А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет115/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   165
Маркетинг (1)

Жабдықтаушылар  компанияны жəне оның бəсекелестерін 
нақты тауарларды немесе қызметтерді өндіруге қажетті материал-
дық ресурстармен қамтамасыз ететін іскер фирмалар мен жеке 
адамдар.
Маркетингтік делдалдар — бұл компанияға тауарларын 
жылжытуға, өткізуге жəне клиенттердің арасында таратуға кө-
мектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, тауар қозғалысын 
ұйымдастыру бойынша маман-фирмалар, маркетингтік қызметтер 
көрсету жөніндегі агенттіктер, несие-қаржы мекемелері жатады.
САУДА ДЕЛДАЛДАРЫ. Сауда делдалдары — компанияға 
клиенттерді табуға немесе (жəне) оларға тауарларды тікелей сатуға 
көмектесетін фирмалар. 
Сауда делдалдары фирмамен салыстырғанда, тапсырыс беру-
шілерге тауарды қолайлы жерде, қолайлы уақытта, қолайлы рəсім-
мен, аз шығынмен сатып алуға көмектеседі. Сатып алу орнының 
қолайлылығын клиенттердің орналасқан жерінде тауар қорларын 
шоғырландыру арқылы делдалдар қамтамасыз етеді. Сатып алу 
уақытының қолайлылығы, мысалы тұтынушылар велосипедтерді 
сатып алуды қалаған мерзімде велосипедтерді көрмеге қою жəне 
сатылымда болуы арқылы жүзеге асырады. Сатып алу рəсімінің 
қолайлылығы тауарды сатумен бірге, оған иелік ету құқығын бірге 
берумен анықталады.
ТАУАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРАТЫН МАМАН-
ФИРМАЛАР. Тауар қозғалысын ұйымдастыратын маман-
фирмалар компанияға шығаратын бұйымдардың қорын ұйым-
дастыруға, оларды өндіру орындарынан белгіленген жерге дейін 
жылжытуға көмектеседі. Қоймалар — бұл тауарлардың белгіленген 
кезекті жерге дейін жинақтылығын жəне сақталуын қамтамасыз 
ететін кəсіпорындар. Көлік фирмаларының қатарына темір жол-
дар, автокөлікпен тасымалдау ұйымдары, əуе желілері, судағы 
жүк көлігі жəне тауардың бір жерден екінші жерге қозғалысын 
ұйымдастыратын көлік өңдеушілер жатады. Фирмаға тасымал 
құны, көлемі, жеткізу жылдамдығы, жүктің сақталуы сияқты фак-
торларды ескере отырып, тиеп-жөнелтудің ең тиімді əдісін таңдап 
алу керек.
МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША АГЕНТ-
ТІКТЕР. Маркетингтік қызметтер көрсету бойынша агенттік-
Жоғары 
басшылық
Қаржы қызметі
ҒЗТКЖ қызметі
Маркетинг 
қызметі
Өндіріс
Бухгалтерия
Материалды-
техникалық 
жабдықтау 
қызметі


184
185
тер — маркетингтік зерттеу фирмалары, жарнамалық агенттіктер, 
жарнама құралдары жөніндегі ұйымдар, маркетинг бойынша 
кеңес беретін фирмалар. Олар компанияға өз тауарларын қажетті 
нарықтарға дəлірек бағыттауға көмектеседі. 
НЕСИЕ-ҚАРЖЫ МЕКЕМЕЛЕРІ. Несие-қаржы мекемелерінің 
қатарына банктер, несие компаниялары, сақтандыру компаниялары 
жəне фирмаға келісімдерді қаржыландыруға немесе (жəне) тауарды 
сату немесе сатып алуға байланысты тəуекелден сақтандыруға 
көмектесетін басқа да мекемелер жатады. 
Клиенттер. Фирмаға өз клиенттерін мұқият зерттеу қажет. 
Фирма клиенттердің бес түрлі нарығына шыға алады. Олардың 
барлығы 7.2.3. суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет