Бақылау сұрақтары:
1. Кадастр деген сөз нені түсіндіреді?
2. Жер кадастрын жүргізу қажеттілігі қашан пайда болды?
3. Кадастрдың қандай түрлері болады?
4. Жер кадастрының басқа кадастрлардан қандай айырмашылықтары бар?
5. Жердің негізгі қасиеттері.
6. Жерді басқа өндіріс құралдарынан, жылжымайтын мүліктерден қандай
қасиеттері айырады?
7. Жер неге өндірістің мəңгі жəне айырбасталмайтын құралы болып санала-
ды?
8. Жалпы түрде жер кадастрының қандай құралдық бөліктері болады?
16
1.2. Қазақстан Республикасында жер кадастрының
арналуы, міндеттері жəне сипаттамасы
Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған
барлық жер қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық жайы тура-
лы мəліметтер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең
басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекеттің
даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми
негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек.
Осы жағдай адам, материалдық, табиғи қорларын (соның ішінде,
əсіресе, жердің маңызы зор) есепке алу қажеттілігін есептейді.
Жер қорларын ұтымды жəне тиімді пайдалану – маңызды
мəселе. Ол шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс үлес-
тіруді, қоғамға керек ауылшаруашылық өнімді толық алуды,
топырақтың құнарлығын сақтау жəне жүйелі түрде жоғарылатуды
көздейді. Осы мəселені шешу үшін жер кадастрын толық, жоғары
деңгейде жүргізу керек. Ұйымдастыру-шаруашылық қызметін
атқара отырып, мемлекет жер иесі жəне аумақтық басымдылық
құқығын тұтқасы ретінде бірыңғай жер қорын басқаруды жүзеге
асырып, жер кадастрына ерекше мемлекеттік мəн береді.
Кадастр мəліметтері, бірінші кезекте жерді тіркеу мəліметтері
мемлекетпен тек қана жер қорын басқаруды əрі қарай дамыту
мүддесінде емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті
жүзеге асыру, қорғау мақсатында, сондай-ақ жер пайдаланушылар,
иеленушілердің құқықтарын қорғауда қолданады. Сондықтан жер
кадастры мəліметтерінің экономикалықпен қатар, құқықтық та
маңызы зор.
Кадастрлық мəліметтердің көп мəні жерлерді мемлекеттік
жəне қоғамдық қажеттіліктер үшін бөліп беруде аз емес. Халық -
шаруашылық, қоғамдық мүдделер жағынан қарағанда, осы
мақсаттар үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығында пай да-
лануға жарамсыз немесе аз жарамды, сондай-ақ пайдалануға, ие-
ленуге берілмеген жерлерден бөліп берген жөн. Сондықтан осы
мəселелерді шешуде жер қорын пайдалану, үлестіру, оның нақтылы
жай-күйі, сондай-ақ ауылшаруашылық алқаптардың өнімділігі ту-
ралы мəліметтердің керектігі туындайды. Сөйтіп, бұл мəліметтер
жерді бөліп берудің ең қолайлы жолын негіздеу үшін қажет.
17
Мемлекет жерді кəсіпорындарына, мекемелерге, ұйымдарға,
азаматтарға пайдалануға, иеленуге беретіндіктен кадастрлық
мəліметтер жерлердің нысаналы, ұтымды пайдаланылуын,
қорғалуын мемлекеттік тұрғыда бақылауды жүзеге асыру үшін ке-
рек.
Өндірістің дамуымен оның төңірегіне табиғи қордың шо-
ғырлану үлесі өсе береді де, сөйтіп, экономикалық, əлеуметтік,
технологиялық, биологиялық үдерістердің өзара байланысы
күшейе түседі. Өндіріс тек қана материалдық игілік жасаумен
шектелмей, қоршаған ортаны қорғау, табиғатта экологиялық тепе-
теңдігін сақтауы тиіс. Осыған байланысты табиғат қорларын,
соның ішінде жер қорларын қорғау ең бір маңызды мəселе,
сондықтан оған мемлекеттік назар аударылады.
Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтар-
дың құнарлығын арттыру, су жəне жел эрозиясынан, қайта тұз-
данудан, құрғаудан, өнеркəсіп тастандыларымен ластанудан сақтау
жəне жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табы-
лады. Бұл мəселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының са-
палық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы керек.
Жекелеп салық салу мəселесі де жеке табиғи-экономикалық
аймақтар бойынша жердің сапасын есепке алу, бағалау керектігін
талап етеді. Кадастрлық мəліметтер жерлердің жай-күйін жақсарту,
оларды пайдалану бойынша шараларды жоспарлау үшін де керек.
Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын
арттыру бойынша нəтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел
жəне су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруа-
шылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге
асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластанудың, батпақтанудың жəне
басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін үдерістердің алдын
алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асы-
ру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу жəне
есепке алуға негізделеді.
Мысалы, алқаптардың бір түрінен екіншісіне аудару керектігін
негіздеу үшін олардың нақты жай-күйін білу қажет, сондай-ақ
олардың аудандары, кеңістік орналасуы, бедері, топырақтары,
геоботаникалық құрамы, шаруашылық пайдалану жəне т.б. тура-
лы толық мəліметтер болуы қажет. Топырақтардың құнарлығын
18
төмендетпеу үшін, оларды қорғау мақсатында мемлекет жақсарту
жұмыстарын, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, суару, екпе ор-
ман салу, эрозияға қарсы шараларды толық аумақта жүргізу үшін
қаржы-қаражат іздестіруге міндетті.
Жер кадастрының шаруашылық əрекетті талдау, ауыл шаруа-
шылық кəсіпорындарының жерлерін нəтижелі пайдалануында
көп маңызы бар. Осыған байланысты ауылшаруашылық алқап-
тардың жай-күйін жəне көлемдерін ескеру, олардың өнімділігін
салыстырмалы бағалау, жеке дақылдарды өндіру нəти желігіне
қарасты қажеттік пайда болады. Жер кадастры мəлімет терінің
жер салығын, жалға төлем алу шығындарын өтеу жиынтығын
белгілеуде маңызы өте зор.
Сонымен, қазіргі уақытта жер кадастрының міндеттері кəдім-
гідей кең жəне жауапкершілікті. Олар Қазақстан Респуб ликасының
жер қорларын ұтымды жəне нəтижелі пайдалану мемлекеттің жəне
барлық жер пайдаланушылардың мүдделіктерін айқындайды. Бұл
мемлекеттік жер кадастрының шаруашылықық маңызға ие екенін
айғақтайды.
Қазақстандағы жер кадастрының мақсаттары мен арналуы
оның міндеттерін жəне мазмұнын анықтайды. Кадастр жүйесінің
бірлігі, өз кезегінде, қолданатын əдістемелердің біркелкілігін жəне
барлық деңгейде сəйкесті тəртіпте жүргізуін, жеке əр жер телімінен
бастап, жалпы мемлекеттік дəрежеде болғанын қажет етеді. Мемле-
кетке есепке алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мемлекеттік
жоғарғы басқару органдарының міндеті болғандығынан сол орган-
дар жер кадастрының мазмұнын жəне жүргізу тəртібін белгілейді.
Мемлекет жер кадастрының арналуын, міндеттерін, мазмұнын,
құрамдық бөліктерін жəне оны жүргізудің тəртібін анықтайды. Ол
жер кадастрлық мəліметтердің, құжаттың мазмұнын, кадастрлық
есептің рəсімін, жер кадастрына жүргізілетін бақылау жəне
кадастрлық жұмыстарды орындауды, ұйымдастыруды белгілейді.
Жер кадастрының мазмұны жəне оны жүргізудің белгіленген
тəртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік
жер кадастрының объектісі Қазақстан Республикасының барлық
мемлекеттік жер қоры болып саналады. Мемлекеттік жер када-
стры осы қордың толық саны жəне сапалық сипаттамасын беруге
19
жəне жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы
дұрыс, қажетті мəліметтер жиынтығынан тұруға тиіс.
Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы
(06.06.1996 ж. №710) бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақ-
стан Республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы
туралы, жер телімдерінің орналасқан жері, көлемі мен шекарасы,
олардың сапалық сипаты, жер телімдерінің есепке алынуы мен
бағалануы туралы мəліметтердің, өзге де қажетті мəліметтердің
жүйесі болып табылады.
Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың,
биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор,
код, кіру жəне шығу форматтардың бірыңғай мемлекеттік жүйесін
қолдану жолымен ақпаратты өзара сəйкестендіру қағидасын
қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастр мəліметтері топографиялық-геодезиялық, аэро-ға-
рыш тық, картогрфиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық,
топы рақтық, геоботаникалық, бағалаулық жəне басқа зерттеу мен
іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр
мəліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тəртіппен жер
құқық қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шека-
рада бөлінген жер телімі болып табылады.
Бұрынғы КСРО кадастрында есепке алудың негізгі бірлігі
жер пайдалану болды. Қазіргі қабылданған есеп тəртібінің айыр-
машылығы – есепке алудың бірлігіне жер телімін қосу. Бұның
себебі жер реформасын жүргізу нəтижесінде жерді мемлекеттік
заңды тұлғалармен қатар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды
тұлғалар да пайдаланушы жəне иеленуші субъектілері болып сана-
лады. Сонымен қатар жаңа жағдайда басқа есепке алу бірліктерін
қолдануда – жер кадастрлық квартал, жер пайдалану жəне иеле не-
тін жер аудан, облыс деп қолданған дұрыс.
Кадастрда əр жер телімі үшін физикалық сипаттамалары
келтіріледі. Олар телімін кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын,
мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік
береді. Жер телімдері туралы мəліметтер жер кадастрлық карта-
ларда да келтіріледі, оның кадастрлық нөмірі, орны, шекарасы, жа-
зулары айқындалады.
Мəліметтер тиісті əкімшілік аудан деңгейінде жинақталады.
Онда жер телімінің кадастрлық нөмірі, жеке немесе заңды
20
тұлға (жер жер телімінің құқықтық субъектісі) аты, атқарушы
органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысана-
лы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шек-
теу туралы мəліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мəліметтер
меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандары, облыстар, қалалар,
республика бойынша жүйелендіріледі.
«Жер туралы» заңға сəйкес, Қазақстанда мемлекеттік жер када-
стры келесі құрамдық бөліктерден тұрады: жер телімдерін тіркеу,
жерлерді есепке алу, топырақтарды бонитеттеу, жерді бағалау
жəне жер телімдерімен мəміле жасау. Бірыңғай мемлекеттік
жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер телімдерін пайдала-
ну, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай пайдалануы заңда
түрде рəсімделіп, ал жер телімдері белгілі аумақ, жылжымайтын
мүлік ретінде белгілі тəртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметті жер
телімдерін мемлекеттік тіркеуі өткізеді. Оның мəліметтері жердің
белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдала-
нуы үшін негіз болып келеді.
Есепке алуда жер мөлшері, кеңістік орналасуы, сапалық
жай күйі пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы
тіркеу мəліметтері əр нақтылы пайдаланушының, иеленушінің
жер телімінің мөлшерлерін жазу негізін қалайды. Мемлекеттің
бос жерлері олардың орындары бойынша жеке орналасқан жер
массивтері ретінде есепке алынады.
Есепке алуда табиғи қор жəне өндіріс құралы ретінде жердің са-
нымен қатар сапалық көрсеткіштері анықталады. Топырақтардың
табиғи қасиеттері бірдей болмайтындықтан, оларды салыстырма-
лы түрде бағалау қажет болады, былай айтқанда, топырақтарды бо-
нитеттеу керек. Жерлерді тіркеу, есепке алу жөніндегі мəліметтер
жеке телімдердің топырақтарын бонитеттеуде бастапқы ақпарат
болып келеді. Жердің сапасы табиғи факторлармен шектелмей,
экономикалық жағдайларға тəуелді келеді. Сондықтан жерді
өндіріс құралы ретінде экономикалық бағалау керектігі пайда бо-
лады. Осы бағалаудың мəліметтерін тіркеу – есепке алу жəне бони-
теттеу мағлұматтарына сүйенеді.
Тұтас жүйе ретінде жер кадастрының байланысы жəне жүзеге
асыру ізділігі осындай. Өз кезегінде, кадастрдың əр бөлігінің
жүргізілуінің нақты арналуы, мазмұны, белгілі əдістемелері,
21
тəсілдері бар. Оның əр біреуі белгілі жағдайда жеке жүргізілуі
мүмкін. Мысалы, бір кезеңде назарды жер тіркеуге, ал басқа
уақытта – жерлерді есепке алуға көңіл бөледі. Белгілі кезеңде
оларды топырақтарды бонитеттеу жəне жерлерді экономикалық
бағалау мəліметтерімен толықтыру қажеттілігі туады. Орындала-
тын жұмыс аумағына, сипатына байланысты жер кадастры: негізгі
(бірінші), күнделікті (келесі) болып екі түрге бөлінеді.
Негізгі кадастрдың мақсаты – кадастрленетін жер телімі, аудан,
облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы тура-
лы алғашқы мəліметтерді алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы,
сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдалануы, шығындар жəне
т.б. мəліметтерден тұратын құжаттар, мəліметтер жинақталып,
олардың толықтығы дұрысталып талданады. Керек болса толық
жəне сенімді мəліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар
орындалып, мəліметтер түзетіледі. Осы мəліметтер негізінде
мемлекеттік жер кадастры құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.
Сонымен, негізгі кадастр жүргізу нəтижесінде жер қорының
мөлшерлері, олардың негізгі санаттары бойынша үлестіріледі
жəне бағалау туралы мағлұматтар алынады. Негізгі кадастр
жерлерді түсіру, зерттеу, жазу, бағалау бойынша көп аумақты,
қомақты жұмыстарды жүргізумен байланысты. Топырақтық
жəне геоботаникалық зерттеулер ведомстволық бағыныштыққа
қарамай, кадастр талаптары бойынша мемлекеттік бағдарламамен
кəсіпорындарда, ұйымдарда жəне мекемелерде орындалады.
Жерлерді күнделікті есепке алу міндетіне үлестіру, жерлердің
сапалық жай-күйі жəне пайдалануы туралы өзгерістері мəлімет-
терін анықтап, жер кадастрлық құжаттарға түсіру, сондай-ақ жаңа
жер телімдері туралы мəліметтерді жазу кіреді.
Жерді өз еркімен басып алу, беру, құнды алқаптарды құнсыз
түрге аудару сияқты əртүрлі заңсыз əрекеттер жер кадстрлік
құжаттарға түсірілмейді, оларды жою жөнінде шаралар қолданады.
Сонымен, негізгі жəне күнделікті қолданылатын кадастр де жер
қоры туралы мəліметтерді жинаумен шектелмейді, жердің пайда-
лануын дер кезінде бақылауға, мемлекеттік жəне жеке меншікті
қорғауға мүмкіндік береді. Осы екі кадастр арасында байланыс
бар. Негізгі кадастр жер толық сипатталған, күнделікті кадастр
мəліметтерін қолданады. Күнделікті кадастр алғашқыны жаңартып,
22
толықтырып, оның мəліметтерін қазіргі заман деңгейінде жүйелі
ұстап отырады.
Жер кадастрлық құжат мəтіндік жəне жоспарлы-карто-
графиялық болып бөлінеді. Мəтіндік – кітап, жинақ, карточка, тізім,
түсіндірме жазулар түрінде болады. Жоспарлы-картографиялық
құжаттар жер телімдерінің сызба бейнелерін көрсетеді – жоспар-
лар, карталар, картограммалар. Жер кадастрының басқа есепке алу
түрлерінен артықшылығы – оның тек жоспарлы-картографиялық
негізде жүргізілуі. Кадастр үшін керек мəліметтер жоспарлы-
картографиялық мəліметтерде сызба түрінде көрсетілген. Қазақ-
станда жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйеге салы-
нып отыр, барлық мəліметтер компьютерлерге еңгізіліп сақталады.
Бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар жасалын-
ған. Картографиялық мəліметтер да компьютерлерге еңгізіліп,
электрондық жоспар-карта түрінде шығарылады.
Кадастрлық құжат негізгі жəне қосымша деп бөлінеді. Негізгі
құжат рəсімінің тізімін, сол құжаттарға кіретін мəліметтер құра-
мын Жер қорларын басқару Комитеті Қазақстан Республикасы
Үкіметінің бекітуіне ұсыныс жасайды. ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік
жер кадастрын жүргізу тəртібі» туралы қаулысы бойынша негізгі
жер-кадастрлық құжаттарына:
1. Жер телімінің жер-кадастрлық ісі;
2. Ауданның (қаланың) мемлекеттік жер-кадстрлік кітабы.
3. Жер-кадастрлық картасы жатады.
Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде құжаттар жерлердің
барлық санаттары бойынша кадастрлық құжаттарды жүргізу
тəртібін белгілейді. Ол құжаттар – ҚР Үкіметінің қаулысы,
атқарушы органдарының шешімдері.
Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол
мəтіндік құжатқа жатады. Оған қосымша картограммалар, диа-
граммалар, жоспарлы-картографиялық мəліметтер тіркеледі. Жер
кадастрының əр сатысында – жер телімі, кəсіпорын, аудан, облыс,
республикалық мəліметтер бойынша белгілі байланысы бар тиісті
құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлық құжатта негізгі
жер кадастрлық құжатта бар мəліметтерге қосымшалар жəне
түсініктемелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу жəне кадастрлық
құжатты толтыру үшін алғашқы құжаттардың мəліметтері пай-
23
даланылады. Оларға түсіру жəне зерттеу, жоспарларды түзеу
мəліметтері, түгендеу, жерді үйлестіру, орманды үйлестіру, мелио-
рация жəне т.б. мəліметтер жатады.
Жер кадастрының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті
кадастрлық құжаттардың жəне мəліметтердің, жұмыстардың
түрлері:
1. Жер телімдерін тіркеу – заңдық жəне нормативтік құ-
жаттар, жер телімдеріне құқықтарды рəсімдеу жəне табыстау
тəртібі, құжаттардың рəсімі, жерлерді бөліп беру, шекаралар-
ды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, ауыртпалықтарын
жəне пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық
жұмыстар;
2. Жерлерді есепке алу – тіркеу мəліметтері, есепке алу жəне
есеп беру құжаттары, картографиялық мəліметтер, бонитеттеу,
жерлерді бағалау мəліметтері, жер телімдері, санаттары, алқап
түрлері, құқық субъектілері бойынша есепке алуды жүргізу;
3. Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау, топырақтарды
бонитеттеу, жерлерді бағалау əдістемесі, жерлерді есепке
алу мəліметтері, топырақтық геоботаникалық зерттеу, ізденіс
мəліметтері;
4. Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі –
компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту,
кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерін бағдарламамен
қамтасыз ету.
Мемлекеттік жер кадастры төмендегідей құрамдық бөліктерден тұрады:
1. Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
2. Жер телімдерін тіркеу, жерлерді есепке алу (сан жəне сапалық), жерлерді
бағалау (топырақтарды бонитеттеу, жерлерді экономикалық жəне құндық
бағалау)
Қазіргі жер кадастрына оның міндеттерінің күрделігі мен
объектісінің айрықшалығына себептелген көп қызметтігі тəн.
Сондықтан Қазақстан Респубикасының мемлекеттік құрамын
өзара байланысты: құқықтық, қаржылық жəне көп қызметтік
байламдарға бөлуге болады (1-сурет).
24
Мемлекеттік жер кадастры (байламдар)
Құқықтық
Қаржылық
Көп қызметтік
Құқық белгілеудегі құ-
жат тарды рəсімдеу; жер
учасекелерін
тір кеу;
жер телімінің жоспар-
ла рын жəне құжат та-
рын беру; сервитут,
ауырт па лықтар, телі мін
қай тып алу, шығын дар-
ды өтеу
Жерлерді бағалау; база-
лық аймақтау; сату-
сатып алу мəмілелерді
рəсімдеу; ипотека; ке-
піл дікке беру;оларды
рə сімдеу; салық салу;
жалға алу төлемі
Жер телімін есепке алуды,
есеп беруді жүргізу; жер-
лерді сапалық сипат тау;
жер туралы мəлі мет тер-
дің қосынды жүйе сі (то-
пырақ, өсім дік берер,
эко ло гиялық жағдай, ке-
ңіс тік орналасуы).
Достарыңызбен бөлісу: |