А и. жУмадулаева «Органикалық молекулардың функционалдық молекулардың тундыларының химиясы» пәнінен Зертханалық сабақтарды ұйымдастыруға арналған әдістемелік НҰСҚау 5В01503 Химия білім беру бағдарламасы



бет17/45
Дата02.02.2022
өлшемі473.25 Kb.
#455063
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Зертханалық жұмыс

Сульфанил қышқылы

Реактивтер:

Жаңа айдалған анилин 9,3г немесе 9,1мл /0,1моль/, күкірт қышқылы /p = 1836 кг/м3/ 10,1г немесе 5,5мл /0,1моль/, натрий гидроксиді 4г, 2мл тұз қышқылы, активтелген көмір


Жұмыс суырғыш шкафтың ішінде орындалады. Фарфор келісіне 5,5мл концентрлі күкірт қышқылын құйып үстіне бөліп-бөліп тамшылатып 9,1мл анилин құяды. Сонда анилиннің гидросульфаты түзіледі. Түзілген гидросульфатты пестигімен жақсылап араластырғанда ұнтақ затқа айналады. Оны фарфор ыдысқа салып, бетін асбестпен жауып құм жылытқышта 180-190С-та 2-3сағат қыздырғанда құрғақ қатты құйма түзіледі. Реакцияның аяқталғаннан кейін, қоспаны ыстықтай ыдыстан алып фарфор келіге салып ұнтақтап 4г натрий гидроксидінің 40мл судағы ерітіндісінде ерітеді. Ерітіндіні 5минут активтелген көмірмен қайнатып, көмірден сүзіп, фильтратқа қышқылдық реакция /конго қағазымен/ көрсеткенше тұз қышқылын құяды. Қоспаның қышқыл ерітіндісін салқындатқанда сульфанил қышқылы бөлінеді. Бөлінген өнімді Бюхнер воронкасы арқылы сүзіп, ауада кептіреді. Шығымы 11г.

8 Лабораториялық жұмыс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет