Фенолдар
Реактивтер: Фенол, пирокатехин, резорцин, гидрохинон, пирогаллол, темір (III) хлориді, салицил қышқылы, кальций оксиді, натрий гидроксиді, калий иодиді, бром суы, фенол, бензол, калий перманганаты, формальдегид, аммиак, тұз қышқылы.
Фенолдардың ерігіштігін және қышқылдығын анықтау. Фенол, пирокатехин, резорцин, гидрохинон, пирогаллолдың әрқайсысынан бес пробиркаға 0,5 г салып, олардың үстіне 4—5 мл су қосып шайқайды, әрқайсысы әр түрлі мөлшерде еріп, ерімегендері суды сіңіріп алып, сұйықтыққы айналады. Біраз тұрса, қоспа екіге бөлінеді. Қыздырған кезде барлық пробиркадағы қоспалар еріп кетеді, суытса қайтадан ерігіштігі төмендеп, әрқайсысында әр түрлі қабаттар түзеді. Фенолдағы гидроксил тобының санына және тұрған орнына қарай суда ерігіштігі әр түрлі болады. Мысалы, пирогаллол, резорциннің – суда ерігіштігі жақсы, фенол, гидрохинон — суда нашар ериді. Пробиркаларға көк лакмус қағазын батырса, әрқайсысында әр түрлі түске боялады. Фенолдың қанық ерітіндісі, пирогаллол және пирокатехин анық қышқылдық, калғандағының ерітіндісі әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |