А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
рег.учет. зем.

Бақылау сұрақтары:
1. Жерді үйлестіру жəне есепке алуды жүргізу тəртібін реттейтін жəне 
анықтайтын бірінші Кеңес құжаттары.
2. Есепке алу дегеніміз не?
3. Жерді тіркеудің міндеттері қашан жəне қай құжатта бірінші рет 
көрсетілген?
4. Жерді бөліп беру жазбасы деген не?
5. Жер кадастрының негізгі бірлігі.
6. Жерді есепке алу жөнінде есеп беру қашан енгізілген?
7. Жер кадастрында қанша жəне қандай жер санаттары болған?


36
2-тарау
 ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ. 
ЖЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ
 2.1. Жер телімдерін тіркеудің мазмұны мен міндеті
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының 
құрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік құжаттарға жазуларды 
енгізу мен нақты жер теліміне меншік жəне пайдалану құқығын 
рəсімдеудің заңды шаралары ретінде қаралады. Қазақстан 
жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.
Ол – жерге мемлекеттік жəне жеке меншік құқығы мен жер 
телімін пайдалану құқығын бекіту жəне қорғауға бағытталған. 
Жер тіркеу деректері заңды күшке ие. Оның міндетіне жердің 
құқықтық жəне шаруашылық жағдайы туралы мəліметтерді 
жинау,жүйелі сақтау жəне жаңалау кіреді. Жер пайдалану мен 
жер иеленуді тіркеу алдында заңды рəсімдеулер: жергілікті жерде 
телімдердің белгіленген шекарасын бекіту, жер телімдері ауданын 
анықтау жəне тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмыстар 
шаруашылықаралық жерге орналастыру тəртібімен орындала-
ды. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жерді есепке алумен 
тығыз байланысты жүргізіледі. 
Жер қорын тиімді жəне ұтымды пайдаланудың маңызды шар-
ты болып, жер пайдалану мен жер иеленудің олардың нысаналы 
мақсаттарына сəйкес қатаң қорғау жəне тұрақтылығын құқықтық 
қамтамасыз ету жатады. Жер иелену мен жер пайдаланудың 
тұрақтылығын мемлекет қамтамасыз етеді. Бұл берілетін жер 
телімдерінің көпшілігінің тұрақты (мерзімсіз) пайдалану мен 
жеке меншік болуына мүмкінділік жасайды. Бұл жерлер тек қана 
мемлекеттік қажеттіліктер үшін, заңды рəсімдерді сақтай отырып, 
барлық шығындарды, соның ішінде пайдаланылмаған шығындар 


37
мен пайданың жəне телім құнын қоса төлеу арқылы алынуы 
мүмкін.
Жер телімдері, заңға сəйкес, жер пайдаланушылар мен жер 
иеленушілерден республика жер заңдарын бұзған жағдайда алып 
қойылуы мүмкін. Жер пайдалану мен жер иеленуді қорғауды 
жүзеге асыру үшін кімнің жер пайдаланушы немесе жер иеленуші 
екендігін жəне олардың пайдалану немесе иелену құқығы қандай 
нақты аумаққа тарағандығы туралы мəліметтер бар болуы керек. 
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу, нақты жер телімдеріне 
меншіктік құқығы мен пайдалану құқығын рəсімдеу жəне олар 
туралы тиісті құжаттарға / жер-кадастрлық кітабына жəне жер 
кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ЖКА-
АЖ) магнитті сақтауына мəліметтерді жазумен байланысты 
көптеген мəселелерді қамтиды. Ол бəрінен бұрын жер телімдерінің 
құқықтық жағдайы туралы мағлұматтарды қамтамасыз етеді. 
Дегенмен, енді жерді пайдалану ретінде белгілі аумаққа жəне 
нақты субъекті құқығымен байланысты мақсатты сипатқа ие, ол 
жер пайдаланудың шаруашылық міндеті, орналасқан орны мен 
өлшемі туралы мəліметтерді қамтиды. Жер пайдалануды тіркеу 
үшін, тиісті мемлекеттік органның шешімі, заңмен қарастырылған 
қажетті құжаттардың негізінде тиісті мақсаттармен заңды немесе 
жеке тұлғаға жер телімін беру туралы жəне жерге орналастыру 
жобасының нақты мəнін шығару мен жергілікті жерде телім шека-
расын бекіту туралы қарастырылған құжаттар негіз болады. 
Жер пайдаланушыларды немесе жер иеленушілерді мемлекет-
тік тіркелу рəсімделгеннен кейін, жер теліміне меншік құқығын 
немесе жер пайдалану құқығын беретін құжат (белгіленген 
формадағы мемлекеттік акт) пен бірге сол жер телімінің жоспары 
беріледі. Жер телімін беру шешімінде оны қандай мақсат үшін бөліп 
берілетіні жəне жерді пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі.
Пайдалануға жер бөліп беру барысында ауылшаруашылық жер 
пайдаланушылардың басымдылығы қарастырылады.
Жер пайдалану немесе меншік құқығын беретін құжатта жер 
телімінің нысаналы міндет атқаруы, бөлінетіні немесе бөлін-
бейтіні, сервитуттер мен басқа да ауыртпашылықтар мен шектеу-
лер көрсетіледі.


38
Жер пайдалану немесе иелену нақты жер телімі түріндегі 
Мемлекеттік тіркеуде болады, яғни кез келген жылжымайтын 
мүлік объектісі сияқты тек қана жер-кадастрлық кітабына еңгізіліп 
қоймай,тиісті органдардың мемелекеттік тіркеуінен өтеді. 
«Жер туралы» заңға сəйкес (37-бап 6-тарау) жерді пайдалану 
құқығы тұрақты жəне уақытша иеліктен шығарылатын немесе 
шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін. 
Бұнда жерді пайдалану құқығын қорғауға (37-бап 6-тарау) «Осы 
заңмен жəне өзге де заң актілерімен белгіленген негіздерден басқа 
реттерде ешкімді жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды» 
деп кепілдік беріледі.
Жер пайдаланушылар:
1. Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес;
2.Ұлттық, шетелдік, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар;
3. Жеке жəне заңды тұлғалар;
4. Тұрақты жəне уақытша;
5. Бастапқы жəне кейінгі болып бөлінеді.
Заңда:
– тұрақты жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығы 
мерзімсіз сипаттағы тұлғалар;
– уақытша жер пайдаланушылар жер пайдалану құқығы белгілі 
бір мерзіммен шектелген тұлғалар деп түсіндіріледі.
Бастапқы жер пайдаланушылар – жер пайдалану құқығын Осы 
Заңның 40-бабында көзделген тəртіппен тікелей мемлекеттен не-
месе бұл құқықты иеліктен шығару тəртібімен басқа бастапқы жер 
пайдаланушылардан алған тұлғалар.
Кейінгі жер пайдаланушылар – кейінгі жер пайдалану тура-
лы шарттың негізінде бастапқы жер пайдаланушының мəртебесі 
сақталған бастапқы жер пайдаланушылардан уақытша жер пайда-
лану құқығын алған тұлғалар.
Жерді тұрақты пайдалану құқығындағы жер телімдері: 
1) шаруа (фермер) қожалықтарына;
2) ауылшаруашылығы жəне орман шаруашылығы өндірісін 
жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға;
3) ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жерінде жер пайдала-
нуды жүзеге асыратын мемлекеттік заңды тұлғаларға;
4) заңдарда көзделген өзге жағдайларда беріледі.


39
Мерзімсіз деп белгіленген мерзімі шектелген жер пайдала-
нуды айтамыз. Басқаша айтқанда, бұл – тұрақты жер пайдалану. 
Қазіргі жер пайдалану түріндегі бастапқы жер пайдаланушыларға 
құқықтық рəсімдеу болып, жер пайдалану құқығын беретін 
мемлекеттік акт беріледі. Уақытша жер пайдалануда, жақтардың 
келісімі бойынша немесе жерді бөліп беру барысында белгіленген 
жер пайдалану мерзімі шектелген болады. Жерді уақытша пайдала-
ну құқығы мерзімді (5 жылға дейін) жəне ұзақ мерзімді (3 жылдан 
99 жылға) дейін болуы мүмкін. Уақытша пайдалануда жерлерді 
беру жəне рəсімдеу тəртібі жер заңдарымен белгіленген. «Жер 
туралы» заңның 5-тарауында иеленудің жерге меншік құқығы 
негізделген.
Республикамызда мемлекеттік жəне жеке меншік жер 
меншіктері заңдармен танылады жəне қорғалады. Жеке меншіктегі 
жер телімдерінен басқа барлық жер мемлекеттік меншік болып 
табылады,жерге жеке меншік азаматтар мен мемлекеттік емес 
заңды тұлғалардың меншігі түрінде болады.
Азаматтардың жеке меншігіндегі жерлерге өзіндік қосалқы 
шаруашылығын, бақ өсіру жəне саяжай құрылысын жүргізу үшін 
берілген жер телімдері жатады («Жер туралы» заңның 34-бабы). 
Бұдан басқа азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың 
жеке меншігіне өзінің мақсатына сəйкес үйлер мен ғимараттарды 
қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген 
(берілетін) немесе өндірістік жəне өндірістік емес, оның ішінде 
тұрғын үй-жайлар, үйлер, ғимараттар мен олардың кешендері 
салынған жер телімдері кіреді. Жеке меншіктегі жер телімі жыл-
жымайтын мүлік болып табылады.
Егер заңмен жəне басқа да заң актілерімен өзгеше көзделмесе, 
жер телімінің меншік иесі, мемлекеттік органдардың қандай 
да болсын рұқсатынсыз, өз қалауы бойынша жер телімін иеле-
ну, пайдалану жəне билік ету құқығын жүзеге асырады. Жер 
теліміне меншік құқығы басқа адамға мəміле жасалған сəттегі 
барлық ауыртпалықтармен қоса беріледі. Меншік иесі өзінің 
жер телімімен заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген 
мəмілелерді жасауға, атап айтқанда, жер телімін уағдаластық 
баға бойынша сатуға,шаруашылық серіктестігінің жарлық капи-
талына жарна ретінде енгізуге, кепілдікке беруге, сыйлауға жəне 


40
мұра етіп қалдыруға құқылы. Жер телімінің меншік иесі жер 
телімін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде жер телімін 
уақытша пайдалануға беруге құқылы (жалға беру, жалдау шарты 
немесе өтеусіз пайдалану туралы шарт түрінде).
Жер телімдерін тіркеу негізгі (алғашқы) жəне күнделікті 
(кезекті) болып бөлінеді.
Жер тіркеу құжаттарына тиісті мəліметтерді енгізу жəне 
жүйелеу, жаңа жер телімдерін (жер иеленушілер мен жер пай-
даланушылар) рəсімдеу бойынша жұмыстарды алғашқы тіркеу 
барысында жүргізеді. Оны жүргізу үрдісінде жер телімі туралы 
алғашқы жазулар енгізеді.
Жердің құқықтық жағдайына анықтаулар талап етілгенде, жер 
пайдалану құрамында жəне көлемінде заңды өзгерістер болғанда 
ғана жердің шаруашылық пайдалануында кезектегі (келесі) 
үдерістер жүргізіледі. Сонымен мемлекеттік қажет үшін жерді алу 
нəтижесінде пайдаланатын жердің жалпы ауданы өзгеруі мүмкін
Жер пайдаланудағы барлық болып жатқан заңды өзгерістерді 
рəсімдеу бойынша жұмыстар мен алғашқы тіркеу мəліметтері 
жəне құжаттарындағы тиісті анықтауларды енгізу пайдаланатын 
жерді күнделікті тіркеуде ретімен жүзеге асырылады.
Бұндай жағдай дəрежесінде жер тіркеу мəліметтерін қолдау 
қамтамасыз етіледі.
Республикада жер телімдерін мемлекеттік тіркеу белгілі 
жүйеде қалыптасты жəне мемлекеттік есепке алумен тығыз байла-
нысты жүзеге асырылды. Бəрінен бұрын тіркеу мəліметтері əрбір 
жер телімі жерінің сапасы мен санын есепке алу барысындағы де-
ректер сапасында қабылданады.
Жалпы ауданды қайта бөлістіргенде, тіркеу барысында көр-
сетілген, жерді есепке алу барысында анықталған алаптар аудан-
дарымен үйлестіріледі. Бір жағынан, аумақ бойынша жер-есепке 
алу мəліметтері əлгі қалыптасқан жер телімі, жер пайдалану тіркеу 
жұмыстарын жүргізу барысында қолданылады.
Тіркеу бірлігі мен жер телімінің белгілі бір шамасын қамтамасыз 
ету жəне құжаттар тұтастығы болады. Ауданда (қалада) жерді 
есепке алудың негізгі құжаты мемлекеттік жер кадастр кітабы бо-
лып табылады.
Жерді есепке алудан жер телімдерін тіркеудің айырмашылығы, 
бірыңғай мемлекеттік жер қорының барлығын емес, тек оның 


41
пайдалану мен иеленуге берілген аумақ қамтылады. Бос жатқан 
мемлекеттік босалқы жерлерде тіркеу жүргізілмейді.
Жер тіркеу мəліметтері топырақты бонитировкалауда (сапа-
сын айыру) жəне жерді экономикалық бағалауда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет