А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)



Pdf көрінісі
бет145/222
Дата02.02.2024
өлшемі7.01 Mb.
#490546
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   222
1679742366435 (2)

1. Құжаттаманы жүргізу. 
Ұйымдастырылған қызмет жоспарлары мен жұмыстарын дайындау мен орындауда
диагностика жүргізуде және оны баспа және электронды түрде рәсімдеуде. Ақпараттық 
технологияны қолданудың маңызды аспектісі педагогтің аттестацияға дайындалуы болып 
табылады. Мұнда құжаттаманы дайындауды да, электронды портфолионы дайындауды да 
қарастыруға болады. 
2. Педагогтің өзін өзі жетілдіру, біліктілігін арттыруы
Ақпараттық қоғамда онлайн-электрондық ресурстар – қай жерде тұратыныңызға қарамастан, 
жаңа әдістемелік идеялар мен оқу құралдарымен, өз тәжірибеңізбен бөлісудің ең ыңғайлы, 
жылдам және заманауи тәсілі. Педагогтің де, баланың да өзін-өзі жетілдіру деңгейін 
арттыратын түрлі педагогикалық жобаларға, қашықтықтан байқауларға, викториналарға, 
олимпиадаларға қатысуға мүмкіндігі бар.[3, 7 б.] 
3. Тәрбиелеу үдерісі; 
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту және тәрбиелеу үдерісіне ақпараттық 
технологияларды енгізудің дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда артықшылықтары бар: 
• 
Ақпараттық технология электрондық оқыту құралдарын қолдануды кеңейтуге 
мүмкіндік береді, өйткені олар ақпаратты жылдамырақ береді. 
• 
Қозғалыс, дыбыс, анимация балалардың назарын ұзақ уақыт бойына аударып, 
олардың оқытылатын материалға деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. 
Материалды тиімді меңгеруге, балалардың есте сақтауын, қиялын, шығармашылығын 
дамытуға ықпал етеді. 


259 
Мектеп жасына дейінгі балалардың көрнекі-бейнелі ойлауын ескере отырып, өте 
маңызды материалды қабылдауға және жақсы есте сақтауға ықпал ететін көрнекілікті 
қамтамасыз етеді. Бұған есте сақтаудың үш түрі кіреді: көру, есту, қозғалыс. 
Слайд-шоу мен бейнеклиптер қоршаған ортадағы сәттерді көрсетуге мүмкіндік береді, 
ал дәстүрлі оқытуда оларды бақылау қиынға соғады: мысалы, гүлдің өсуі, планеталардың 
Күн айналасында айналуы, толқындардың қозғалысы, жаңбыр жаууы т.б. Сондай-ақ 
күнделікті өмірде көрсету мүмкін емес табиғат құбылыстарын имитациялауға болады 
(мысалы, табиғат дыбыстарын жаңғырту; көлік жұмысы және т.б.). 
Ақпараттық технологияларды пайдалану балаларды ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне, 
соның ішінде интернетте өздігінен немесе ата-аналарымен бірге іздеуге ынталандырады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет