А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Сегменттеуді жоспарлау сəтті болу үшін тұтынушылар тобы



Pdf көрінісі
бет58/165
Дата01.10.2022
өлшемі2.27 Mb.
#461735
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   165
Маркетинг (1)

Сегменттеуді жоспарлау сəтті болу үшін тұтынушылар тобы 
бес критерийге жауап беруі тиіс:
1. Тұтынушылардың арасында айырмашылық болуы тиіс, 
əйтпесе жалпы маркетинг стратегиясы талап етіледі;
2. Барлық сегмент үшін сəйкес маркетинг жоспарын жасау үшін, 
əр сегменттегі тұтынушылардың арасында жеткілікті ұқсастық 
болуы тиіс;
3. Топтарды құру үшін фирманың тұтынушылардың сипатта-
малары мен қажеттілігін өлшеуге мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл өмір 
салтымен байланысты факторлар үшін қиын болуы мүмкін;
4. Сегменттер сатуды қамтамасыз ету жəне шығындарды жабу 
үшін жеткілікті дəрежеде үлкен болуы тиіс;
5. Сегменттердегі тұтынушылар оңай қолжетерлік болуы тиіс.
5.4. Өткізуді болжау
Фирма өзінің мақсатты нарығын дайындау деңгейіне қарай
өз өнімдері мен қызметтерінің осы нарықтағы қысқа мерзімді 
(бір жылға) жəне ұзақ мерзімді (бес жылға) өтімін болжауға 
тиісті. Өткізуді болжау фирманың айқын анықталған маркетинг 
бағдарламасы негізінде қандай нақты тауарлар мен қызметтерді 
белгіленген тұтынушылар тобына көрсетілген уақыт ішінде 
сатуға дайындалып жатқандығын көрсетеді. Фирма өткізуді 
нақты болжау арқылы даму саласын бөліп қарастыруға, маркетинг 
бюджетін қалыптастыруға, маркетингтік ресурстарды үлестіруге, 
жетістікті өлшеуге, сатудың өнімділігін саралауға, сыртқы ортаны, 
бəсекелестікті бақылауға, маркетинг жоспарын модификациялауға 
қабілетті.
Компания өткізуді бағалау үшін, алдымен салаларға қатысты 
болжамдарды зерттеуге тиісті, себебі, əдетте олар сатуға тікелей 
əсерін тигізеді. Содан соң, фирма үшін сатудың ықтимал мөлшері 
өндіріс пен маркетингтің мүмкіндіктеріне негізделген өтімділіктің 
жоғарғы шегін айқындайды. Осыдан кейін, өткізу болжамы 
сатудың шынайы дəрежесін нақтылайды. Болжам сыртқы ортадағы 
ықтимал жағдайға жəне фирманың қызметіне негізделеді. 5.4.4. 
суретте өткізуді болжау үрдістері көрсетілген.
Өткізуді болжау демографиялық факторларды (жан басына 
шаққандағы табыс көлемі жəне отбасылардың саны), экономикалық
жағдайларды (ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) жəне инфляция секілді 
жағдайлар), бəсекелестіктің жай-күйін (баға мен жарнаманың 
деңгейі), өткен жылғы өтім жəне т.б. құбылмалы мəселелерді есепке 
алуы тиіс. Өткізуді болжау кезінде дəлдік қажет етіледі. Болжам са-
туды жекелеген топтар мен қызметтер (123 үлгі), тұтынушылардың 
жеке топтары (кəмелетке толған əйелдер), уақыттық мерзімдер 
(қаңтардан наурызға дейін) жəне маркетинг жоспарының түрлері 
бойынша бөлуі тиіс.


100
101


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   165




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет