Қара қарғаның қанатындай немесе көмірдей жылтыр қара сақалы ба, жалпақ қызыл жүзді, ісінген қалың қызыл қабақты Әзімбай осылайша тор құрып қойып, өзі құрық жонып отыр. Ойының бәрі ішкі тартыс пен тәсілде...Кейде бітік, қысық көздерін төмендете қиғаштап қарап, өз есептеріне сүйснгендей, болымсыз күлімсіреп те қояды. Көз алдына Құнанбайдың үлкен шаңырағына тиісті, мыңға тарта «қан жирен», «құла жирен» сәйгүлктер «біз сендік» деп шұбалып, жон жүндері жылтырап, өтіп-өтіп жатқандай болады (М.Әуезов).
Осы шағын микромәтінде аллитерация түрлері қолданылған. Олардың қолданылуының өзінде ерекшелік бар. Автор аллитерацияны бірде іргелес орналасқан сөздерде қолданса, енді бірде арасына сөз жібере отырып қолданады.
Сөздің мағынасы мен оның дыбыстары арасындағы байланысты анықтауда дыбыстық қайталамалар, дыбысқа еліктеу, дыбыстық символизм, дыбыстық метафора, парономасия, ономатопея сияқты қүбылыстар табиғатын танудың маңызы ерекше. Бүл ұғымдардың мәтін қүрылымындағы қызметін тану мәтінтүзімдегі маңызды мәселелер қатарынан орын алады.
Бір түбірден өрбіген сөздер лингвистикада паронимикалық аттракция құрады. «Паронимия (грек. Para –қасындағы және onuma – есім) – семантикалық ерекшеліктері бар (толық не жартылай) сөздердің (паронимдердің) дыбыстық ұқсастығы» [55, 62]. Паронимиялық аттракция сөйлем сазын келтіру, айтылмақ ойға екпін түсіру, жазушының көңіл-күйін білдіру сияқты стильдік қызметтер атқарады. Сонымен қатар паронимиялық аттракцияның мәтін құрылымына да әсері зор. Кейде ол бір түбірден өрбіген сөздерді қайталай қолдану арқылы ой екпінін сөйлем түбіріне түсіреді.
Мысалы,
Аурусыз жанға айла жоқ,
Аурулы жанға дәрі бар.
Аурусыз адам қайда жоқ,
Аурудың онда бәрі бар (Шәкәрім).
Жағам десең, жауын бағар көзі бол,
Жағынғанда қамқор болған кезі мол.
Достарыңызбен бөлісу: |