А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет60/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   165
Маркетинг (1)

Нарыққа қатты тереңдеп ену. Біріншіден, өндірісті басқарушы 
мынандай сұраққа қатысты ойланады: «Фирманың негізгі маркалық 
«Суав» сусабыны нарыққа қатты тереңдеп ене ала ма? Яғни, фир-
ма тауардың өзін өзгертпестен, сатушылардың қазіргі мақсатты 
топтары бойынша сатуды өсіре ала ма?» Басқаша айтқанда, фир-
ма қазіргі тауарлармен осы нарықта жұмыс істеуін жалғастырады. 
Бұл жағдайда бірнеше тəсілдерді байқап көруге болады, солардың 
ішінде: «Суав» сусабынының прейскуранттық бағасын төмендету, 
жарнамаға шығындарды көбейту, жарнамалық үндеуді өңдеу, суса-
бынды көптеген дүкендер арқылы тарату, оның дүкен сөрлеріндегі 
көрнекі орналастарылуын қамтамасыз ету жəне т.б. 
Бар тауарлар
Жаңа тауарлар
Бар нарықтар
1. Нарыққа қатты 
тереңдеп ену
3. Тауарды жасау
Жаңа нарықтар
2. Нарық шекарасын 
кеңейту
4. Диверсификация
5.5.5. сурет. Тауар мен нарықты дамыту кестесінің көмегімен 
жаңа нарықтарды айқындау
Нарық шекарасын кеңейту. Екіншіден, «Суав» сусабыны 
өндірісінің басқарушысы оған жаңа нарықтар табуға тырысады. 
Ол демографиялық нарықтарды — кішкентай балалар, мектепке 
дейінгі балалар, жасөспірімдер, жастар, ересек адамдар, қарттар 
нарығын зерттеуге кіріседі. Бұл оған осы топтардың біреуін «Суав-
ты» қолдануға тарту жəне оны өте белсенді түрде сату үшін қажет. 
Содан соң, басқарушы ұйымдар нарығына (денсаулық клубтары
косметикалық кабинеттер, ауруханалар) шолу жасайды. Бұл осы 
Салалық болжам
Əлеуетті өтім 
Күтілетін сыртқы 
орта
Сату болжамы
Фирманың 
күтілетін 
қызметі


102
103
ұйымдар бойынша сату көлемін арттыру мүмкіндігін анықтау 
үшін керек. Одан кейін, географиялық нарықтарға (Францияның, 
Таиландтың, Үндістанның нарықтарына) шолу жасайды. Бұл олар-
ды игеру мүмкіндігін нақтылау үшін қажет. Аталған стратегиялық 
тəсілдер нарық шекарасын кеңейтуге арналған.
Тауарды жасау. Үшіншіден, сусабын өндірісінің басқарушысы 
бар нарықтардың клиенттеріне жаңа тауарлар ұсынуды ойласты-
руы мүмкін. «Суав» сусабынын жаңа орауышпен, жаңа хош иіспен 
немесе жаңа қоспалармен ұсынуға болады. Мұның барлығы — тау-
ар модификациясының ықтимал нұсқалары. Фирма шаш күтімінің 
басқа да құралдарын жасап шығаруы мүмкін. Жаңа тауар ойлап
табылса, қазіргі клиенттерді қызықтыруға болады. Бұл — тауар 
жасаудың стратегиялық тəсілдері.
Диверсификация. Төртіншіден, «Элен Кертис» фирмасының 
құзырында жаңа нарықтарға жаңа тауарларды ұсыну негізіндегі 
диверсификация мүмкіндіктерінің тұтас жиынтығы бар. Оның 
бұрынғы ассортименттерге жəне нарықтарға ешқандай қатысы жоқ 
өндірісті өзінде ашуына немесе сатып алуына болады. Фирма мы-
надай «сəнді» іс-əрекеттер саласына қосыла алады: бейнеойындар 
шығару, мəтіндік ақпаратты өңдеуге арналған құрал-жабдықтар 
өндірісі, дербес компьютерлер өндірісі немесе балабақша ашу. 
Кейбір фирмалар өздері тартымды деп ойлайтын өндірістің қайта 
жаңғырған салаларын айқындауға ұмтылуда. Олардың пікірінше, 
жетістіктің құпиясы — тартымсыз сала аясында экономикалық 
тиімділікке қол жеткізуде емес, қызметтің тартымды салаларына 
енуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет