5.6. Маркетингтік мүмкіндіктерді бағалау
Мүмкіндіктерді айқындау бір басқа да, ал олардың қайсысының
фирмаға сəйкес келетінін анықтау мүлдем басқа мəселе. Біз
фирманың маркетингтік мүмкіндігін келесідей анықтаймыз:
Фирманың маркетингтік мүмкіндігі — нақты фирма
бəсекелестік артықшылықтарға жете алатын маркетингтік күш
салудың тартымды бағыты.
Бұл сұраққа жауапты 5.6. суреттен табуға болады. Маркетингтік
мүмкіндік компанияның мақсаттары мен ресурстарына дəл сəйкес
келуі тиіс.
5.7. Мақсатты нарықтарды ірікте
у
Нарықтық мүмкіндіктерді айқындау жəне бағалау үрдістері
əдетте көптеген жаңа идеяларды тудырады. Фирманың міндеті
көбінесе бірқатар жақсы идеялардың ішінен ең үздігін іріктеп алу,
яғни фирманың мақсаты мен ресурстарына сəйкес келетін идеяны
таңдау болып жатады.
«Элен Кертис» фирмасы нарықтық мүмкіндіктерге бірқатар
бағалау жүргізді жəне ең тартымды нарықтың «бас ауруынға
арналған дəрі» екендігін анықтады.
Бұдан да нақтырақ айтсақ, «Элен Кертис» фирмасы химиялық
заттармен жəне жаңа өндіріске қажетті басқа да материалдармен
жабдықтаушылармен жақсы қарым-қатынас орната алатынына;
дəріні клиенттерге жеткізіп беретін негізгі маркетингтік делдал-
дармен мықты байланысы бар екендігіне, бəсекелестер ұсынатын
осы тəріздес дəрілерден артықшылығы бар бас ауруға арналған
дəріні жасайтындығына сенімді болуы тиіс. Ең соңғысы, фирма
бұл қызмет саласына ену халықтың наразылығын тудырмайтыны-
на сеніммен қарауы керек.
Сонымен қатар, əрбір мүмкіндікті мөлшер жəне нарық сипатта-
масы тұрғысынан зерттеу қажет. Бұл үрдіс төрт кезеңнен тұрады:
сұранысты өлшеу жəне болжау, нарықты сегменттеу, нарықтың
мақсатты сегменттерін іріктеу, тауардың нарықтағы орнын
анықтау.
Сұранысты өлшеу жəне болжау. «Элен Кертис» фирмасы
нарықтың қазіргі көлемін бағалау үшін ондағы сатылатын барлық
тауарларды анықтайды, əрбірінің сатылу көлемін бағалайды.
«Элен Кертистің» мамандары маркетингтік ақпарат бойынша бас
ауруына арналған дəрілер нарығының дамуына əсер ететін барлық
факторлар мен тенденцияларды қарастырып, оның болашағына
байланысты болжам жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |