А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет6/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
рег.учет. зем.

1-сурет. Қазақстан Рспубликасының мемлекеттік 
жер кадастрының құрамы жəне мазмұны
Қарап отырсақ, жер кадастрының құқықтық байламы негізін 
жер телімдеріне құқықты куəліктейтін құжаттарды беру мен 
кейін тіркеу жəне жер құқығына қатысты барлық мəліметтерді 
тұрақты өзгертуді пайдалануда оның бөлінуін, бөлінбеуін, 
шектеуін, сервитут сияқты ауыртпалықтарды анықтаудың да 
маңызы зор. Осы байламға құқықтық механизм қолданатын 
мемлекеттік мүддесіне жер телімдерін бөліп беруді, алып қоюды 
келісімдеу немесе сот шешімі бойынша жүргізілетін жұмыстар 
мен əдістерді де жатқызуға болады. Жер кадастрынан қаржылық 
байламы жер үшін төлем ипотекалық кредиттеу, жер телімдерін 
жəне жерді пайдалану құқығын сату мөлшерін анықтау үшін 
жүргізіледі. 
Жер кадастрының көп функциялық байламы жер телімін си-
паттаушы мəліметтер жиынтығынан (құнарлық, топырақ жəне 
өсімдік жамылғысы, геоморфология, гидрология, орналасуы, 
экологиялық жағдайы жəне т.б.), жерлерді сан жəне сапалық есеп-
ке алудан кадастр ақапаратын жинауын, сақтауын, беруін (жер 
телімдерінің, кварталдардың, аудандардың, қалалардың, облыс-
тардың, республиканың электрондық карталарымен қоса) қам-
тамасыз ететін автоматтандырылған жүйені жүргізуден, жер тура-
лы есеп жасау жəне есеп беруден тұрады. 
Қазақстан Республикасында қалыптасып жатқан мемлекеттік 
жер кадастрының жаңа құрылымын біздің ұсынуымыз бойынша 


25
осылай сипаттау жер-кадастрлық жұмыстарының шаруашылық 
маңыздылығын, күрделілігін, қомақтылығын, сондай-ақ кадас-
трды мемлекет басшылығымен жүргізу қажеттігін əдістемелік 
тұрғыдан дұрыс көрсетуге мүмкіндік берді. 
Сонымен қатар мемлекеттік жер кадастры құрылымының жаңа 
сызбасы қазір Қазақстанда дамып келе жатқан жер кадастр жүйесі 
бұрынғы КСРО жүйесіндегі жер кадастрынан түбегейлі басқа 
екендігін айқындайды. Оның ең басты ерекшелігі, айырмашалығы 
– кадастрдың құқықтық жəне қаржылық байламдары мəндерінің, 
қызметтерінің өсуі. Бұл жағдай халық шаруашылығының барлық 
салаларына нарықтық қатынастардың еңгізілуіне байланысты 
бір айырмашылық – жер кадастрының барлық байламдарын-
да ғарыштық, аэротүсіру негізінде жер мониторингісін жүргізу, 
жер кадастрында автоматтандырылған ақпарат жүйесін қолдану, 
жетілген өлшеуші, талдаушы аспаптар, жаңа техникалық құралдар, 
технологиялар қолданып, барлық үдерістерді автоматтандыру. 
1. Жер кадастрының негізгі қағидалары;
2. Жүйесінің бірыңғайлылығы;
3. Мəліметтердің сенімділігі;
4. Мағлұматтардың толықтығы;
5. Үздіксіздігі;
6. Құжаттылығы;
7. Мəліметтердің көрнектілігі, анықтылығы,қол жетерлігі;
8. Үнемділігі;
9. Орталық мемлекеттік басқару.
Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы. Ол бірыңғай жүйе бой-
ынша бірыңғай əдістемелік негізде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай 
мемлекеттік жер қорын табиғи, шаруашылық, құқықтық тұрғыда си-
паттаушы ғылыми негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда ка-
дастр жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның 
құрамдық бөліктерінің мазмұнында жəне жүзеге асыруында; екіншісі 
– жер кадастрын қоюда мəліметтердің мазмұнында оның жеке 
тізбектері (кəсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды алу тəсілінде; 
үшіншіден, жер кадастры құжаттарының төменгі тізбектен бастап, 
жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе 
отырып, бұл жүйе жерлердің жай-күйіндегі жəне пайдаланудың 
аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек. 


26
Жер кадастры мəліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың объек-
тивтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, 
үлестірілуін жəне сапалық жай-күйін дəл айқындауға байланысты. 
Жер кадастрында өндірістік мəселелерді жəне жерлерді пайдала-
нумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің 
табиғи, шаруашылықтық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті 
дəлділікті мағлұматтармен қамтамасыз ететін жер телімдерін 
тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тəсілдерін қолдану керек. Жер-
лер жай-күйіне, пайдалануына байланысты алқаптар бойынша топ-
тастырылады. Мəліметтердің дұрыстығы кадастрлық жерлердің 
нақтылы жер аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына 
сəйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген қазіргі 
түсіру əдістерін қолданғанда ғана орындалады. 
Жер кадастры мағлұматтарының толықтығы. Жерлердің 
табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті 
мəлі мет тердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлық 
мағлұматтардың тəптіштеу дəрежесі жəне оның құжаттарының 
мазмұны жүргізу деңгейіне (аудан, облыс, республика) тəуелді. 
Жер қорының мөлшерлері, жай-күйі, пайдалануы туралы дəл жəне 
толық мəліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр 
жүргізу кезінде нақты пайдаланылуы немесе біреуге табысталуы-
на қарамай есепке алынылуы керек. 
Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық 
өзгерістері кадастрлық құжаттарда есепке алынып жазылады. 
Өзгерістердің түріне байланысты бір мағлұматтар (есепке алу
тіркеу) жүйелі түрде көрсетіліп отырса, басқалары оқтын-оқтын 
жаппай немесе таңдау тəртібімен жаңартылып отырады. Сөйтіп, 
кадастр мəліметтері қазіргі деңгейде ұсталып, оны жүргізудің 
үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. 
Жер кадастрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, 
шаруа шылық, құқықтық жай-күйлері туралы мəліметтерді алу, 
жазу тек қана тиісті құжаттар, мəліметтердың негізінде жүргізілуін 
айтады. Жер телімін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне 
немесе олармен мəліметтер бойынша нотариалды куəландырылған 
құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру жəне 
зерттеу мəліметтерының маңызы өте зор. 
Кадастр мəліметтерінің көрнектілігі, анықтығы, қол жетер-
лігі. Мəліметтерды кадастрлық құжаттарда тиімді жəне ыңғайлы 


27
орналастырумен қатар, əртүрлі картографиялық мəліметтерді, 
кадастрлық ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау жəне беру 
электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диа-
граммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен 
жетіледі. Жер кадастрының мағлұматтары жəне мəліметтері жеке 
жəне заңды тұлғалар телімін əртүрлі шаруашылық, құқықтық 
жəне жерлерді пайдалану, қорғау мəселелерін шешуде қарапайым, 
қол жетерлі болуы тиісті. 
Жер кадастрының үнемділігі – қазіргі өлшеу, зерттеу əдістерін, 
сондай-ақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті 
мағлұматтарды алу жəне оларды қазіргі деңгейде ең аз шығынмен 
ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофототүсіру жəне аэроғарыштық 
түсіру мəліметтерын пайдалану жеріміздің барлық аумағы арқылы 
кең ақпарат бере отырып, қысқа мерзімде жер қорының үлестіруі, 
жай-күйі жəне пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді 
ескеруге мүмкіндік береді.
Жер кадастрын орталық мемлекеттік басқару кадастрлық 
жұмыстарды бірдей əдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының 
жай-күйі, оның пайдалануы туралы салыстырмалы сенімді 
мəліметтерін алуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында 
мемлекеттік жер кадастрын басқару, жүргізу жер қорын басқару 
жөніндегі Агентікке жəне оның территориалдық органдары-
на жүктелген, осы Комитет пайдаланатын, иеленетін жерлерді 
тіркеуді, жерлерді мемлекеттік есепке алуды жəне басқа жер-
кадастрлық жұмыстарды басқарады. 
Ол топырақтық, геоботаникалық зерттеулерді жүргізу, жоспар-
картографиялық мəліметтерды құру, жерлерді тіркеу, есепке алу, 
бағалау бойынша нұсқауларды, əдістемелерді жасап, бекітеді. Ко-
митет жер көлемдерін, олардың санаттар, алқаптар, жер пайдала-
нушылар бойынша үлестірілуі туралы мəліметтерді жүйелендіруді, 
зерттеуді, сақтауды, сондай-ақ қажетті жер кадастрлық құжаттарды 
жарыққа шығаруды қамтамасыз етеді.
Жер кадастрлық жұмыстарды Комитеттің территориалдық 
органдарымен қатар республиканың жерді үйлестіру қызметінің 
əртүрлі кəсіпорындары, ұйымдары жүргізеді. Ал кейбір жұмыс 
түрлерін қазіргі уақытта мемлекеттік емес кадастрлық фирмалар 
мен бюролар орындайды. Осы кəсіпорындар, ұйымдар, мекеме-
лер жылда белгіленген мерзімде тиісті аудан, қала органдарына 


28
белгіленген рəсімде жерлер құрамында болған өзгерістер туралы 
есеп беріп тұрады. Жер кадастрын бүкіл республика масштабында 
орталық басқару мен Комитет жағынан бақылау оның жүйесінің 
жəне əдістемесінің бірлігін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет