Бақылау сұрақтары:
1. Есепке алу өлшемдерінің түрлері.
2. Жерлерді есепке алудың басқа есепке алу түрлерінен өзгешілігі неде?
3. Жер кадастрының шаруашылықаралық жерді үйлестіру мен байланысы
неде?
4. Жер кадастрының шаруашылық ішінде жерді үйлестіру мен байланысы
неде?
1.4. Жер кадастрының бұрынғы КСРО кезіндегі дамуы
Мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болар алдын-
да жерді тіркеу, есепке алу, бағалау халық шаруашылығының
ертеректегі даму кезеңдерінен басталып, көптеген белгілі
31
өзгерістерден өтті. Бірақ, олардың арасында əрқашан бір белгілі
байланыс болды. Сондықтан, олардың дамуы, жетілу тарихын,
шын мəнінде, тұтас жүйе ретінде, бұрынғы КСРО жер кадастрының
қалыптасуы, даму тарихы деп қарауға болады.
Жер кадастрының қазіргі кездегі мəнін дұрыс түсіну жəне оны
əрі қарай дамуын алдын ала білу үшін оның пайда болуы мен жəне
дамуының тарихын жақсы білген жөн. Бұл мəселелер осы бөлімде
келтіріледі. Кеңес мемлекеті құрылуымен елімізде пайдаланыла-
тын жерлерді тіркеу, есепке алу арнайы мемлекеттік əдіс ретінде
жүргізіле бастаған.
Ал жерлерді бағалау тек жеке жер мəселелері мен шаруашы-
лық міндеттерді шешуде ғана жүргізілді.Бірінші жылдары жер
кадастрлық əдістердің жəне олардың міндеттерінің қажеттілігі
«Жер туралы» декретінде кеңестік жер өзгертулерін жүргізу
қажеттігімен негізделген. Декреттің 3-бабына сəйкес, помещик
жерлерін тартып алу тəртібін қатаң сақтау, тəркіленген мүліктің
дəл тізімін жасау, халыққа өтетін жерлерді қатаң қорғау ояздық
шаруа депутаттарына жүктелді.
Болыстық жер комитеттері жергілікті жер қатынастарын
реттеу, жалпы жерді қайта рəсімдеуді дайындау үшін қажетті
мəліметтерді жинауға тиісті болды: əр болыстықтың жер мөлшері,
сапасы, алқаптардың көлемі, табиғи мал азық жайылымдардың
жəне өңдеуге, жыртылуға жататын жерлердің сапасын, жерлердің
ауданын анықтау үшін барлық қол астындағы жоспарлы-карто-
графиялық мəліметтер, басқа да құжаттар пайдаланылды. Тəркі-
ленген жерлерге акт жасалынды. Оларға алқап түрлерінің,
жерлердің барлық көлемдері көрсетіліп, тиісті жерлер тізімдері
тіркелген. Жерді есепке алу, бағалау бірінші кезекте жерді
үйлестіру қажеттілігінен туды.
1919 жылдың 14 ақпанында жарияланған, БОАК бекіткен
«Социалистік жер үйлестіру жəне социалистік егіншілікке
көшу шаралары туралы» ережеде жер үйлестірудің міндеттері,
мазмұны, жүргізу қағидалары анықталған. Осы ережемен жерді
есепке алу міндеттері де белгіленген. Оны жүргізу тəртібі 1919
жылдың 23 қырқүйегінде РСФСР халықтық жер комитеті бекіткен
«Социалистік жерді үйлестіру мүддесі үшін жерлерді есепке алу
бойынша нұсқаулармен» белгіленген. Кеңес кезіндегі жерлерді
32
есепке алу бойынша бұл бірінші арнайы нұсқау болған. Ол
жерлерді есепке алуды жүргізу тəртібін жəне жер есептік құжаттың
мазмұнын белгілеген. Болыстық бойынша жер үйлестіру ісін
дайын дауда халықты жəне жерлерді есепке алу жүрді.
Жерді есепке алу бастапқы (негізгі) жəне күнделікті деп
бөлінген. Ол əр болыстық бойынша жеке жүргізілген. Үлестіруге
жатқызылған, жатқызылмаған барлық жерлер есепке алынған.
Болыстық аумақтары «Есептік саяжайлар» деп аталатын бір-
неше бөліктерге бөлінген. Есептік саяжайдың ауданы межелеу
мəліметтері бойынша есептеліп, əр телім орналасуына байла-
нысты тиісті есептік саяжайға тіркелген, ал алқаптар ыңғайлы
(жайылым, шабындық, орман, бұта, жыртылған, бау, бақшалар,
аула жерлері) жəне ыңғайсыз (жыралар, құмдар, батпақтар, су)
деп бөлінген. Жерді есепке алуды жүргізу нəтижесінде барлық
болыстық жерлердің есептік тізімдері, карталары пайда болған.
1918 жылдың 25 шілдесінде В.И. Ленин қол қойған Орталық
статистикалық басқарма туралы Ережеде бірінше рет, басқа
міндеттер ішінде, жерді тіркеу осы басқармаға жүктетілген. 1919
жылы заңды түрде ол бірінші рет жер жағдайы туралы мəліметтерді
жинау, жүйелеу, сақтау, жаңғырту бойынша белгілі əрекет түрі
ретінде бекітілген. Оның жүзеге асуы іс жүзінде «Социалистік
жерді үйлестіру жəне егіншілікке көшу шаралары туралы» Ере-
же қолданғаннан кейін басталды. Осы заңдық актіде «Пайдала-
натын жерлерді мемлекеттік тіркеу үлестірілген жер қорын, жер
пайдаланушыларды жəне болып жатқан бар өзгерістерді есепке
алу мақсатымен жүргізіледі» деп көрсетілген. Бұл жазба құрылған
жер пайдалануларды болыстық карталарға түсіруден жəне жер
тізімдерін жасаудан тұрған.
Жер пайдалануға құқықтығын дəлелдейтін құжат болып, осы
жерді бөліп беру туралы жазба саналған. Бұл жазуды губерниялық
жер бөлімі бекіткен. Жер пайдаланушыларға берілген жоспар-
ларда жəне жерді бөліп беру туралы жазбада тіркеуден өткендігі
көрсетілген. Негізгі тіркелуші бірлік ретінде жеке жер телімі
алынған. Ол бір немесе бірнеше алқаптардан тұратын, басқа жер
пайдаланушылар жерінен бір тұйық сызықпен шектелген жер
телімі.
33
Мемлекеттік тіркеуге жататын мағлұматтар (болыстық кар-
та, мекен картасы, мекен тізбегі, жер пайдаланушылардың тізімі)
арнайы құжатта көрсетілген. Əр жеке жер теліміне жерді пайда-
лану бойынша іс құрастырылған, бұл істе барлық мəліметтер
жинақталған.(жерді тіркеуі) жəне рəсімдері туралы нұсқауда»
Мемлекеттік жазуды жүзеге асыру тəртібі келтірілген. Пайдаланы-
латын жерлерді тіркеу бойынша бұл бірінші нұсқау болды.
1934 жылдан бастап, жерді есепке алу бойынша арнайы
есеп беру енгізілді. 1934 жылдың 29 мамырындағы КСРО ХКК
қаулысымен «Алқаптар жəне жер пайдаланулар бойынша жерлерді
үлестіру туралы есеп беру жөнінде» қолындағы бар құжат тар
жəне мəліметтер негізінде аудандық жер бөлімдері есеп құрып,
жоғарыға есеп беру міндеттері жүктелген.
1935-1938 жылдары ауылшаруашылық құрылымдарына мем-
лекеттік актілер тапсырылды, керек жағдайда шаруашылық-
аралық жерді үйлестіру жүргізілді. Бұл кəдімгі дəрежеде есептік
жер құжаттардың саласын жəне сенімділігін арттырды. Қоғамдық
колхоз жерлерін талан-тараждан сақтау жəне жер істерінде тəртіп
орнату мақсатымен 1939 жылы арнайы есептік жер құжаты:
1. Колхозда – баулықтап тігілетін жер кітабы;
2. Аудандық атқару комитетінде – жерлерді мемлекеттік тіркеу
кітабы енгізілді.
Бұл кітаптардың жер есептік жəне жер тіркеулік мағынасы
болған. Жерлерді есепке алу жəне онымен қоса тіркеу колхоз
жерлерін талан-таражға салудан сақтауға мүмкіншілік берген.
Бірыңғай жер қорының құрамы есепке алу барысында:
1. Ауыл шаруашылығына арналған жерлер;
2. Өнеркəсіп, көлік, арнайы арнаулы жерлері;
3. Қалалар жəне қала типтес кенттер жерлері;
4. Мемлекеттік орман қоры;
5. Мемлекеттік босалқы жерлері сяқты 5 санатқа бөлінген.
1938 жылдан бастап үлкен көлемде шаруашылық ішіндегі
жерді үйлестіру жұмыстары жүргізіле бастады. Жерді есепке алу
үшін жерді үйлестіру алқаптары құрамын, жай-күйін сипаттаушы
айрықша құнды мағлұматтар береді. Есепке алу жұмысы жақсы
қойылған жерлерде жерді үйлестіру үшін қажетті мəліметтерді
беріп отырды.
34
КСРО МК-нің 1949 жылдың 20 тамызындағы қаулысымен со-
вхоз жерлерін мемлекеттік есепке алу кітабы енгізілген. Ол кітап
екі бөліктен тұрған. Бірінші бөлігінде əр совхоз туралы жалпы
мəліметтер келтірілген, ал екінші бөлігінде совхоз жерлерінің экс-
пликациясы берілген. 1952 жылдан бастап барлық колхоз, совхоз-
дарында суарылатын жерлерді есепке алу мақсатымен жоспарлы-
картографиялық мəліметтер дайындала бастады. 1953 жылдан
бастап суармалы жерлердің сапасын, жағдайын күнделікті есепке
алу жұмыстары жүргізілетін болды.
Социалистік жер қатынастарының əрі қарай дамуы жəне жер
пайдаланушылардың күшеюі барлық пайдаланылатын жерлерді бір
жүйеде тіркеудің, бүкіл елдегі бірыңғай жүйесін құру қажеттілігін
алға қойды. Елде пайдаланатын жерлерді мемлекеттік тіркеу,
есепке алудың бірыңғай жүйесі 1954 жылдың 31 желтоқсанында
қабылданған КСРО МК «КСРО жер қорын бірыңғай мемлекеттік
есепке алу туралы» қаулысынан басталды.
1964 жылы КСРО АШМ нұсқауы бойынша В.В. Докуча-
ев атындағы топырақ институты жерлерді мемлекеттік есеп-
ке алу мүддесі үшін топырақ топтарының жүйелі тізімін жа-
сады. Топырақтардың агроөндірістік қасиеттерін, олардың
тыңайт қыштарда, мелиоративтік шараларға мұқтаждығын, сон-
дай-ақ ауылшаруашылық дақылдары үшін олардың жарам ды-
лығын ескере отырып, барлығы 117 негізгі топтар бөлінген. То-
пы рақтардың топтары бойынша сипаттаумен қатар, алқаптар
эрозиялану, тұздану, сортаңдану, топырақтардың фосфор, калийдің
жыл жымалы түрлерімен қамтамасыз етілуі (100 г топыраққа мил-
лиграмм есебімен) дəрежесі бойынша бөлінеді.
1971 жылы В.В. Докучаев атындағы топырақ институты
топырақтарды бонитеттеу əдістемесін ашқан болатын. Оның
негізінде барлық облыстарда топырақтарды бонитеттеу бойын-
ша əдістемелік нұсқаулар құрастырылды. Бұл нұсқауларға сəйкес
бағалауға топырақ түрлері, сондай-ақ олардың кешендері жата-
ды. Топырақтарды бонитеттеу негізіне олардың табиғи қасиеттері
жəне шығымдылық дəрежесі алынды.
Ауылшаруашылық экономикасының Бүкілодақтық ғылыми-
зерттеу институты ауыл шаруашылық өндірісінің басты құралы
ретінде жерді жалпы бағалау əдістемесін тапты. Бұл əдіспен
Мəскеу, Смоленск, Брянск облыстарында жұмыстар жүргізілген.
Жерлерді бағалау көрсеткіштері ретінде аудан бірлігіне қатысты
өсімдік шаруашылығындағы жалпы өнім мен таза пайда алынған.
Жерлерді бағалауды əр табиғи экономикалық ауданда таңдалған
типті шаруашылық мəліметтері бойынша жүргізу ұсынылған.
Бағалау шкаласы 100 баллдық жүйе бойынша құрылды.
Қазақ ауылшаруашылық экономикасы жəне ұйымдастыру
ғылыми-зерттеу институты жерлерді экономикалық бағалау
көрсеткіші ретінде өзіндік құнды жəне салыстыруға келетін
шығымдылықты алуды ұсынды. Экономикалық бағалау алдын-
да топырақтарды бонитеттеу керек. Соңғының нəтижесінде
физикалық, химиялық, гидрогеологиялық, биологиялық жəне
т.б. табиғи қасиеттері, сондай-ақ олардың қазіргі мəдениелену
жай-күйі бойынша топырақтар агроөндірістік тұрғыда топтасты-
рылады. Бірқатар ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының
жерді үйлестіру факультеттері мамандары жоғарыда айтылған
жұмыстарға үлкен үлес қосты.
Достарыңызбен бөлісу: |