А. Б. Молдашев экономика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата21.12.2023
өлшемі0.91 Mb.
#487219
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
рег.учет. зем.

Бақылау сұрақтары:
1. Жерді есепке алудың мақсаттарын, мазмұнын жəне тəртібін кім анықтайды?
2. Жерді есепке алудың мазмұны мен мақсаты.
3. Жерді есепке алудың объектісі.
4. Жерді есепке алу қағидаларын атаңыз.
5. Жерді есепке алу ерекшеліктері мен өзгешеліктері.
6. Жерді инвентаризациялау мақсаты.


47
2.3. Алқаптар бойынша жердің санын
 жəне сапасын есепке алу
Жердің санын есепке алу барысында тек жер қоры катего-
рияларының жалпы ауданын анықтап қоймай, сонымен бірге жер 
алқаптарының түрлері мен түр тармақтары бойынша жер сапа-
сы мен аудандары туралы мағлұматтар алады. Жерді есепке алу, 
жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша 
жүргізіледі. Сонымен,алқаптар бойынша белгілі бір жер клас-
сификациясы қолданылады. Онда ауылшаруашылық алқаптар 
егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайған шабындық, жайылым 
түрлері жəне түр тармақтары бойынша көбірек егжей-тегжейлі 
анықталады.
Ауылшаруашылық алқаптары дегеніміз – ауылшаруашылық 
өнімдерін өндіру үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жер алапта-
ры. Ауылшаруашылық алқаптарына: егістік жерлер, көпжылдық 
екпе ағаштары, тыңайтылған жерлер, шабындық жəне жайылым-
дар жатады.
Егістік жерлерге ауылшаруашылық дақылдар егіліп, жүйелі 
түрде өңделетін жəне пайдаланылатын таза жатқан жерлер жатады.
Тыңайтылған жерге бұрыннан егістікке пайдаланып келген 
жəне бір жылдан көбірек, күзден күзге дейін ауылшаруашылық 
дақылдарын егу үшін пайдаланылмаған жəне сүдігерге дайын-
далмаған жерлер кіреді.
Тыңайтылған жер таза, эрозияға ұшыраған, тұздалған, 
сортаңданған, батпақтанған, бұталанған, орман аралас, тастақты, 
төмпешікті болып бөлінеді.
Көпжылдық екпе ағаштарына жеміс-жидек өнімдерін, 
техникалық немесе дəрілік өнімдер алуға арналған, жасанды 
құрылған ағашты-бұталы көшеттер, иеленген жерлер кіреді. 
Бұлардың құрамына бақ, жүзімдік, жидектік, жемісті питомник 
плантация жатады. Бұлардың аудандары есепке алу барысын-
да төмендегіше бөлінеді: Бақтар аудандары – жеміс жəне жидек 
өндіріп алу үшін құрылған ағашты жəне бұталы көшеттер (екпе 
ағаштары), тұқымды, сүйекті, жаңғақ жемісті, цитрус тұқымдасты, 
субтропикалық жəне басқа тұқымды иеленген жер телімдері; 
Жүзімдіктер ауданы – жүзім өсіру үшін құрылған жүзім 
көшеттері (екпе ағаштары) иеленген жер телімдері;


48
Жидектер аудандары – жеуге жарайтын жидектер беретін, 
мəдени бұталы, жартылай бұталы жəне шөптесін өсімдіктердің 
астында жатқан жер телімдері;
Жемісті питомниктер аудандары – жеміс-жидек дақылдары-
ның көшет мəліметтерін өсіру үшін пайдаланылатын жер телімдері;
Плантация аудандары – арнайы техникалық, дəрілік, азық-
түлік, гүл жəне сəндік дақылдар (шай, құлмақ, тұт, гүлдер, эфир 
майы алынатын өсімдіктер жəне басқалар) өсіру үшін пайдалана-
тын жер телімдері.
Шабындыққа пішен шабу үшін жүйелі түрде пайдаланатын, 
көп жылдық шөптесін өсімдіктер жамылған жерлер жатады. Олар: 
суармалы, құрғақ жəне батпақты болып бөлінеді.
Суармалы жерлер – өсімдіктердің өзгеруіне əсерін тигізетін, 
белгілі бір мерзімде сумен суарылатын, өзен, көл жайылымдарын-
да немесе ойпат жерлерде орналасқан шабындықтар жатады.
Құрғақты жерлер бұл негізінен атмосфералық жауын-ша-
шынмен ылғалданатын, жыралар мен сайлардың жазықтығында, 
баурайларында жəне су айрықтарының жоғарғы элементтерінде 
орналасқан шабындықтар.
Батпақты жерлерге артық сулану жағдайларындағы нашар 
құрғатылатын тегістелген жолақтық аумақтарда немесе батпақ 
шетіндегі жер бедерінің төменгі элементтерінде орналасқан 
шабындықтар жатады. Шабындықтың түрі мен жағдайын 
анықтау барысында ескерілетін маңызды көрсеткіштердің бірі 
– ондағы өсімдіктердің өсіп жетілуінің сапасы мен өзгешелігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет