Жақсы жерде бір жақсы орын босаса,
Алдыменен ұсынады өзін ол.
(К.Ахметова).
Алдыңғы мысалда бір түбірден тараған сөздердің қайталануы арқылы жасалған паронимиялық аттракция келесісінде бір буынның әртүрлі сөздердің басында қайталанып берілуі түрінде кездеседі.
Ғалым О. Бүркіт паронимиялық аттракция құбылысын бірдей немесе ұқсас дыбыстардың қатысы арқылы жасалғандықтан, дыбыстық қайталамалардың тобына жатқызады [56].
Дыбыстық қайталаманың бұл түрі көп уақыттар бойы әр
түрлі терминдермен аталып келді. Олардың қатарында
парономасия, парономазия, паронимиялық аттракция, малапропизм,
гиперурбаиизм, гетерофемия терминдері бар болатын. Л.В. Минаева мен В.Б. Феденев:
"Парономическая аттракция может использоваться для обозначения паронимов, парономасов и прочих созвучных слов в речи "как родовой термин", а "народная этимология", "парономасия", "малапропизм" и "геторофемия" будут тогда служить для обозначения определенных разновидностей парономической аттракции, то есть термины видовые",— деп, ортақ термин ретінде паронимиялық аттракцияны ұсынады [57].
Паронимиялық аттракпияны қүрайтын сөздердің қүрамындағы дауыссыз дыбыстардың саны мен түрі бірдей болып келуі шарт. Оларда кездесетін дауыстылардың бірдей дәрежеде келуі міндетті емес. Паронимиялық аттракция болу үшін В.П. Григорьев корреляттарда кем дегенде екі дауыссыз дыбыс бірдей позицияда қолдануы керек деп есептейді [58, 64]. Кезінде "дыбыстық қайталама" терминін лингвистикаға енгізген О. Брик дыбыстардың қайталануы үғымын тек дауыссыз дыбыстар жүйесімен ғана байланыстырады. "Сущность повтора заключается в том, что некоторые группы согласных повторяются один или несколько раз, в той или иной последовательности, с различным составом сопутствующих гласных" [56, 60]. О. Бриктің осы анықтамасы дыбыстық қайталамалардан гөрі, паронимиялық аттракцияның табиғатына толық сәйкес келеді.
Паронимиялық аттракцияға кіретін сөздердің қүрамындағы дауыссыз дыбыстардың орналасу позициясы бірдей болуы шарт. Бүл ерекшелік, әсіресе, паронимиялық аттракция параллель қүрылымдар қатарында келгенде анық байқалады.
Паронимиялық аттракдия корреляттары өзара синтаксистік қарым-қатынаста келеді. Ол қарым-қатынас субьект - қимыл, белгі - зат, белгі - қимыл, қимыл - обьект түрінде болады. Сонымен қатар, корреляттар бірыңғай мүше ретінде де келе алады.
Паронимиялық аттракция корреляттары поэтикалық мәтінде бір-бірінен алшақ орналасады. Олардың арасында міндетті түрде басқа сөз келуі шарт. Осындай белгілерден басқа оларға тән ең басты ерекшелік — паронимиялық аттракция корреляттарының семантикалық жағынан жақын болмаса да, стилистикалық түрғыдан бір-біріне жақындасуы.
Паронимиялық аттракцияда дыбыстар белгілі бір орында өлшеммен қайталанады. Екінші сөзбен айтқанда, паронимиялық аттракпия — параллелизмнің фонетикалық деңгейдегі көрінісі.
Паронимиялық аттракция түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де қолданылатын әдістің бірі болып есептеледі. Абай өлеңдеріндегі паронимиялық аттракция қүбылысы проф. Р.Сыздықтың еңбегінде қамтылды. Ғалым осы айшықтың қазақ тілінде бар екендігін айта отырып, оған алғашқы болып анықтама берді: "саргайды жузіміз, сарылды көзіміз — дегендегі көрсетілген сөздердің мағыналарының да логикалық уәжі (мотивировкасы) оларды семантикалық компоненттер қатарына шығарады. Бүндай сәттерді ақын "поэтикалық этимологияға сүйенген я болмаса дыбыстық үқсастықты мағыналық жақындыққа үластырған деп қарау керек. Бүл амалды ғылымда паронимиялық аттракция деп атайды" [58,65]. Паронимиялық аттракция тек Абай өлеңдерінде ғана кездеспейді, оның қолданысын Абайдан кейінгі ақындар поэзиясынан да кездестіруге болады.
Сақтай гөр, Тәңірім,
Достардың сайтандарынан,
Сақтай гөр, Тәңірім,
Көршінің сайқалдарынан.
Сақтай гөр, Тәңірім,
Қасқырдан бетер қанқумар,
Жендеттей жебір
Көршінің сойқандарынан.
( Әбділда )
Осы шумақта қайталамалардың бірнеше түрі кездеседі. Бүл микромәтінде анафора да, аллитерация да бар. Автор үйқасты паронимиялық аттракпия болып түрған сайтан, сайқал, сойқан сөздерінен қүраған. Бүл сөздер дәл осы шумақта бір-біріне семантикалық түрғыдан жақын, мағыналас сөзге айналып кеткен. Бүл — паронимиялық аттракцияның негізгі белгісі. Паронимиялық аттракция, бір жағынан, поэтикалық этимологияға жақын болып келсе, екінші жағынан аллитерацияға үқсас болады. В.П. Григорьев осы екі арадағы айырмашылықты айыру өте қиын деп есептейді [58, 265]. О.И.Северская паронимиялық аттракцияны фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік сипатта қолданылатын қүрал ретінде алады [56,12]. Н. Вольская паронимиялық аттракцияның тілдің барлық деңгейінде қолданыла алатын ерекшелігін ескере отырып, оны кешенді дыбыстық қайталама түріне жатқызады [56, 52 ]. Осының барлығы паронимиялық аттракцияның күрделі тілдік қүбылыс екендігін көрсетеді.
Паронимиялық аттракцияның алғаш қолданылған жері поэтикалық шығармалар болса да, олар қазіргі кезде көркем проза тілінде де өнімді қолданылып отыр. О баста ассонанс та, аллитерация да поэтикалық шығармалар тілінде қолданылатын тәсіл деп есептеліп келсе, бүл фигуралар да қазіргі қазақ қарасөзінде жиі кездесетін, өнімді қолданыс табатын көркемдеу тәсіліне айналып отыр. Мысалы,
Алайда Ораз Мұхамедті таңырқатқан – орыс сұлуының көзі еді. Көкпеңбек көк тұнық. Мұң тұнған түпсіз мөлдір. Көк көз мұншама сұлу болады деп бұрын ойламаған (М.Мағауин).
Мынау – ақ патшаның жауы.
Анау – ханға қарсы қылмыскер.
Мынау – елді бұзған бұзық.
Анау – жерді құртқан қарақшы(М.Мағауин)
дыбыстық қайталаулардың басқа түрі сияқты айшықтау, көркемдей мақсатында ғана қолданылмайды. Көркем мәтінде ырғақ, ұйқас тудырып, мәтіннің құрылымдық композициясына қызмет етеді.
Мысалы, Қараша үй де, қара көк аспан да, қарауытқан тау мен қара барқын орман да – бәрі-бәрі бір сәт ұйықтап кетеді (О.Бөкей).
Берілген үзіндідегі қара түбір сөзінің түбірлес сөздер құрамында қайталанып келу арқылы мәтіндегі астарлы ой беріледі. Қара сөзі символдық мағынада қолданылып мәтін астарын беруге қызмет етеді.
Сонымен қатар, ұқсас дыбыстардың белгілі бір позицияда
өлшеммен қайталануы нәтижесінде сөздердің
семантизациялануына (мағына жақындығы) себепші болады.
Достарыңызбен бөлісу: |