне сапалық
есебі кіреді. Оның даму заңдылығына жер категорияларының,
жер телімдерінің жəне алаптардың аудандарын анықтау дəлдігін
жоғарылату, жер сапасы сипаттамасын кеңейту жатады.
Жер есебі сапасы жақсы жоспарлы-картографиялық мəлі -
меттері негізінде жердің нақты жағдайы мен пайдалануы бойын-
ша жүргізіледі. Жер есебіне барлық жер қоры əкімшілік-аумақтық
бірлікке бөлінген жер категориялары мен жерді пайдаланушылар,
жер пайдалану мен алаптар жатады. Алаптардың сапасы топырақ
қабаты, топырақтың құнарлы заттармен қамтамасыз етілгендігі,
жер бедері, жер оты құрамы қалыңдығы, мелиоративтік жағдайы
жəне т.б. бойынша анықталады. Жер есебі біріңғай əдіс бойын-
ша, яғни жер категориялары мен бөлек зоналар мəліметтерін са-
лыстыруды қамтамасыз етіп жүргізіледі. Бұл мақсатта жер есебі
ақпараттарын алудың, өңдеудің жəне топтастырудың бірыңғай
жүйесі, бірыңғай жер кластары мен алаптар қолданылады.
43
Есепке алу мəліметтері жер ресурстарын пайдалануды жоспар-
лау көрсеткіштеріне қарағанда көбірек дифференцияланған жəне
кеңейтілген болуы керек. Бұл есепке алу тек қана жер жағдайын
ол жағы немесе бұл жағын анықтап қоймай, жаңа жер қорларын
игеру жəне олардың өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды ашады.
Есепке алу мəліметтері жердің жағдайы жəне нақты өлшемімен,
оны жүргізген уақытпен сайма-сай болуы керек, сонда ғана олар
практикалық құнды көрінетін болады. Жерді есепке алу бары-
сында, есептеу классификациясында қарастырылған жергілікті
белгілер мен заттарды мүмкіндігінше дəлдікпен, нақтылықпен
анықтау қажет.
Мемлекеттік жер қоры мемлекеттік жерді есепке алу объектісі
болғандықтан, барлық жерлер,оның құрамына кіретініне, олар
кімнің пайдалануы мен иеленуіне жататынына, оларды қазіргі кез-
де пайдаланатынына жəне пайдаланбайтынына қарамастан есепке
алынады.
Басқа сөзбен айтқанда, бірыңғай мемлекеттік жер қорының
барлық жерін есепке алуды қамту қағидасын сақтау керек. Бұл
оның жер категориялары, жер пайдаланушылар жəне алаптар бой-
ынша қайта бөлісуі мен құрамын, жалпы ауданын дұрыс анықтауға
мүмкіндік береді. Жерді есепке алуды дұрыс жүргізудің негізгі
шарты – оны өз уақтында жəне тоқтаусыз жүргізу. Бұның өзі жер
есебі мəліметтерін қазіргі кезгі деңгейінде ұстап тұрады. Бұл
принцип жердің жер жағдайы мен пайдалануында өтетін сандық
жəне сапалық өзгерістерді жүйелі есепке алу қажеттілігін тудыра-
ды. Жер бетінде пайда болған өзгерістерді өз уақытында анықтап
белгілеп отыру жəне тиісті есепке алу мəліметтерін мен жазудың
уақыты бойынша келісім орнату керек.
Жер есебі мəліметтері нақты жəне жеткілікті толық болғаны
дұрыс. Есепке алу мəліметтері мен құжаттарында жазулар ебедейсіз
жəне қиын оқылатын болмауы керек. Жер есебі мəліметтері тек
қана мəтіндік құжаттар болып көрініп қоймастан, жоспарлы
картографиялық негізде міндетті түрде кескінделеді, ақпараттарды
(цифрлы кестелер, текст, графиктер, диаграммалар, картограмма-
лар жəне электронды карталар) беретін жəне сақтауға мүмкіндік
беретін компьютер технологияларын пайдалану мен магниттік та-
сымалдаушыларда есепті жүргізу айтарлықтай жеңілдетілдірілген.
44
Есепке алу барысында мəліметтерді алу жəне өңдеуде аз
қаражатты қамтамасыз ететін əдістер мен құралдарды қолдану
қажет. Есептеуіш компьютерлік техникаларды жəне тексеру мен
түсірістің ең жетілдірілген əдістерін қолдану, республиканың жер
қорын өз уақытында жəне дұрыс есепке алуды жүзеге асыруға
мүмкіндік туғызады, ал сонымен қатар мемлекеттік жер кадастрын
ойдағыдай жүргізеді.
Жерді түгендеу (инвентаризациялау) жер есебінің құрам бөлігі,
бір жолғы есепке алу шарасы болып есептеледі. Оны жергілікті
жерде, кадастрлық құжаттарда бар, тиісті мəліметтерді табу
мақсат пен қажеттілік туғанда жүргізіледі. Бұл барыста табылған
анықтаулар кадастрлық мəліметтерге жəне бірінші кезекте есеп
алуға енгізіледі. Түгендеуді жүргізу барысында өндірісте бар
болған жоспарлы-картографиялық жəне басқа да мəліметтер
қолданылады. Жергілікті жердегі тиісті мəліметтерді табу жерді
тексеру барысында жүргізіледі. Жергілікті жерде арнайы түсірістер
қағида бойынша жүргізілмейді.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмұнына жəне
ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы)
жəне күнделікті (келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері
бір-бірімен өзара байланысты жəне жерді есепке алудың бірыңғай
үрдісінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
1. Есептелінетін аумақның барлық жоспарлы мəліметтерін алу-
ды жүйелеу жəне талдау жасау;
2. Жоспарлы мəліметтер мен жер есебі мəліметтерінің қажетті
алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру жəне түсіріс бойын-
ша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу;
3. Барлық есептелінетін аумақтың пайдаланатын жəне қайта
бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін анықтау;
4. Арнайы жер-есептік жоспарлы мəліметтерді дайындау жəне
жер-есепік мəтіндік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу;
5. Жер қорына жер категориялары, жер пайдаланушылар,
алаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықтау жəне оларға
əкімшілік бірліктер (аудандар,облыстар) бойынша сапалық сипат-
тама беру.
45
Алғашқы есепке алуды жүргізуге байланысты кең көлемдегі
жұмыстар туралы пікір айту үшін, мысал ретінде бірнеше
мəліметтерді келтіреміз. Қазақстан Республикасы жер қорының
жалпы ауданы (272.45 млн.га) есептелінді жəне 14 облыс, 161
əкімшілік аудан, 302 қалалар мен кенттер жəне 7164 ауыл елді ме-
кендер бар (01.01.2011 жылғы).
Азаматтардың иелігінде жеке қосалқы шаруашылық жерлері
230,5 мың гектар, 100,2 жəне 85,0 мың гектар жер бау шаруашылығы
мен бақша өсіруге бөлінген.
Бастапқы жер пайдалану саны: шаруа қожалықтары –
63977, ауыл шаруашылық кооперативтер – 3310, шаруашылық
серіктестіктер – 133, басқа мемлекеттік емес кəсіпорындар – 1594,
мемлекеттік ауыл шаруашылықтар –1669 құрайды.
Ауылшаруашылық алқаптары олардың түрлері мен түр
тармақтары бойынша анықталады: топтар, класстар; топ
тармақтары құрамы; механикалық құрамы бойынша топтық
сипат тама беріледі, барлық ауылшаруашылық алқаптарын бағалау
жүгізіледі.
Алғашқы есепке алу түсірістер мен тексерулерді жүргізуге,
жоспарларды құруға, аудандарды есептеуге байланысты.
Анықталатын аумақ жерінің саны мен сапасы туралы толық жəне
жан-жақты мəліметтерін алу үшін оны жоғары кəсіби мамандар
жүргізеді. Ол келесі кезең жұмыстарына дайындық, далалық есеп-
ке алу бойынша нəтиже жұмыстарын рəсімдеуден тұрады.
Дайындық жұмыстары барысында анықталатын аумақ
жерлерін саны мен сапасы туралы мəліметтерден тұратын барлық
мəліметтер мен құжаттарды жинайды. Жерді пайдалануды тіркеу
құжаттарын,
топографиялық-картографиялық
мəліметтерді,
шаруа шылықаралық жəне ішкі шаруашалықтық жерге орналасты-
ру мəліметтерін, əртүрлі бағыттарды тексеру мəліметтерін жинай-
ды жəне зерттейді. Егер мəліметтер ескерілмеген жəне натураға
кө шірілмеген жағдайда, жоспарды түзету бойынша жұмыстары
көрсетіледі немесе жаңадан түсірістер, тексерулер жүргізіледі,
яғни далалық жұмыс кезінің бағдарламасын анықтайды.
Далалық жұмыстарының жергілікті жердегі жер-есептік
мəліметтеріне қажеттілік туғанда арнайы қызметтер жоспарланады.
Бұл жұмыстарға түсірулер, тексерулер бұған дейінгі бар жоспар-
46
лы мəліметтерге түзетулер жатады. Далалық жұмыстардан кейін
тиісті шаралар – топырақ талдау, жер есептік жəне мəліметтерді
рəсімдеу, аудандарды есептеу мен үйлестіру, арнайы жоспарлық
есептік құжаттарды құру орындалады.
Осындай жолмен алынған мəліметтерді белгілі бір тəжірибеде
қарап шығады, бұдан кейін сапасы жақсы деректі мəліметтерді
қабылдайды жəне есепке алу құжаттарына еңгізіледі.
Алғашқы есепке алу барысындағы тіркелген жəне анықталған
мəліметтер уақыт өтуге байланысты талапқа сай болмай жарам-
сыз қалады. Шаруашылық пайдалану үрдісінде жерді бөлу мен
құрамында белгілі бір өзгерістер болады. Сонымен, соңғы жыл-
дары жер телімдерін нақтылауға, шаруа қожалықтарына, коопе-
ративтер мен серіктестіктерге ауылдық аудандардағы жерді бөліп
беру өзгерді. Бұдан басқа ауылшаруашылық кəсіпорындарда ша-
мамен, 20%-дай алқаптарды трансформациялау жүргізіледі, яғни
жыл сайын алқаптардың құрамы өзгеріп тұрады. Мелиоративтік
шаралардың қысқаруына байланысты, табиғи мал азықтық
алқаптар мен егістіктің сапасы өзгерді. Елді мекендер жері
құрамында да үлкен өзгерістер болды жəне басқа жер санаттары
жерлерінде құрамы мен құрылысыда жыл сайын өзгереді.
Сондықтан алғашқы есепке алу құжаттарына еңгізілген
мəліметтер ескіреді, оларды жаңарту күнделікті есепке алуды
жүргізуге алып келеді. Күнделікті есепке алу міндетіне жердің
саны мен сапасында, бөлінуінде болған өзгерістер туралы
мəліметтерді анықтау жəне жазу, алғашқы есепке алу барысында
жіберілген қателерді табу мен тиісті анықтауларды еңгізу кіреді.
Құжатта тек заңды өзгерістер белгіленеді, сондықтан күнделікті
есепке алу барысында тек қана нақты өзгерістерден басқа олардың
заңдылығы да анықталады. Күнделікті есепке алуды жүргізуде
негізгі есепке алу мəліметтері қолданылады жəне тек жердің пай-
далану жағдайында өзгеріс болған аумақ бөлігі ғана өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |